Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Кәсіби тұрғыдан өзін – өзі анықтау



бет70/105
Дата23.12.2022
өлшемі1,47 Mb.
#164120
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   105
Байланысты:
Психология п ні туралы т сінік ж не оны даму тарихы
ҚҚТФ 15
1. Кәсіби тұрғыдан өзін – өзі анықтау
Кәсіби өзін – өзі анықтау – адамның өз кәсіби қабілеттерінің даму деңгейі мен бағытын ұғынуы. Кәсіби өзін – өзі анықтаудың басты ( ізгі ) мақсаты – адамдағы өз даму келешегін өз бетінше саналы түрде жоспарлауға және оны іскеасыруға деген іштей дайындықтың бірте – бірте қалыптасуы. ( Ізгі мақсат деп аталу себебі бұл мақсатқа қол жеткізу өте сирек кездеседі ).
Кәсіби өзін – өзі анықтаудың міндеттерінің негізгі топтарына ақпаратты-анықтамалық немесе ағартушылық, диагностикалық ( өзін – өзі тануға жәрдемдесу), моральді – эмоциялық ( таңдауда, шешім қабылдауда көмек көрсету) міндеттері жатады. Адам өзі көп жағдайда өзін-өзі кәсіби анықтай алмайды, сондықтан ол кеңесшінің көмегіне жүгінуіне тура келеді. Кеңесші мен клиенттің қатынасы барысында кәсіби өзін – өзі анықтау мәселелерін шешу күрделілігінің мынадай деңгейлері болады:
проблема клиент қатысуынсыз шешіледі – клиент пассивті позицияны ұстанып, таңдау субъекті болмайды;
проблема клиентпенбірлесе отырыпшешіледі – диалог, өзара әрекет, бірлесе жұмыс істеу;
клиенттің өз проблемаларын өз бетінше шешуге дайындығының бірте – бірте қалыптасуы – клиент нағыз субъектке айналады.
Кәсіби өзін – өзі анықтаудың негізгі белгілері:
Формализация – кәсібилік дипломдарда, сертификаттарда, еңбек кітапшасында, еңбек нәтижелерінде және т. б. көрінеді.
Қолайлы жағдайлар – әлеуметтік сұраныс, талапқа сай ұйымдар, құрал – жабдықтар және т. б.
Е. А. Климов кәсіби өзін -өзі анықтаудың гностикалық және практикалық деңгейлерін ажыратып көрсетті:
Гностикалық деңгей дегеніміз сананы және сана сезімді қайта құру.
Практикалық деңгей – адамның әлеуметтік мәртебесінің нақты ( шынайы) өзгеруі.
Жандандырушы әдістеменің басты сипаттамалары:
әдістемеде қаралатын мәселелердің өзіндік маңыздылығы;
көрсетілген әдістеме процедурасына клиенттердің өз еркімен қатысуы;
әрекет жоспарының екіжақтылығы:
бір жағынан – нақты әрекеттер жоспары;
екінші жағынан – ойдан шығарылған әрекеттің жоспары;клиентпен бірлесе отырып кәсіби бағдар проблемаларын қарап шығуды ұйымдастыру. Бұл ұйымдастыру жұмыстың ортақ мақсатын белгілейді, атап көрсетілген проблемалар мен мақсаттарды шешу үшін жалпы әдіс-тәсілдерді қолдануды болжайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет