Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі



бет83/139
Дата14.10.2022
өлшемі442,13 Kb.
#152988
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   139
Байланысты:
Қысқаша Дәріс тезистері

Жазбаша сөйлеуде тілдік қатынас мәтін арқылы жанама болады. Жазбаша сөйлеудің ауызшаға қарағанда мазмұны жинақы келеді. Мағынасы нақты, күрделі мағыналық бағдарлама негізінде жүзеге асады. Жазбаша сөйлеу есту мен қабылданатын тілдік дыбыстардың, көрумен танылатын әріптермен адамның тілдік әрекеттерінің күрделі байланысынан тұратын процесс. Осыдан жазбаша сөйлеудің ауызша сөйлеуден икейін пайда болып, әрі осының негізінде қалыптасатынын түсінеміз.Жазбаша сөйлеу - бұл кейде идеографиялық сөз сөйлеу деп атайды. Жазбаша сөз ауызша сөйлеуге қарағанды, ой - пікірді кеңінен, жүйелі, ерікті түрде жеткізеді.
Біреудің дыбысталуынан құлағымызға жеткен сөз ауызша сөйлеу деп аталады.
Диалогтық сөйлеу екі не бірнеше адамдардың тікелей қарым-қатынас жасауы.
Монологтық сөйлеу ұзаққа созылады, ортаға қыстырма сөздер қосылмайды, алдын-ала көп дайындықты талап етеді. Әдетте, бұл кең көлемді, күні бұрын, ой желісіне салынып, қорытылған баян.Монологтық сөз құрылымы күрделі болып, ой толықтығымен көрінеді, баяндалуы бірізді, қатаң логикалық талаптарға бағынады. Монологты сөйлеу - бір адамның өзінің ойын, білімін үзак уақыт жүйелей сабақтай баяндауын айтамыз.
Сөйлеудің қызметі.
Коммуникативті түрдегі сөйлеудің қызметі - сөйлеу арқылы өзінің білімін, қатынасын, сезінуін сыртка шығару. Бүл қызмет дауыстап сөйлеу арқылы жүзеге асады.Сигнификативтік - бүл заттың атауын, қимылды, қалыпты т.б. білдіреді.Экспрессивті қызметі - барынша ашық дауыспен жағымды үнмен ойын айқын білуді айтамыз. Бүны кейде фастенация қызметі дейді.
Сөйлеу негізінен екі қызметті атқарады: 1. коммуникативтік; 2. сигнитивтік. Осы қызметтеріне орай сөз тілдесу құралы және ой мен сананың көріну формасы ретінде табылады. Сөздің негізгі сипаты оның мағынасында, семантикалық мазмұнында екені белгілі.
Баяндалып жатқан сөзді тыңдағанымызда назарымыз оның мәндік мазмұнына аударылады. Адам тілінің әрбір дара сөзі қандай да бір затты өрнектейді, оны аталуы біздің санамызда нақты бір заттың не құбылыстың бейнесі пайда болады. Осымен адам тілі жануарлардың қысқа мерзімді, қылықтық күйін білдіретін аффектік «тілінен» ажыратылады.
Жануарлар тілі ешқашанда нақты бір затты белгілі бір дыбыстық өрнекпен таңбаламайды. Сөздің бұл қызметі- сигнификативтік қызмет деп аталады. Сөздің белгілеу (таңбалау) қызметі нақты ұлт өкілдеріне түсінікті сөздерден құралған тілдің қызметі. Сөйлеудің екінші қызметі- коммуникактивтік өрнектеу құралдары мен ықпал жасау құралдарының бірлігінен орындалады. Өрнекке, яғни дыбыстардың бірігіп, сөз және сөйлем формасына келуінен әлі сөйлем шықпайды, сөйлеу заттық негізі бар мағына болғанда ғана іске асады. Яғни сөйлеудің коммуникативтік функциясы- адамның бір-біріне нақты бір мәліметтер, ойлар, сезімдерді беруді және сол арқылы бір-біріне әсер ету. Адамның нақты сөзінің сөйлеу белгілерінің белгілі бір саны мен күрделілігі түрлі элементтер (дыбыс, буын, сөз, сөйлем) арқылы адамның шексіз түрлі ойларын және сезімдерін білдіруге мүмкіндік береді.
Қолданылуы ең маңызды және әмбебап жүйе болып табылады. Оның негізгі функциялары:

  • Қоғамдық-тарихи тәжірибені сақтау мен ұрпаққа жеткізу;

  • Қарым-қатынастық функциясы.

Сөйлеу механизмінің негізгі топтарын Н.И. Жинкин бойынша атап кететін болсақ:

  1. Сөздерді айтуды бағдарламалау механизмі;

  2. Бағдарлама жоспарының сөйлеудің грамматикалық (синтаксистік)

құрылымына өтуіне байланысты механизм топтары:

    • Сентаксистік конструкцияның грамматикалық болжау механизмі;

    • Сөздердің грамматикалық сипатының құрылымын және есте сақтауын қамтамасыз ететін механизм;

    • Конструкцияның бір түрінен екінші түріне ауысатын механизм (трансформация);

    • Керекті сөзді семантикалық және дыбыстық белгілері бойынша іздестіретін механизмі;

    • Сөз дыбыстарын таңдайтын және моторлық бағдарламалаудың дыбыстармен толықтыру механизмі;

    • Сөздердің нақты дыбысталуын қамтамасыз ететін механизмі / 5; 99/.

Сөз адамның психикалық дамуының, оның жеке тұлға ретінде қалыптасуының үлкен факторы болып табылады. Сөз арқылы адамның санасы, көзқарасы, интеллектуалдық, адамгершіліктік, эстетикалық сезімдері, мінез-құлығы қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет