Туғанан 2,5 – 3 айға дейінгі кезең. Өмірінің алғашқы үш айында баланың өсіп, дамуын айқындайтын нәрсе көру, есту және эмоциялық реакциялар болып табылады. Олар активті сергектікті қалыптастыруға мүмкіндік береді, баланың сенсорлық дамуын қамтамасыз етеді, оның айналасындағыны бағдарлау өрісін кеңейтеді, қол қимылын, ал кейіннен жалпы қимылдың дамуына көмектеседі. Баланың көңілінің хоштығына орай оның физиологиялық процестері ( тыныс алу, қан айналымы, ас қорыту) жақсарады, жалпы активтігі күшейеді
Бала шартсыз рефлекстердің дайын жүйесімен бірге туады, олар оның сыртқы ортаға бейімделуін ішінара қамтамасыз етеді. Бұлар – бағдарлау, тамақ ішу, көру, есту және басқа рефлекстер. Тамақ істеудегі шартсыз рефлекстер ерін, ауыз іші тітіркеген жағдайда ему қимылының пайда болуынан, тамақты жұта білуден т.б.с. байқалады. Көру мен есту сезімдерінің негізгі рефлекстері өткір жарық түскенде көзін жұма қоюдан, оқыс естілген дыбыстан селк етуден көрінеді. Есту сезімінің кейбір рефлекстері тумасынан болады, мысалы, тербеткен кезде бала тынышталады, көңілі жай болады. Жаңа туған нәрестенің ұйқысымен ояу жүретін кезінің арасында айтарлықтай күрт шек болмайды: тәуліктің 80% ол ұйықтайды, оянған кезде мазасызданады. Жаңа туған нәрестенің қимылы тәртіптелген. Тіпті ұйықтап жатқан уақытында да ол импульстік қимылдар жасайды. Нәрестенің қолы мен аяғы бүгіліп, кеудесіне тығылып жатады, себебі оның бүгілгіш бұлшық еттері әзірше жеткіліксіз дамыған
Нәрестелік кезеңнің ең маңыздысы көру мен есту анализаторларының дамыту болып табылады. Бұл шақта бала әзірше заттарға ұзақ қарап тұра алмайды, егер оның көзін алдында басқа тітіркендіргіштер болмаса, ол затты оңай көретін болады. Сондықтан баланың бірінші айлығында оған түрлі түсті сылдырлақты көрсете бермей, ашық бояулы бір ойыншықты көрсету керек.
Дұрыс тәрбиелеу жағдайында нәрестелік кезеңнің соңында белгілі бір затқа көзін қадау, назарын аудару, дыбысқа құлағын түру қабілеті дамиды. Сонымен бірге көздің конвергенциясы да – екі көздің көру өсін затқа қадау қабілеті қалыптасады. 2 – 3 айлығында балалар орнынан жылжып бара жатқан затқа көз алдында болвп жатқан нәрсенің бәріне нзар аударып бақылауға дағдыланады, көрінбесе де дыбыс шығарады, мысалы, дыбыс естілген жаққа басын бұрады.
Өмірінің алғашқы үш айында сәбидің көру мен есту реакцияларын дамыту мақсатында онымен сыпайы, жылы сөйлеседі, ересек адамның бетінен бәрін түсінеді; жылтырауық ойыншықты көрсетеді, орнынан жылжып бара жатқан затты бақылау үшін оны баланың көз алдына ақырын қозғалтады. Әдетте балалар манежде оянады, манеждің бас жағына баланың көзінен 40 - 60см биіктікте жалтырауық түсті үлкен сылдырмақтар іліп қояды. Бала бақылап үйренуі үшін ойыншықты дүркін – дүркін қозғалтып қою керек болады.
Көру мен есту сезімдерін жетілдіру сәбидің көңілді эмоциясын тудырады. Өмірінің алғашқы айларында сәби ересек адамның жылы лебізіне жауап ретінде езу тарта бастайды. Алғашқыда езу тарту сирек те, онша оңайлықпен пайда бола бермейді. 2,5 айлығында сәби енді жиі- жиіезу тартып, ересек адаммен ойыншықты көрген кезде оның жүзінде қуаныш сезімі пайда болады. Сәбидің бұл кездегі қуанышы түрліше ширау комплексі ретінде болады. Ширау комплексінің құрамына бірқатар реакциялар кіреді: эмоциялық реакция - езу тартып жымию, дауыс реакциялар – дыбыстар, қимылдар реакциялары – аяғымен қолдарын қимылдату. Көңілденгенде пайда болатын уіл баланың тілін дамытудың даярлық кезеңі болып табылады.
Баланың алғашқы 2,5 – 3 айлығында қимылдары дами бастайды. Егер бала 4 – 6 апталығында сәбиді ояу кезде қолға алып, арқасынан басын сүйеп тік ұстаса екі айлығынд басын өзі тік ұстап, айналадағыға қаруды үйренеді.
1,5 айлығынан бастап сәбиді етпетінен жатқызып үйрету керек. Осы мақсатпен тамақтандырудан бұрын немесе ұйықтар алдында сәбиді етпетінен жатқызады, жайлап арқасын сипайды. Үш айына қарай енді ол қолымен тіреумен, басын жоғары көтеріп, етпетінен жақсы жатады. Бұл қалыпта болу тыныс алу қимылдарының, қан айналымының жақсаруыа сондай – ақ еңбектеуге даярлық үшін пайдалы. Басын тік ұстап тұра алатын сәбидің аяқтары манежге немесе столға тиіп аяғымен билеп тұратындай етіп оны тұрғызып ұстайды.