Дәріс тақырыбы: Бір жастағы балаларды тәрбиелеу


-10 айдан бір жасқа дейінгі кезең



бет5/5
Дата07.02.2022
өлшемі28,3 Kb.
#82563
1   2   3   4   5
Байланысты:
4 daris мдп

9-10 айдан бір жасқа дейінгі кезең
Балаларлың психыкалық дамуы үшін жылдың соңғы ширегінде қалыптасатын іскерліктің үлкен маңызы бар.Бұл іскерлік дегеніміз, өз бетінше жүру, ойыншықтармен мақсатты шұғылдану, үлкен адамның іс-әрекеті мен сөзіне еліктеу.
Манеждің жиегінен ұстай отырып тұра білуді, нық тұруды, жүре бастауды дамыту, еңбектеу процесінде сүйек- бұлшық ет жүйесінің нығаюы, баланың жүріп кетуінің алғашқы баспалдақтары болып табылады.9-10 айлығында барьерден шығуға үйренген сәбилер аттай бастайды, шарбақтан ұстап тұрып, төмпешікке шығады:11 айлығында тәрбиешінің бір қолынан ұстаған қалпында көптеген сәбилер өз бетімен тұрады, өз бетімен жүреді.1 жасқа толғанда өзі тәуелсіз жүреді.Өз бетінше жүру сәбидің қолын босатады, мұның өзі заттармен іс-әрекет жасау,өрісі кеңейтуге жағдай туғызады, айналасындағылармен танысуға мүмкіндік көбейеді.Сәбиді жүруге дер кезінде үйрету,оның денесі мен ақыл-ой жағына дұрыс дамуы үшін қажет.
9-12 айлығында сәби өзге балалардың істеген ісін қызықтайды. Ол кейде олармен үн қатысады, жымияды, кездейсоқ бірге ойнап кетуі де мүмкін. Бірақ бұл жаста өзара теріс қарым-қатынастар да жиі байқалады, әдетте мұндай қылықтар басқа баланың қолында тұрған ойыншықты алғысы келгенде пайда болады.Ғалымдар ( Н. М. Щелованов, Н. М. Аксарина және басқалар) өмірінің алғашқы жылындағы баланың әр жас шағында өсу кезеңіне арналған туылғаннан 2,5-3 айға дейін, 2,5-3 айдан 5-6 айға дейін, 5-6 айдан 9-10 айға дейін бір жас 2-3 айға дейінгі күн режимін талдап, ғылыми жағынан негіздеді! Баланың серігу, ұйықтау, тамақтану жөніндегі табиғи қажеттілігі неғұрлым тиімді түрде жүйелікпен қанағаттандыру белгіленген. Тамақтану ұйқыдан соң, ал серігу тамақтанудан кейін болуы қажет. Ұйқысы қанған бала әдетте тамақты жақсы ішеді, ал тойған бала сергек жүреді, мұның бәрі оның жақсы өсуіне көмектеседі. Күн режимін белгілегенде балалардың жас шамасын ғана емес, жеке-дара ерекшеліктерін ескеру қажет.
Өмірінің бірінші жылында бала жеке-дара қызмет көрсету және үйретуді қажет етеді, сондықтан топты жас кезеңдері түрлі кем дегенде екі түрлі, балалармен толықтыру керек, олардың бірі ұйықтағанда , екіншісі сергиді. Бұл әр балаға көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Бір жасқа шығатын балалар тобының үйі серігуге арналған бөлмеден және ұйықтауға арналған верандадан тұруға тиіс. Кішкентай балалар серуендемейтіндіктен олардың ұйықтауы ашық ауада ұйымдастырылуға тиіс. Веранда ояу жүрген балалардың сол кезде ұйықтап жатқандардың тыныштығын бұзбауы үшін де, күн режимін сақтау үшін де қажет.
Режимді жүйелі түрде орындап отырған жағдайда 2-3 айлығында сәби оған дағдыланады, яғни белгілі бір уақытта ұйықтап, оянады, тамақты тәбеті шауып ішеді,мжайдары сергиді, қатты ұйықтайды.Сәбилерді оянуына қарай тамақтандырады.
Балаларды ықыласпен тамақтануға қалыптастыру маңызды. Бұл үшін баланы шамасынан келетін активті іс-әрекетке үйретеді: 3,5-4 айлығынан бастап оның қолын кішкене шыны шөлмекке апарып тигізеді, оны ұстауға жаттықтырады, 7-8 айлығынан баланы нанның қабығын жеуге 10 айлығынан бастап ыдысты қолымен ұстауға, бір жасқа толғанда ыдыстан өз бетінше тамақ ішуге үйретеді. Тамақ ішуге үлкендердің сөздері де жақсы әсер етеді. Ол тамақтың атын атайды, баладан нанды тістеуді, аузын ашуды және т.б. сұрайды.7-8 айлығына дейін бала ересек адам қолында тамақтандырылады.
Отыратын балаларды екі-екіден жылжымалы крейслосы бар биік қималы стол басына отырғызып тамақтандырады.Балаларды ұйықтауға жатқызғанда және ұйқыдан оятқанда жеке-дара қарау тәртібін сақтау керек. Бірінші кезекте тез шаршап қалатын балаларды, соң бірден ұйықтап кете қоймайтындарды жатқызады; алғашқыларды жатқызғаннан кейін, екіншілерге көбірек көңіл бөледі болады. Балалар бір мезетте оянбау үшін күндіз ұйықтауға 20-30 минуттай уақыт бөліп, асықпай жатқызу керек. Балаларды ұйқыдан кейін оянуына қарай, бірте-бірте тұрғызу керек. Барлығын бір мезгілде тұрғызуға болмайды. Мұндай жағдайда балалардың балалардың тамақ ішуді күтуіне тура келеді. Оянған әр баланы қажетті туалеттен соң дереу тамақтандырады. Ұйқыдан кейін және күні бойы киіндіру әрекеті баламен қарым-қатынас жасауға, оның қимылдарын дамытуға, сөзді түсінуге және активті сөйлесуге қалыптастыру үшін пайдаланылады.
Баланың ояу кезінде киетін киімдері алды ашық көйлек, шолақ жеңді көйлек, ползункалар болады; 8 айдан кейін ползункалар комбинезонмен алмастырылады, баланың аяғына жылы носки немесе бәтеңке кигізеді.Бала өз бетінше отырып үйренген уақытынан, яғни 8-9 айлығынан бастап оны жинақылыққа үйрете бастау керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет