Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Екіншіден, психологияның өз алдына дербес ғылым ретінде



бет8/140
Дата10.12.2022
өлшемі1,58 Mb.
#162230
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   140
Байланысты:
ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ . Психология (электив) (11)

Екіншіден, психологияның өз алдына дербес ғылым ретінде (XIXғ-дың 60-шы ғ.ғ-қазіргі уақытқа дейін) көрінуі өте беріде, яғни 1870 жылдан басталады. Сол жылы неміс ғалымы Вильгельм Вундт (1832-1920) Лейпциг қаласында тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, психикалық құбылыстарды арнаулы құрал-сайман, аспаптардың көмегімен зерттеуге болатындығын дәлелдеп, мұның дербес эксприменттік (тәжірбиелік) ғылым болуына жол ашты.
XIX ғ-дың аяғы XX ғ-дың басында атақты психолог Г.Эббингауз психология тарихына қысқаша және нақты анықтама берген. Ол психология ғылымының зерттеу пәні бойынша психикалық құбылыстардың тарихи даму процестерін қарастырды. Осы көзқарас бойынша психология тарихын шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады: Бірінші кезеңде –психология жан туралы ғылым болып қалыптасады, екіншіден – сана туралы ғылым, үшіншіден –мінез-құлық туралы ғылым, төртіншіден –психика туралы ғылым. Осылардың әрқайсысын нақтырақ қарастырып көрейік
Мұнда бірінші кезеңде психология “жан туралы ғылым” болғандықтан ежелгі замандардан бері, біріншіден психика бейнесі “рух” пен материяның өзара байланысынының жалпы проблемасын шешу барысында да қалыптасты. “Рух” материядан тыс бола ала ма, “жан” денеден бөлек өмір сүре ала ма? Осындай және осы тектес философиялық және идеологиялық проблемаларды талдау барысында психикаға адамдардың қиялында бейнеленетін қасиеттерді басқа қасиеттерге байланысты анықтаса, екінші жағынан нақты осы қасиеті арқылы барша табиғатты мифологиялық тұрғыдан түсіндіруге мүмкіндіктер ашады.
Екінші кезеңде психологияның зерттеу объектісі – сана деп қарастырылып мұнда ұзақ уақыт интроспекция әдістемесі негізгі ғана емес жалғыз психологиялық әдіс болды. Ол екі негізгі бағытпен тұжырымдалады; біріншіден, сана процесі сыртқы бақылау үшін “жабық”, ал екіншіден сана процесі субъектінің өзінде ашылады. Бұл тұжырымдардан сана процесі басқаға түсініксіз нақты адамның өзінде ғана оқылады. Осы интроспекция әдісінің негізін қалаған Дж. Локк. Психология ғылымының дамуы үшін интроспектифті психология айтарлықтай мәнді әсер қалдыра отырып, мынандай теориялар қатарын ұсынды;

Қазіргі психологияда интроспекция ұғымын өзін-өзі бақылау әдістемесі
ретінде қолданылып жүр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет