Дәріс тақырыбы: Бір жастағы балаларды тәрбиелеу


,5 – 3 айдан 5 – 6 айға дейінгі кезең



бет3/5
Дата07.02.2022
өлшемі28,3 Kb.
#82563
1   2   3   4   5
Байланысты:
4 daris мдп

2,5 – 3 айдан 5 – 6 айға дейінгі кезең. Бұл жастағы сәбилердің көру , есту және дауыс реакциялары жетіледі, қолымен нәрсені шап беріп ұстау, еңбектеуге әзірлік қимылдары пайда болып дамиды. Мұның бәрі баланығһң бір қалыпты көңілді жүруіне үлкендерге бауыр басуына, келешекте әр түрлі іс – әрекетпен негізгі қимылдардың қалыптасуына қызмет етеді.
Бұл кезеңде баланың психикалық дамуына елеулі өзгерістер болады: дыбысты, заттардың түсін, формасын ажырата білуі дамиды. Сыртқы ортадағы заттар мен құбылыстарды ажырата білу, әсіресе үлкен адамдарға деген қарым – қатынастарынан айқын көрінеді. Егер сәбидің дене мүшелері жедел дамыса, онда сәби үш айлығында анасын тани бастайды. Ал алты айлығында таныс адамды көргенде қупнады.
5 – 6 айлығында сәби ересек адамның сөз ырғағын ажырата алады, оның қатулы немесе жайдары дауысына әр түрлі қарайды. Мәселен сәбимен қатулы үнмен сөйлесе қалса, оның жылап жіберуі ықтимал.
Балалардың сыртқы орта тітіркенгіштерін айыра алу қабілетін дамыту үшін түрлі түсті бояумен формалы және түрліше сылдырлайтын ойыншықтарды іріктеп алу керек. Баланы осындай ойыншықтарды қарап көруге олардың шығаратын дыбыстарын тыңдауға, құмарландыра отырып ересектер олардың сенсорлық дамуына көмектеседі.
Көру және есту анализаторларының онан әрі дамуы баланың заттармен манипуляция, улкендермен шүйіркелесіп қарым – қатынас жасау процесінде жүзеге асады.Алайда оның есту сезімі дұрыс дамуы үшін балалар оянған бөлмеде дыбыс естілу(акустика) үшін қолайлы жағдай болуы қажет.Басқа балалардың дауыстап сөйлеуі, айғайлауы,жұмыс істеп тұратын радио қабылдағыш-міне, осының бәрі есту сезімінің дамуына бөгет жасап қана қоймайды, сонымен бірге тілдің шығуын тежейді,нерв жүйесінің қызметін бұзады. Өмірдің алғашқы айларынан бастап ересек адамның ақырын даусын тыңдауға үйренбеген сәби тек қатты шыққан дауысты, екпінді үнді ғана қабылдауға бейімделгіш келеді.
Баланың есту сезімінің,тәуір көңіл-күйінің, артикуляциялық аппараттың(шолақ қайырылатын көмек дыбыстарын айту)дамуы 4-5 айда ыңылдап уілдеудің(дауысты дыбыс а-а-а-ны айту және а-гу буындарын ұштастыра айту), ал 6-7 айда быдырлап сөйлеудің(буындарды қайталау,бір буынды біртіндеп қайталау ба-ба-ба) айда болуына көмектеседі.
Уілдің әндетілген дыбыстың ұзақ уақыт іштен дем шығу арқылы айтылады, оның өзі баланың тілі шығуы үшін дем алудың қалыптасуына себепкер болады.Әдетте былдырлаудың етудің бақылау мен пайда болады, сондықтан іштен саңылау болып туған балада ол жоқ.Баланың уілі мен былдырының шығуының міндетті шарты онымен үлкен адамның жылы шыраймен қарым-қатынас жасауы,соны, өзінде 3-4 айлық сәбилермен тілдескенде ыңылдау әуенімен айтылатын дыбыстарды,ал 5 айлық сәбилермен тілдескенде-сөз буындарын қолданылуы керек. Үлкен адам баламен белгілі мақсатпен тілдесіп,қарым-қатынас жасаған кезде топтағы бүкіл балалардың дыбыс шығару белсенділігін арттыру, олардың сөйлеу даусынан еліктеулері үшін топқа арналған бөлмеде біршама тыныштық орнатылуы тиіс.
Бала тілінің дер кезінде шығуының алғышарты оның басқалармен сөйлесіп,араласуға деген ынтызарлығын қалыптастыру болып табылады.4-6 айлығының өзінде-ақ балалар ересек адамдардың назарын өзіне аудару үшін дыбыс шығару іскелігін пайдаланалы.
Дауыс реакцияларын дамыту жөнінде сабақтарды жеке дара жүргізу керек, даму дәрежесі бірдей 2-3 баланың басын қосуға болады. Сабақта әртүрлі тәсіл бірінен соң бірі пайдалануы мүмкін: эмоционалды сөйлеу қатынасы, жылы сөйлеп отыры ойыншықтарды көрсету,ересек адамның үндемей отыруы, эмоциональды сөйлеу қатынасын қайталау.Баланың әсер алуына мүмкіндік беруі үшін пайдаланған әр тәсіл арасында(шамамен 30 секунд) тыныс жасау керек.Егер тәрбиеші сабақта жылы сөздер айтумен шектелетін болса, оның ұзақтығы 3 минуттан аспауы керек, өйткені бала 1бір сарынды әсерден зерігіп, шаршап кетеді.
6 айлығында сәбилердің қол қимылдары бірте –бірте дамиды. 3-3,5 айлығында сәби алдында төмендеу іліп қойған ойыншыққа әдетте кездейсоқ тап болады. 3,5-4 айларында қол созым жерде ілулі тұрған ойыншыққа шап беріп, ұстап көреді.4,5-5 айларында ересек адамның қолынан ойыншық алады.6 айлығында бала өз еркін алады.
Сәбидің затты алып ұстай білуін қалыптастыру үшін оның алдына шеңгелдеп ұстау ыңғайлы онша үлкен емес ойыншықтарды: шығыршыққа тағылған шарик бар сылдырмақты ілдіріп қояды. Ересек адам баланың 4-4,5 айлығында оған қолдан ойыншық алуды үйретеді.Бұл үшін ол балаға сылдырмақты жақындатады, оған баланың көзқарасын шоғырландырғысы келеді.Баланың белменді қимыл жасауға ынталандыра отырып, сылдырмақты оның алақанына салмау керек.Баланың бүйір жағында ілулі тұрған ойыншықтарды ала білуге, бір меетте екі затты ұстауға жаттықтыруы керек.
Ойыншықтарымен әрекет жасауға үйрету, сәбидің кейбір жалпы қимылдарын дамытуға,шалқасынан жатқанда аунап қырынан түсуге( 4 айлығында), етбетінен (6 айлығында) әсер етеді.Мысалы өзінің бүйіріде тұрған ойыншықтарды өзіне алғысы келген сәби, ересек адамның көмегінсіз немесе сәл көмектесуімен қырынан немесе етбетімен аунап түседі. Аунап түсе білу- бұл бірінші қимыл, сол арқылы сәби ересек адамның көмегісіз өз бетінше қимыл қалпын өзертіп отырады.Бұл іскерлік,сондай-ақ қолдарын тік ұстап, алақанмен жер тіреп отырып етбетінен жата білу (5 айлығында) еңбектеуге әзірлік қимыл болып табылады.Бірінші жарты жылдықтың аяғында екі қолтығынан демеп ұстағанда сәби енді тік тұрады.Бұл өз бетінше жүріп кетуіне алғышарт болып табылады.
Өмірінің алғашқы жарты жылдығынан сәбилердің дер кезінде өсуіне ересек адамның тікелей әсер етуімен бірге ояу жүру жағдайын дұрыс ұйымдастыруда көмектеседі.Бұл жаста сәбилердің активті әрекет жағдайы болуын тәрбиеші қамқорлыққа алады. Ояу кезінде оларды міндетті түрде манежге жатқызады, 5 айлығына дейінгі сәбилер үшін түрлі сылдырмақтар ілініп,содан кейін целулоидпен резинадан жасалған кішкее ойыншықтар манежге салынып қойылады. Ояу кездері манеждегі ойыншықтарды бірнеше рет ауыстыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет