Дәріс тақырыбы: «Дайын дәрілік үлгілердің технологиясы және биофармациясы» пәніне кіріспе. Негізгі түсініктер мен



Pdf көрінісі
бет20/24
Дата08.11.2022
өлшемі419,06 Kb.
#157121
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
db6444aab45c41bd1ed8cb93b656b871
қазақ тілі нед тап, 9 Лекция-презентация (1), «Иррационал те деулер мен те сіздіктер», 1тапсырма, элект Жұман М, Гаухар Презентация, Тема 6, Тапсырма 3, 3тапсырма, 4 тапсырма, Новый практический курс китайского языка. Учебник. Часть 1 ( PDFDrive ), 14 лекция, срсп 12.03, Гүлдана дүниетану, лекция 4
 
 
Дәріс тақырыбы:
Биофармация – дәрілік үлгілер 
технологиясының негізгі бағыттарының бірі. 
Биофармация
– дәрілік препараттардың ағзаға терапевтік 
әсер 
етуінің 
әр 
түрлі 
факторларға 
(фармацевтикалық, 
биологиялық, т.б.) байланысын зерттейтін ғылым. Қазіргі дәрілік 
үлгілерді дайындау технологиясында биофармация тиімділігі 
жоғары дәрілік препараттарды іздестіру, жасап шығару және 
зерттеудің ғылыми негізі болып табылады.
Американ ғалымдары Леви мен Вагнер биофармацияның 
негізін қалаушылар деп есептеледі. Осы ғалымдардың 
еңбектерінің арқасында «биофармация» ұғымы қабылданған.
Биофармацияның ӛзіне тән ұғымдары бар, солардың 
кейбіреулерімен танысып ӛтейік:
Биологиялық жетімділік 
– ағзаға енгізілген дәрілік заттың 
қажетті орынға дейін жетуіне мүмкіндік беретін күй.
Абсорбция (сіңіру)
– дәрілік заттың қабылданған жерден 
қанайналым жүйесіне ену үрдісі. 
Резорбция
– «абсорбция» сӛзінің синонимі.
Босап шығу жылдамдығының константасы
– дәрілік 
заттың қабылдау орнынан биологиялық мембрана арқылы ағзаға 
ӛту жылдамдығын анықтайтын жалпы константа.
Экскреция (шығару)
– дәрілік заттың қанайналым жүйесінен 
бүйрек арқылы зәр шығару жүйесіне, ӛт пен түкіріктен ішекке, 
тері арқылы сүт және тер бездеріне ӛтуі.
Фармакокинетика
– енгізілген дәрілік зат пен оның 
метаболиттерінің концентрациясының ағзада уақыт бойынша 
ӛзгеруін сипаттау; бұған сіңіру, таралу, биотрансформация және 
элиминация үрдістері кіреді.
Биофармацияның ғылым ретіндегі негізгі мақсаты – жаңа 
дәрілік препараттарды жасап шығаруды және белгілі дәрілік 
препараттардың терапевтік әсерін жоғарылата, ал олардың ағзаға 
зиянды әсерін тӛмендете отырып, жетілдіруді теориялық және 
тәжірибелік тұрғыдан негіздеу. 
Биофармацияның пән ретіндегі мәселелері:


26 

студенттерді технолог-зерттеуші ретінде провизордың 
жұмысын оқыту;

биофармацияның теориялық негіздерін оқыту, жаңа 
дәрілік препаратттар технологиясын және дәрілік 
заттардың құрамын жасап шығаруда зерттеу құрылымын 
таңдауды үйрету; 

дәрілік препараттарды әртүрлі дәрілік үлгілер түрінде 
қолдану барысында биологиялық белсенді заттардың 
фармакокинетикалық үрдістерін болжау; 

экстемпоралды 
дәрілік 
үлгілердің 
оптималды 
технологиясын негіздеудің биофармациялық негіздерін 
қолдану. 
Негізгі әдебиеттер: (1-6). 
Қосымша: (7-13). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет