Дәріс тақырыбы Дәріскөлемі



бет2/18
Дата20.10.2023
өлшемі115,56 Kb.
#186974
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Әлеуметтану-дәрістер қысқаша мазмұны

Әлеуметтік білім – теория мен практиканың бірлігінде қалыптасады. Теориялық зерттеулер әлеуметтік болмысты, өмірді жалпы және арнаулы бағыттардың деңгейінде түсіндіріп, оның дамуын және қандай қызмет атқаратынын анықтайды. Оның одан әрі даму заңдарының бағытын, көрінісін белгілеп отырады. Ал, эмпирикалық әлеуметтік зерттеулер – нақтылы құбылыстар мен процестер туралы жаңа мағлұмат, хабарларды алумен байланысты.Ал, бұл мағлұмат, хабарлар статистикалық талдау, нақты әлеуметтік әдістерді қолдану арқылы іске асырылады. Ал теориялық зерттеулер абстрактілі философиялық әдістері арқылы іске асырылады.
Әлеуметтік білімнің құрылымы деп қоғамның әлеуметтік жүйесінің серпінді дамуы, іс-әрекет, қызмет жүргізілуі туралы әр түрлі жиналған фактілерді, ақпараттарды, хабар – мәліметтерді ғылыми дұрыс түсіндіруді және ғылыми ұғымдардың жиынтығының реттелуінің, тәртіпке келтірілуін айтамыз. Әлеуметтік білімнің негізгі құрылымы, тұжырымы, қағида, бағыттары мыналар:
1. Қоғам біртұтас әлеуметтік жүйе. Бұл тұжырым өзінің зерттеу объектісінде қоғамдық қатынастар жүйесін, олардың мазмұның зерттейді.
2. Қоғамның жеке салаларының дамуын, атқаратын қызметі туралы түсініктердің байланысын – экономикалық, саяси, рухани, т. б. салаларын, әр бір салада жеке тұлғаның немесе әлеуметтік топтардың қызметінің әлеуметтік қалыптасу мүмкіндігін зерттейді.
3. Қоғамның әлеуметтік құрылымы немесе жалпы әлеуметтік құрылым туралы білімді қалыптастыру үшін әлеуметтік топтардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани қатынастар жүйесінде алатын орны мен байланысы туралы білімдер болу керек.
4. Саяси әлеуметтануға кіретін алуан түрлі ғылыми түсініктер, ой пікірлер, теориялар. Бұған жататын зерттеу объектілері:
а) әлеуметтік топтардың саяси қатынастар жүйесіндегі алатын орны;
ә) қоғам субъектілерінің әлеуметтік – саяси құқық және бостандықты, тәуелсіздікті алудың жолдары мен тәсілдері туралы;
б) қоғамның саяси жүйесінің құрылымы, қызметі және функциясы туралы;
5. Әлеуметтік институттардың қызметтері туралы ғылыми түсініктер мен қорытындылар;
6. Жеке салаларының және кішігірім жүйесінің қызметтері туралы теория. Оны мынандай объектілерді зерттеу арқылы түсінуге болады: өндірістік ұжымдар, ресми емес топтар мен ұйымдар, адамдар арасындағы кішігірім топтар, жеке тұлғалар, т.б. кіреді.
Әлеуметтік білімнің деңгейлері қоғамдағы құбылыстар мен процестерді терең талдап, кең қорытынды жасау арқылы анықталады. Жоғарыда көрсетілгендей әлеуметтік білімнің үш негізгі деңгейі бар:
а) жалпы әлеуметтану теориясы;
ә) эмпирикалық әлеуметтану;
б) орта деңгей теориялары.
Осыларға сәйкес әлеуметтік зерттеулерді теориялық және эмперикалық зерттеулер деп екіге бөледі.
Әлеуметтану да басқа ғылымдар сияқты, ең алдымен таным функциясын атқарады. Әлеуметтану қандай да бір деңгейде болмасын, ол әруақытта жаңа білімнің, көкжиегін кеңейтіп, оның деңгейі мен дәрежесін өсіріп отырады, қоғамның әлеуметтік даму заңдылықтарын, болашағын ашып береді. Әрине, бағытта іргелі және қолданбалы эмпириканың зерттеу теориялары, тұжырымдамалары оған барынша қызмет етеді.
Әлеуметтанудың атқаратын қызметінің бір ерекшелігі мұнда тұжырым мен іс әруақытта бірлікте болады. Осыдан барып әлеуметтік теория мен тұжырымдамалар көбіне тәжірибелік мәселелерді шешуге бағытталады. Бұл тұрғыдан қарағанда әлеуметтанудың тәжірибелік қызметі алдыңғы қатарға шығып, атқарылатын қызметтің басқа жаңа түрлері белгіленеді. Нақтылы әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің үстінен әлеуметтік бақылауды күшейтуде жаңа ақпараттардың маңызы зор. Ол болмаса әлеуметтік қысым, әлеуметтік дағдарыс және катаклизмдер көбейіп кетуі мүмкін. Көптеген елдерде атқарушы мекемелер мен билік өкілдері, саяси партиялар және алуна түрлі бірліктер өздерінің мақсатты саясаттарын жүргізуде әлеуметтанудың барлық мүмкіншіліктерін пайдаланып отырады. Бұл тұрғыдан алғанда әлеуметтану әлеуметтік бақылау функциясын атқарады. 
Әлеуметтанудың тәжірибелік бағыты – оның әлеуметтік құбылыстар мен процестердің болашақ дамуының бағытын анықтауында. Бұл жерде біз әлеуметтанудың болжайтын қызметін байқаймыз. Еліміздің жаңа,нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты болуы мүмкін кері құбылыстар мен апаттардың болашаққа болжам жасап отыру арқылы ғана алдын алуға болады. Мысалы,
Әлеуметтану қоғамның қай саласында болмасын әлеуметтік даму жоспарын жасау қызметін атқарады. Ал, аймақтық, аудандық, тіпті еңбек ұжымдарының әлеуметтік жоспарларын жасағанда, ол нақтылы әлеуметтік зерттеуден алынған жаңа деректерді, фактілерді, кеңес – ұсыныстарды, т.б. кеңінен пайдаланады.
Әлеуметтану қоғамда идеологиялық функцияны да атқарады. Нақты әлеуметтік зерттеуден алынған нәтижелер қоғамдағы белгілі бір жік немесе топтардың талап – тілегіне, мұң – мұқтажын шешуге, сөйтіп, олардың белгілі бір әлеуметтік мақсатқа жеткізу, сендіру үшін пайдаланылады. Әлеуметтану адамдардың арасындағы қарым – қатынастарды, байланыстарды одан әрі жетілдіріп, олардың сана – сезімдерін, мінез – құлықтарын, тәртібін жақсартады. Сөйтіп ол қоғамдық қатынастарды жетілдіріп, гуманистік функцияны да атқарады.
Әлеуметтануды басқа ғылымдармен байланыстыратын негізгі нәрсе – ол қоғам туралы жалпы ғылым бола отырып, оның жалпы даму заңдарын ашып тұжырымдайды. Ал, қоғамның жалпы даму заңдарына әрбір нақтылы қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сүйенеді.
Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысының екінші түрі, ол адам туралы, оның іс - әрекетін, қызметін оқып үйренудің, оны жан – жақты талдаудың, өлшеудің әдістері мен техникасын тұжырымдап қалыптастырды. Бұлар нақтылы қоғамдық және гуманистік ғылымдарда кеңінен қолданылады.
Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысының үшінші негізгі түрі – ол нақтылы ғылымдармен тығыз жақындасып, байланысу арқылы, ғылыми арнайы тұжырымдық база қалыптастырады. Мысалы, экономика ғылымымен тығыз байланыста болып, экономикалық құбылыс пен процестерге бірігіп зерттеу жүргізудің нәтижесінде әлеуметтік экономиканың арнаулы теориясы жасалды. Құқық ғылымымен бірігіп зерттеу жүргізудің нәтижесінде – құқықтық әлеуметтану; саяси теориямен біріге отырып, саяси әлеуметтану; педагогикамен біріге отырып, педагогикалық әлеуметтану, тәрбие әлеуметтануы; әдебиет, тіл, көркем өнер ғылымдарымен біріге отырып, әдебиет әлеуметтануы, тіл әлеуметтануы, көркемөнер әлеуметтануы, т.б. әлеуметтанудың арнаулы теориялары пайда болды.
Бұл ғылымдардың арнаулы теориялары, басқаша айтқанда, әлеуметтік теориялар немесе орта деңгейдегі теориялар деп аталады. Басқа ғылымдардың әлеуметтанумен тығыз байланысын олардың әрқайсысының әлеуметтанудың ғылыми категорияларын, қағидаларын, заңдарын, нақтылы әдістерін кеңінен пайдалануынан байқаймыз.
Екінші жағынан, әлеуметтану өзінің ой – пікірлерін, теорияларын, тұжырымдамаларын, т.б. толық дәлелдеу және одан әрі дамыту үшін нақтылы ғылымдардың фактілеріне, деректеріне, тұжырымдарына, т.б. сүйенеді, осылар арқылы ол жаңа қортындылар жасап, орын алып отырған қайшылықтарды жұмсарту немесе жою жолдарын, жалпы қоғамның даму тенденцияларын анықтайды. Сөйтіп қоғамды басқарудың тиімділігін арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет