Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


III. Бесінші қағида: «Жариялылық»



бет8/28
Дата17.01.2023
өлшемі99,62 Kb.
#165755
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
Байланысты:
Дәріс тезистері

III. Бесінші қағида: «Жариялылық».
Бағалаудың талаптары мен тәсілдері оқушыларға алдын-ала хабарлануы керек. Баға жария түрде қойылып, оқушылар өздерінің қандай білімдері және олардың қалайша бағаланытындығын білуі керек. Профессор Д.Хесс «Бұл қағида Америка мектептерінде нағыз төңкеріс жасап, оқыту жүйесін түбегейлі өзгертіп жіберді» дейді.
Мұғалімдер бағалау жүйесін алдын-ала ойластырып, оны оқушыларға жеткізуі керек еді. Бұл жәйт мұғалімдердің артқа шегінуіне жол бермеді, өйткені оқушылар бағалаудың әрбір қағидасы бойынша берілген сұрақтарды мұғалімдердің өзіне де қоя алатын болды. Сол себепті де мұғалімдер бағалаудың барлық қағидаларын қолдануға мәжбүр болды.
Бағалаудың талаптары (критерийлері) мен тәсілдерін белгілеуге оқушылардың өздерін де қатыстыру керек. Мұндай ұстаным бағалауды оқушылардың өзіндік әрекетіне айналдырады.
Сонымен, келесі сұрақтарға жауап беріңіз: Мен оқушыларға «нені» және «қалай» бағалайтындығымды қашан және қалай хабарлаймын? Мен бағалаудың талаптары мен тәсілдерін оқушылармен бірлесе отырып белгілей аламын ба?
Алтыншы қағида: «Қарапайымдылық».
Бағалау процесі мен оның формалары қолданыста қарапайым және ыңғайлы болуы керек. Бағалау талаптарын оқу процесіне біртіндеп, оқушылардың бағалау құралдарын игеру деңгейіне байланысты енгізуге болады. Бағалау мұғалімдер мен оқушылардың секемділігін туғызбау керек.
Бастауыш білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) білім алушының күнделікті өмірі өтетін отбасының, мектеп қоғамдастығының құрылымын, құрамы мен функциясын; адамның ең негізгі әлеуметтік функцияларын; «адам – қоғам» өзара байланысы туралы бастапқы мәліметтерді; «қауіпсіздік», «денсаулық» ұғымдары және олардың басты белгілерін; жеке тұлғаның, отбасының, қауымдастықтардың және тұтас қоғамның ерекшеліктерін және олардың адам өміріндегі маңызы мен атқаратын рөлін; тұтыну тауарларының негізгі түрлерін және олардың құрамын; Қазақстанның тарихы мен географиясы туралы жалпы мәліметті; Қазақстан халқы мен Қазақстан халықтарының негізгі дәстүрлері мен фольклорын; Қазақстанның әлемдегі орны мен рөлін; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін; жалпыадамзаттық құндылықтарды; оң және достық қарым-қатынас жасау қағидаларын, этикет қағидаларын, мектеп оқушысының құқықтары мен міндеттерін, саламатты өмір салтының қағидаларын біледі;
2) адамның сыртқы белгілерінің себептілік шарттылығын; өзінің Қазақстанның жас азаматы ретіндегі және белгілі бір ұлт өкілі ретіндегі өзінің азаматтық болмысын; отбасының, туған жері мен Атамекенінің құндылығын; көпұлтты қазақстандық қоғамның құндылығын; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің маңызын; қоғамдағы адамның адамгершілік мінез-құлық нормаларын; өз өмірінің мектеп өмірімен, ауыл, қала өмірімен, тұтас ел өмірімен тығыз байланыста екендігін; қоғамға қызмет етудің маңыздылығын; әртүрлі тұрғылықты жер түрлерінің функционалдық және құрылымдық ерекшеліктерін; өз ойы мен сөзінің, іс-әрекетінің бір жерден шығуына өз жауапкершілігін; ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың мәнін; адам өміріндегі және қоғам дамуындағы саяхаттардың рөлін; адамның өзін тануы мен өзін дамытудың маңыздылығын; «еңбек», «өзара түсіністік», «өмірге қуанышпен қарау», «қиындыққа мойымау», «мейірімділік», «жомарттық», «кең пейілділік», «патриоттық», «шығармашылық» ұғымдарының мазмұнын және маңыздылығын; саламатты өмір салтын ұстануы керектігін; табиғаттың өмірлік қуат көзі ретіндегі мәнін; табиғатқа қамқорлық көрсетудің маңызын түсінеді;
3) таным әдістерін қоғамдық процестер мен құбылыстар зерттеу үшін, оқу тапсырмалары мен шығармашылық, танымдық, зерттеу, жобалау сипатындағы жұмыстарды орындау үшін; қарапайым қаржылық қарым-қатынастардағы жеке басының тәжірибесі мен білімін; саламатты өмір салты туралы, жеке бас гигиенасы туралы, тамақтану және күн тәртібі туралы білімін; дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету туралы қарапайым білімін; қоршаған ортаға бейімделудегі өзінің жеке және қоғам тәжірибесін; отбасында және ұжымда өзара оң және достық қарым-қатынасты сақтау мақсатындағы қатынас қағидаларын қолданады;
4) Қазақстанның әлемдегі орнын; қазақ халқының және елде тұрып жатқан басқа да ұлт өкілдерінің мәдени және салт-дәстүрлерінің ортақ және ерекше белгілерін; жеке тұлғаның, отбасының, мектеп қауымдастығының даму факторларын; адам өміріндегі негізгі ресурстардың мәнін; денсаулық пен қауіпсіздік факторларын; адамның көңіл-күйінің, сезімі мен адамдар іс-әрекетінің көрінісі, олардың себеп-салдарын; өзіндік эмоционалдық күйін талдайды;
5) қоғамдық құбылыстар мен процестерді жүйелеу және топтастыру үшін білімі мен дағдыларын; қоғамның кейбір өзекті проблемаларын айқындау үшін білімі мен дағдыларын; кеңістікте (орын), уақытта (хронологияда), әлеуметтік ортада (қоғамда) бағдарлануы үшін жеке шешімдерін; отбасылық, тұлғааралық және қоғамдық салаларда коммуникация модельдерін; өмір қауіпсіздігі, саяхатты ұйымдастыру бойынша өз жобаларын, өзіндік рухани-адамгершілік дамуы бойынша шешімдерін жинақтайды;
6) адамгершілік нормасы тұрғысынан өзінің мінез-құлқы мен айналадағы адамдардың істерін; отбасының, қоғамның, мемлекеттің әрбір адам өміріндегі маңыздылығын; заманауи өмірдегі дәстүр мен фольклордың рөлін; тұтыну заттарының маңыздылығы мен құны бойынша құндылығын; сабақта өз жұмысына қанағаттану дәрежесін; тұлғааралық, қоғамдық және қаржы-экономикалық қарым-қатынас саласында өзінің ілгерілеу деңгейін, өзінің эмоциялық және физикалық қалпын; адамдардың тәртібін жалпы қабылданған адамгершілік нормалары тұрғысынан бағалайды.
«Технология және өнер» білім беру саласы бойынша оқытудың күтілетін нәтижелері.
Бастауыш білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) сызықтардың және формалардың негізгі түрлерін; негізгі және қосымша түстерді; сурет салуға және сәндік-көркем жұмыстарға керекті негізгі материалдар мен құралдарды; өнердің негізгі түрлері мен жанрларын; өнердің әр алуан түрлері бойынша жұмыс істеудің негізгі техникаларын; әлемдік және отандық суретшілердің кейбір үздік туындыларын; музыкалық сауаттылықтың негіздерін; музыкалық мәнерліліктің басты құралдарын; вокалдық және аспаптық жанрлар мен стильдерді; қазақтың халық аспаптарын және әлем халықтарының аспаптарын; қазақ халық музыкасының, Қазақстан сазгерлерінің және әлемнің басқа елдерінің ән және аспаптық репертуарларының кейбір үлгілерін; қарапайым музыкалық импровизациялар жасаудың тәсілдерін біледі;
2) өнердің өмірмен байланысын; орындау техникасының өнердің түрімен, стилімен, жанрымен байланысын; Қазақстанның сәндік-көркем өнеріндегі ұлттық салт-дәстүрлердің ерекшеліктері мен маңызын; қазақ халқының мәдениеті мен басқа да халықтардың мәдениеттеріндегі өнер туындыларының маңызын; қазақ халқы мен басқа да халықтардың ұлттық музыкалық дәстүрлерінің ерекшеліктері мен маңызын; музыкалық туындылардағы берілетін идеяларды, сезімдерді, көңіл-күйлерді; халықтық және сазгерлік музыканың ерекшеліктерін түсінеді;
3) заттарды бейнелеудегі перспектива және композиция заңдарын; қарапайым көркем жұмыстарды жасау үшін, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, шығармашылық идеяларды; көркем және техникалық еңбек өнімдерін жасау үшін түрлі көкемдік жұмыс құралдары мен техникаларын; шығармашылық жұмысты орындаудағы өнер туындыларының түрлері, жанрлары мен стильдері бойынша білімін; техникалық қауіпсіздік қағидаларын; қарапайым вокалдық және аспаптық импровизациялар мен аранжировкаларды жасауға арналған музыкалық мәнерлілік құралдарын; жеке және ансамбльмен ән айту, музыкалық аспаптарда ойнау дағдыларын қолданады;
4) өзіндік жұмысты ұйымдастыру үшін өнердің алуан түрі бойынша ақпаратты; қазақ халқының және әлемнің басқа да халықтары өнерінің стильдері мен жанрларын; эксперименталдық, зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған материалдар мен аспаптардың қасиеті мен сапасын; бейнелеу өнері, техникалық және көркем еңбек бойынша шығармашылық жобаларды; композиторлық музыканың стильдері мен жанрларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын; қарапайым эксперименталдық жұмыстарды орындау және музыкалық импровизация мен аранжировкаларды жасау үшін дыбыстардың қасиеттерін талдайды;
5) бейнелеу өнері, техникалық және көркем еңбек бойынша, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып шығармашылық жобаларды; негізгі және аралас техникада алуан түрлі материалдар мен құралдарды, жұмыс істеудің тәсілдері мен амалдарын қолдана отырып көркем жұмыстарды; музыкалық шығармалардың қарапайым импровизациясы мен аранжировкаларын; зерттеулер нәтижесі бойынша шығармашылық идеяларды жинақтайды;
6) көркем жұмыстардың және музыкалық шығармалардың негізгі мақсатын, образдары мен идеяларын; жеке/ұжымдық орындалған көркем және техникалық еңбек туындыларын, музыкалық шығармаларды, импровизациялар мен аранжировкаларды бағалайды.
«Дене шынықтыру» білім беру саласы бойынша оқытудың күтілетін нәтижелері.
Бастауыш білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) ағзаның дамуына ықпал ететін негізгі дене шынықтыру жаттығуларын, оларды орындаудың қағидалары мен техникасын; дене шынықтыру жаттығуларын орындау барысындағы техникалық қауіпсіздік қағидаларын; сергіту жаттығулары мен ширатып шынықтыру жаттығуларын орындау қағидаларын; дене жаттығуларын орындау кезіндегі ағзадағы өзгерістерді бақылау тәсілдерін; дене даярлығын жақсарту үшін дене бөліктері мен бұлшық еттерді дамыту әдістерін біледі;
2) дене шынықтырудың денсаулықты нығайтудағы маңызын; дене шынықтыру мен спорттың елдің дамуындағы және сол үшін мақтаныш сезімін қалыптастырудағы рөлін; орындалатын жаттығулардың күрделілік деңгейін; түрлі физикалық жүктемелердің талап етілетін қарқындылығына қол жеткізу қажеттілігін; дене, психикалық және эмоциялық саламаттылықты сақтау мен қолдаудың маңызын; түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде туындайтын тәуекелдерді түсінеді;
3) келісілген мақсаттарға қол жеткізу үшін өзіндік/бірлескен жұмысты орындау дағдыларын; кешенді дене жаттығуларын орындау кезінде қолданылатын композициялық амалдар мен ережелер туралы білімін; уақытты, кеңістікті, дағды мен қозғалыс координацияларын түсінетінін көрсете отырып, дене жаттығуларын орындаудың дұрыс бірізділігін; дене дамуындағы кемістіктерді және денсаулық үшін ықтимал тәуекелдерді жоятын арнайы жаттығуларды; дұрыс тамақтану мен қозғалу режимінің негізгі қағидаттарын қолданады;
4) болашақ оқуды және мінез-құлқын басқару үшін топта дене шынықтыру жаттығуларын орындаудағы өзінің жетістіктері мен тәжірибесін; дене шынықтырудың әр түріндегі жеке қабілеттерін және сенімділігін жақсарту; ортақ мақсатқа қол жеткізудегі ынтымақтастық және әділ жарыс жағдаяттарын талдайды;
5) қозғалыс түрлерінен тұратын белгілі бір қозғалыстар комбинацияларын, сондай-ақ түрлі спорт тактикаларын пайдалана отырып стратегияларды; дене шынықтырудың алуан түрлі жағдаяттарына бейімделу үшін білім мен дағдыларды жинақтайды;
6) әртүрлі физикалық жүктемелерді орындау кезінде туындайтын қиындықтар мен тәуекелдерді; өзінің және өзгелердің физикалық мүмкіндіктерін; мектепішілік және мектептен тыс спорттық іс-шараларға қатысу үшін өзінің мүмкіндіктерін бағалайды.
Білім алушыларға үй тапсырмалары олардың орындау мүмкіндіктерін ескере отырып беріледі, 2-3-сыныптарда 1,5 сағаттан, ал 4-сыныптарда – 2 сағаттан (астрономиялық сағатта) аспайды.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлік бағалау арқылы жүзеге асырылады. Критерийлік бағалау нақты айқындалған, оқу процесіндегі барлық оқушыларға алдын ала белгілі бағалау критерийлерімен (формативті бағалаудағы табыс критерийі және жиынтық бағалаудағы балдарды қою критерийі) білім алушылардың оқу жетістіктерін білім берудің тиісті мақсаттарымен және мазмұнымен салыстыруға негізделген.
Бағалау әр тақырыптық бөлім бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру негізінде нақты оқу пәні бойынша оқу жоспарларында көрсетілген оқу мақсаттары жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Критерийлік бағалау жүйесі үш бағалауды қамтиды: формативті бағалау, ішкі жиынтық бағалау, сыртқы жиынтық бағалау.
Бастауыш білім беру деңгейінде бағалау формативті және ішкі жиынтық бағалауды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Бастауыш білім беру деңгейінде сыртқы жиынтық бағалау жүргізілмейді.
Бастауыш білім берудің оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістіктерін критерийлік бағалау тәртібін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Даму мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың білім алуы, даму бұзушылықтарын түзету және әлеуметтік бейімделуі үшін жағдай жасалады.

1

№ 4
Дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет