Сөйлеу афферентациясы: 1. қозғалыстықтық; 2. есту; 3. көру каналдары арқылы өтеді.
Сөйлеу рефлекторлық сипатта болады. Оның милық құрылымын екінші сигнал жүйесі құрайды. Бірақ бірінші сигнал жүйесінің компоненттері кейде дыбысталу түрінде (ауызша сөйлеу), оптикалық сәттерде (жазбаша сөйлеу) әрбір сөйлеу рефлексіне қатысады. Бірақ әрбір адамның сөйлеуінің түрлігімен, ең алдымен әлеуметтік факторымен түсіндіріледі.
3. Альтернативті психология ғылымында сөйлеу және оның ойлауға қатынасын түсіндіру пайда болды. Дәстүр бойынша психология ғылымы тілді белгі ретінде қарастырып, өзінің міндетін оның байланысы мен мәнінің сипатын анықтайды. Ассоциативті психологияда А. Беннің пікірінше «тіл» -зат туралы сөздердің ассоциациялық нәтижесі, яғни, бүл «сөздердің мәнділігі» деп нақты ойын көрсетті. Мүнда тіл мен ойлаудың қатынасы ассоциативтік байланыстар қалыптасуымен түсіндіріледі. Бұған қарсы пікір Вюрцбург мектебімен байланысты.
К. Бюлер сөзге үш функцияны енгізді: «айту», «хабарлау» және «бейнелеу». Алдыңғы екеуінен бейнелеудің айырмашылығы-ол «номинативті» және «символикалық» және сыртқы себептермен анықталмаған.
Қарастырылған альтернативаларды бір - біріне жақындастыруға жасалған қадамдар бірнеше бағыт бойынша жүреді. Олардың бірі ассоциативті психология казіргі заманғы бихевиоризм деңгейіндегі жалғасы ретінде сипатталуы мүмкін. Ойлау өткен тәжірибені ұйымдастыруды жүзеге асыруда міндетті шешу ретінде қарастырылады. Екінші бағыт «гештальтпсихологияны» жалғастырушы болып табылады. Соңғы үшінші бағыт Ж. Пиаже еңбектерінде нақты көрініс табады. Ол ойлауды сыртқы жағдайларға байланыстырып, сол сияқты әсердің жауабын белсенділікке айналдыруға тырысады. Бұл балалардың логикалық операцияларды біртіндеп меңгеру деңгейімен түсіндіріледі. Дегенмен сөйлеу және оның ойлауға қатынасы мәселесіндегі альтернативаларды бір - біріне жақындастыруға жасалған қадамдар нақты көрсетілмеген (1, 6б).
Қазіргі уақытта классикалық механикаға негізделген әлемнің ескі бейнесінің жойылғанына ешкім күмән келтірмейді және оның орнына біртіндеп жаңа ұсыныстар, идеялар келіп жатыр. Танымның пәні ретінде дүние жөніндегі ұстанымдардың өзгеріп, танымның өзі және оның жоғарғы формасы ақыл - ой немесе ойлауды түсінуде өзгеріске ұшырады.
П. Ланжевен ақыл - ойды түсінудің өзгеруіне қазіргі жаратылыстанудың әсерін сипаттай отырып, Аристотельдің шектеулілі логикасын және Кант қорғаған ақыл-ой категориясының қозғалыссыздығын жеңгенін көрсетеді (1,8 бет).
П. Ланжевен статистикалық детерменизм тұрғысынан «ақпарат» түсінігінің ақыл - ойға ыкпалын әділ байланыстырады. Қазіргі жаратылыстану талаптарына жауап беретін ойлауды түсіндіру шындығында ақпаратты қалыптастыру немесе қайта өңдеу көзқарасымен бірлікте. «Ақпарат» түсінігі термодинамика мен статистикалық механикада зерттелген «энтропия» түсінігімен тығыз байланысты. Егер энтропия деп белгісіздік шарасы түсіндірілсе, онда ақпарат белгісіздікті өшіру, тәртіпке келтіру шарасы болады..
Ақпаратты өңдеу көзқарасында ойлауды түсіндіру энтропияның өсуіне қарсы күреспен тығыз бірлікте. Бүл түсіндіруді қабылдай отырып, кез келген ақпаратты өңдеу ақпараттың азаюына алып келетінін, ал қолайлы жағдайда оның сақталатынын естен шығармаған жөн. Бірақ ешкапдай кайта өңдеу ешуақытта ақпараттың санын көбейте алмайды.
А.А. Харкевич бұл көзқараста ақыл - ой тапсырмаларын қарастыра отырып, тапсырманы шешу алғашқы мәліметтерді қалыптастыру жолымен берілмейтінін және тың ақпарат бере алмайтынын көрсетеді.
Ойлауды ақпараттарды қайта өңдеу ретінде түсінуге жақын көзқарасты С.Л. Рубинштейндамытты. Ол кез - келген ақыл - ой тапсырмасы алғашқы мәліметтерді «қайта тұжырымдау» жолымен шешіледі деп көрсетті. Бұл пікірге тікелей сілтемемен Н.В. Шеншев математика және шет тілі сияқты мектеп пәндерін меңгеруінде оқушылардың ойнау процесін өзара салыстырды. Ол бұл екі жағдайда ойлау процесі «алғашқы жағдайдың қалыптасуына сәйкес операциялар» болып табылады деген қортындыға келді (1, 196).