түсініктердің байланыстарының негізіне жататын критерилердің өзгеруі жатады.
Сонымен құрылған тезаурус білім беру саласында көпшілік мақұлдаған ағаш
тәріздес құрылым түсінігіне өзгертіледі немесе қысқаша түрде информатикада
берілген анықтамасы иерархия бұл циклдері жоқ, тұйықталған граф. Ағаш тәрізді
иерархия анық түрде логикалық тәуелділік түсінігін ашып жалпылама-жекеше
қатынастар туралы көрсетіп айтуға және білім беру электрондық басылымдар мен
ресурстар қорларының мазмұнын құрастырып және қалыптастырады, практикада
жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Электрондық оқыту құралдарын құруда ақпараттық архитектура түсінігі негізгі
мәнге ие. Себебі, электрондық оқыту құралының дұрыс ұйымдастырылған ақпараттық
архитектурасы оның болашақта сәтті және сапалы жасалуының кепілі. Ендеше,
электрондық оқыту құралдарын жасауда ақпараттық архитектура туралы білім
міндетті түрде қажет. Енді осы ақпараттық архитектура түсінігіне тоқтала кетейік.
Жеке педагогтардың және кәсіби ұжымдардың жасаған электрондық оқыту
құралдарының сапасына жасалған талдау мазмұндық материалдарды іріктеп, оларды
орынды келтіре білу жөніндегі мәлелелердің әлі пісіп жетілмегендігін көрсетеді, сол
сияқты, электрондық оқу материалдарының құрылымын, интерфейсін жасау мен
оларды алдын-ала кескіндеу жолдары жетілдіруді талап етеді. Өйткені, осы
материалдардың сәйкес мазмұнына қарай ЭОҚ сипаттамалары электрондық оқыту
құралдарының ақпараттық архитектурасының мәнін құра тұра, оқытудың тиімділігін
арттыруда маңызды рөл атқарады.
Сонымен қоса, жеке педагогтар мен кәсіпкерлер ұжымдары құрған электрондық
оқыту құралдарының сапасын талдау жұмыстары, оның мазмұндық материалының
нақты
ұсынылуы
және
іріктелуі
жөніндегі
мәселелердің
түбегейлі
қарастырылмағандығын көрсетеді. Электрондық оқыту құралдарының
Достарыңызбен бөлісу: