Дәріс Тақырыбы: Ақпараттық технологиялардың негізгі түсініктері. Пәнге кіріспе. Жоспары


Ақпараттық технологиялардың түрлері



бет3/3
Дата03.05.2024
өлшемі215,32 Kb.
#201710
1   2   3
Байланысты:
188010.pptx

Ақпараттық технологиялардың түрлері
Ақпараттық технология сапасы үш негізгі құрамдас бөлік мінездемелерімен анықталады:
• Аппараттық құралдар (компьютерлер, переферилі құрылғылар, арнайы жабдықтау, желі және басқа коммуникация құралдарының техникалық мінездемелері)
• Бағдарламалық жабдықтау (желілік және локальдық амалдық жүйелер, құрал-саймандық бағдарламалық құралдар, қолданбалы бағдарламалар)
• Ақпараттың ерекшелігі (алу көздері және құралдары, көлемдері, берілу формалары т.б.).
Ақпараттардың түрлеріне байланысты ақпараттық технологиялардың (АТ) сыныптамасына келер болсақ:
  • Жабдықтау АТ – тапсырыстарды шешу барысында әр түрлі заттың облысында қолданылатын жабдықтардын ақпараттарды өңдеу технологиялары. Жабдықтайтын ақпараттық технологиялар типі есептер класына байланысты сипатталады. Әрине, олар компьютерге, бағдарламалық ортаға байланысты. Сондықтан оларды стандартты интернетке келтіру қажет.

  • Атқарымдық АТ – пәндік технологиялардың қандай да бір түрінің орындалуына байланысты жабдықтайтын ақпараттық технологиялардың модификациясы. Мысалы: банктің несие беру бөлімінің қызметкері өз жұмысында ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін пайдаланады. Оның жұмыстары: несие алушының төлеу мүмкіндігіне бағасын беру, несие шартын құру, төлем төлеу кестесін құру және т.б. Бұл аталған іс-әрекеттерге ақпараттық технологиялардың МҚБЖ, мәтіндік процессор, кестелік процессор, графикалық процессор және т.б. қолданады.

Қоғамды ақпараттандыру
Қоғамды ақпараттандыру – өндірістік қоғамның ақпараттық қоғамға өтуін қамтамасыз етеді, осындай үрдісте ақпарат экономикада басты орын алады және қоғамда маңызды стратегиялық ресурс болып есептеледі.
Қоғамды ақпараттандырудың негізгі мақсаты – барлық қызмет саласын ақпараттық қажеттіліктермен толық қанағаттандыру болып табылады. Осының нәтижесінде қоғам өмірі жақсарып, қоғамдық өндіріс нәтижесі жоғарлайды және қоғамда тұрақты әлеуметтік жағдай жақсарады, ғылым, мәдениет және білім қорлары дами түседі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет