Дәріс тақырыбы: «Дайын дәрілік үлгілердің технологиясы және биофармациясы» пәніне кіріспе. Негізгі түсініктер мен



Pdf көрінісі
бет21/24
Дата08.11.2022
өлшемі419,06 Kb.
#157121
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
db6444aab45c41bd1ed8cb93b656b871
қазақ тілі нед тап, 9 Лекция-презентация (1), «Иррационал те деулер мен те сіздіктер», 1тапсырма, элект Жұман М, Гаухар Презентация, Тема 6, Тапсырма 3, 3тапсырма, 4 тапсырма, Новый практический курс китайского языка. Учебник. Часть 1 ( PDFDrive ), 14 лекция, срсп 12.03, Гүлдана дүниетану, лекция 4
 

Дәріс тақырыбы
Препараттардың биологиялық 
(физиологиялық) сапалары және оны анықтау тәсілдерін 
өңдеу. 
Дәрілік заттардың сіңірілу үрдістерін мұқият зерттеу 
терапевтік әсерге тӛмендегі факторлардың ерекше әсер ететінін 
кӛрсетті: 
- дәрілік заттың физикалық күйі (бӛлшектердің ӛлшемі, 
кристалдардың пішіні, бӛлшектердің бетінде зарядтың болу-
болмауы, т.б.); 
- дәрілік заттың химиялық табиғаты (тұз, қышқыл, негіз, 
гетероциклдердің саны, эфирлі байланыстар, комплексті 
қосылыстар, т.с.с.); 
- қосалқы заттар, олардың табиғаты, физикалық күйі мен 
мӛлшері; 
- дәрілік үлгінің түрі мен оны енгізу әдісі; 
- фармацевтикалық технология. 
Бұл факторлар 
фармацевтикалық факторлар
деп аталады.
Дәрілік үлгіні таңдауда дәрілік зат пен дәрілік препаратты 
қолдану мақсатын білу маңызды. Мәселен, офтальмологияда кӛз 
тамшылары мен кӛз жабындары пайдаланылады. Дәрілік заттың 
әсері қысқа уақыт аралығына ғана қажет болған жағдайда 
жабындардан гӛрі дәрілік тамшыларды пайдаланған жӛн. 


27 
Мысалы, кӛз қарашығын үлкейту үшін атропин сульфатының 
тамшысын пайдаланады. Ал керісінше, глаукоманы емдеуде 
пилокарпин гидрохлориді кӛз жабындарын қолданған жӛн, 
себебі, бұл жағдайда препаратты тәулігіне 1-2 рет қана енгізуге 
болады, ӛйткені жабындар препараттың әсерін ұзағырақ уақытқа 
дейін сақтайды.
Дәрілік дисперсті жүйелерді дисперстілік дәрежесіне 
байланысты 
гомогенді
және 
гетерогенді
деп бӛледі.
Дәрілік заттың физикалық күйі деген ұғым тӛмендегілерді 
қамтиды: 

дәрілік заттардың ұсатылу дәрежесі немесе дисперстілігі 
(бӛлшектердің ӛлшемі); 

дәрілік заттардың полиморфизмі; 

агрегаттық күйі (аморфтылық, кристалдылық, кристалдың 
пішіні мен сипаты); 

физика-химилық қасиеттері (рН, ерігіштік, оптикалық 
белсенділігі, электрӛткізгіштігі, балқу температурасы); 

дәрілік заттың беттік қасиеттері (беттік керілуі, т.б.). 

тазалық дәрежесі (ластану түрі мен мӛлшері, оның ішінде, 
микроағзалардың, аллергендердің, т.с.с. болуы). 
Экстемпоралды дәрілік үлгілерді дайындауда дәрілік заттың 
биологиялық жетімділігіне оның физикалық күйі, қосымша 
заттарды дұрыс таңдай білу және фармацевтикалық технология 
үлкен әсер етеді. 
Дәрілік затты дәрілік үлгінің құрамына дұрыс енгізу 
провизор-технологтың дәрілік заттың қасиеттерін (әртүрлі 
еріткіштерде ерігіштігін, гидрофобтылығын, т.б.) білуіне 
байланысты болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет