5-6 айдан 9-10 айға дейінгі кезең Бұл кезең үшін еңбектеп жүре бастау,былдырлап сөйлеудің жетілуі,айналадағы ересектердің тілін түсінудің дамуы тән.Баланың активті қозғалысы ретінде еңбектеу келешекте отыруға,отырған жерінен түрегеліп тұруға,қаз басып жүруге көмектеседі.Айналадағы адамдардың тілін түсіну негізінде былдырлаған дыбыстардан баланың мәні бар алғашқы сөздері пайда бола бастайды.
6 жарым - 7 айларында қимылдардың дамуы үшін қолайлы жағдай болса,балалар еңбектей бастайды:орнынан жер бауырлап,еңбектейді,екі қолымен,екі аяғымен бірдей еңбектейді.Еңбектеу бала үшін өте пайдалы,өйткені ол оның сүйек-бұлшық ет жүйесін дамытып,нығайтады,сәбидің айналадағыны бағдарлау өрісін кеңейтуге көмектеседі,баланы тәуелсіздендіреді.
Екінщі жарты жылдықтың басында сәбиді еңбектеуге үйрету үшін оған еркін қимыл жасауға мүмкіндік беру,яғни оны манежге отырғызу керек.Еңбектеуге үйренген сәбилер үшін топ орналасқан бөлмені бір нәрсемен қоршап,еденді жылылау керек.
Сәбиді еңбектеуге үйретуді ересек адам қызықты ойыншық арқылы баулиды.Егер сәбидің алға қарай талпынып жылжуы сәтсіз болса,оның аяғына тірейтін нәрсе қою керек.Мысалы,алақанды тосу керек,сәби оған аяғын тіреп,алға жылжи алады.Егер ересектер еңбектеуді үйренген сәбиге алға жылжуға көмектеспесе,онда ол заттарға жақындамай,қайта олардан алыстап,кейін қарай еңбектейді.
Еңбектеп үйренген сәби өзі отыра бастайды және көп кешікпей нық отыратын болады.Сәбиді 8-9 айлығынан бұрын отыруға үйрету зиянды,өйткені ол оның омыртқасының қисаюына әкеліп соқтыруы мүмкін.Сонымен қатар ерте отырғызу ояу кезінде самарқау,ересек адамдарға тәуелді етеді,себебі мұндай қалыпта домалап кеткен ойыншықты оның өзінің алуына,дене қалпын өзгерту т.б қиынға түседі.
Өмірінің алғашқы жылының екінші жарты жылдығында сәбидің психикалық дамуы заттармен мақсатты бағытталған қимылдың алғышартын қалыптастырумен байланысты.Алғашқыда да сәбиде ересек адамның қимылдарын қайталау ынтызары пайда болады:заттарды шапалақтап,ойыншықты бир қолынан алып екінші қолына салғысы келеді.Мұндай қимылдар жасауға ден қою заттарды қарауға,олардың түсін,формасын,шығаратын дыбыстарын және басқа сапаларын айырып үйренген сәбидің 5-6 айлығында бағдарлау іс-әрекетінің күшеюімен байланысты болады.
Бала үшін басқа да қызықты тітіркендіргіштермен тұрақтандырылатын алуан түрлі әрекеттер сәбиді үйретудің барынша тиімді тәсілдері болып табылады.Мысалы, тәрбиеші сәбиге шарикті қорапқа қалай салуды көрсетеді,оны қалайда дыбыс шығаратындай етіп салуға тиіс.
Мақсатты бағытталып, нәтиже алынатын іс-әрекеттерді игеру сәбиді заттармен неғұрлым күрделі қимылдар жасауға әзірлейді,оның зейінін, есін,көрнекілік-қимылдық ойлауды дамытады,белсенді тәуелсіз етеді.
Екінші жарты жылдықтың басында баланың бойында қимылдарды(талқылау,сермеу сияқты) қайталаумен қатар кейбір дыбыстарды қайталау құштарлығы пайда болады. Бұл құбылыстардың негізіне өз даусының үнін есту ынтазарлығын дамыту жатады.5-6 айлығында көңілді жүрген сәби сөздің түрлі буындарын(мысалы та-та-та) жиі қайталауға үйренеді.Дыбыстарды жиі-жиі қайталай беру өзіне-өзі еліктеудің даму негізіне, алкейін ересек адамның дауыс үніне еліктеу сезімінің даму негізіне жатады.
Сәбидің былдырлауын қалыптастыра отырып, еліктеу бойынша әуелі өзі айтып жүрген таныс, кейіннен ол үшін жаңа, «бөтен» сөз буындарын айтуын үйрету керек. Сәбилермен сөйлескенде дыбысты айқын айту керек және сәби ересек адамның бет жүзін көруін дыбыстардың артикуляциясын үйренген кезде түгендеу ойындар ұйымдастыруға ,яғни жеке балалардың былдырлауын құптап, олардың соңынан дыбыстарды қайталауға болады.
Екінші жарты жылдығында сәбидің тәрбиешімен тығыз қарым-қатынас жасауы оның үлкендердің тілін түсінуін дамытуға жетелейді. Үлкен адамның сөздерін түсіне бастауының белгісі- сәбидің өзіне тән қимыл реакциясын жасау: аты аталған зат тұрған жаққа қарай басын бұру, затты көрсетуді білдіретін ишарат жасау, ересек адам атаған қимылды орындау, мысалы, алақандарын шапалақтау. Осы кезеңнің басында сәби сөзді қандай да бір нақты затпен байланыстырады. Мысалы, «ляля» деген сөзді барлық қуыршаққа емес, тек белгілі бір қуыршаққа қолданады.Бұл сөз әзірге жинақтау қызметіне ие болғанын көрсетеді.Бала өзін қызықтыратын заттардың атын жылдам ұғына бастайды, сондықтан оны сөздің мәнән алғашқы түсінуге үйретуде дыбыс шығаратын түрлі түсті ірі ойыншықтарды, кенеттен ойыншықты жасыра қою, қайтадан көрсету тәсілдерін пайдаланған жөн.
6-7 айлығында сәби «қайда?» (ляля, сағат, әтеш) деген сұраққа жауап беретін затқа басын бұрып қарайтын болады. Егер заттың тұрған жері өзгерсе, сәби оны таба алмай қалады, себебі сөз ол үшін затпен қана байланысты болып қоймайды, сонымен бірге оның тұрған жерімен де байланысты. 9-10 айлығында сәбилер орны ауысқанына қарамастан заттарды іздеп табады.Сондықтан алғашқы кезде заттар белгілі бір жерлерде: сөрелерде, терезе алдында т.б.с. тұруға тиіс. Заттарды сөзбен атай отырып, үлкендер сәбидің оларға қарауына ғана емес, сонымен бірге ұстап көруіне, олардың шығаратын дыбысына құлақ түруге қамқорлық етуге тиіс.Ойыншыққа түйсіктер жұмылдырылса, сәби оның атын соғұрлым тезірек есінде қалдыратын болады.
Былдырлап сөйлей білу, сондай-ақ заттардың атын және әрекетін білдіретін сөздерді тұсіну баланың тілін дамытудың бқдан былайғы бүкіл процесін құудың негізі болып табылады.