Дәріс тақырыбы: «Дайын дәрілік үлгілердің технологиясы және биофармациясы» пәніне кіріспе. Негізгі түсініктер мен



Pdf көрінісі
бет15/24
Дата08.11.2022
өлшемі419,06 Kb.
#157121
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
Байланысты:
db6444aab45c41bd1ed8cb93b656b871

Бұласырлар
(EMPLASTRA) 
дене температурасына 
жеткеннен кейін жұмсарып, теріге жабысуға қабілетті беткі 
қабаттарға пайдалануға арналған дәрілік үлгі. Бұласырлар да 
майлар тәрізді ең ежелгі дәрілік үлгілердің бір түрі. Оларды 
қолдану аймағы кең: а) дененің белгілі бір жерін зиянды әсерден 
қорғау мақсатында, ә) жараның шеттерін жақындату үшін, б) 
терінің 
бетінде 
байламдарды 
қозғалтпай 
ұстау 
үшін 
пайдаланылады. Осындай мақсатта пайдаланатын бұласырды 
эпидерматикалық бұласырлар деп бӛледі.
Сонымен қатар, бұласырларға әртүрлі дәрілік заттарды 
енгізуге болады. Бұл жағдайда бұласырдың терапевтік әсері де 
болады. Мұндай бұласырларды эндерматикалық бұласырлар деп 
бӛледі. Теріден ӛтіп, терең қабаттағы ұлпаларға әсер ететін 
құрамында дәрілік заты бар пластырьларды диадерматикалық деп 
атайды. 
Негізгі әдебиеттер: (1-6). 
Қосымша: (7-13). 
 

Дәріс тақырыбы: 
Ректалды дәрілік үлгілер. 
Медициналық қарындаштар. 
Ректалды мазьдер. 
Қазіргі уақытта ректалды мазьдер тік 
ішектегі локалды үрдістерге әсер ету үшін, дефекацияны жеңілдету 
үшін және кей жағдайда ғана резорбтивті әсер ету үшін қолданады. 
Мұндай мазьдер, әдетте, комбинирленген болады және гидрофобты 
негізде дайындалады. Ректалды мазьдерді дайындау технологиясы 
басқа гидрофобты негіздегі мазьдерді дайындаудан айырмашылығы 
жоқ деуге болады.
Ректалды мазьдердің артықшылықтарына оларды дайындау 
оңайлығы мен негіздің қолжетімділігі жатады. Ал олардың негізгі 
кемшілігі дозалаудың салыстырмалы қиындығы болып табылады.
Ректалды мазьдер үшкіленген қақпағы бар түтікшелерде 
шығарылады. 
Бүкіл ағзаға әсер ететін ректалды мазьдерді қолданудың 
болашағы зор, себебі мұндай жағдайда дәрілік зат тез және оңай 
сіңіріледі. 



20 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет