Дәріс тақырыбы және тезистер



бет6/16
Дата15.06.2023
өлшемі86,1 Kb.
#178818
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
5.Дәрістер

Дәріс бойынша ағымдық, аралық, қорытынды бақылауға арналған сұрақтар
1. Математика әдістемесінің қалыптасуының бастауында тұрған ғалымдарды атап беріңіз.
2. Математикалық білім беруді реформалаумен байланысты халықаралық қозғалысқа сипаттама беріңіз.
3. Ф.Клейннің әдістемелік-математикалық қызметіне сипаттама беріңіз.
4. Арифметиканы оқыту әдістемесінің қалыптасуы.
5. Алгебраны оқыту әдістемесінің қалыптасуы.
6. Геометрияны оқыту әдістемесінің қалыптасуы.
7. Тригонометрияны оқыту әдістемесінің қалыптасуы.

2

№ 6
дәріс

№6 дәріс. Қазақстанда математиканы оқыту әдістемесінің тамыр тарта бастауы
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.Қазақстанда математиканы оқыту тәжірибесінің пайда болуы
2.Жәдидтік-ағартушылық қозғалыс және оның Қазақстандағы математикалық білім беру ісіне тигізген әсері
3.Алғашқы қазақ әліппелеріндегі математикалық материалдар
Дәрістің қысқаша мазмұны:
XIX ғасырдың 60-жылдарынан бастап Қазақстанда математикалық білім беру ісі жаңа мазмұн мен мағына тауып,жаңа бір арнамен дами бастады. 1841 жылы Бөкей Ордасында қазақ балаларын орыс оқу орындарына түсуге даярлау мақсатында «Жәңгір мектебі» ашылды.Мұнда арифметика пәні Буняковскийдің оқу құралымен оқытылды.
XIX ғасырдың орта шенінде қазақ даласындағы мектептердің кейбіреулерінде математиканы оқытуға біршама дұрыс көңіл бөліне бастағаны байқалады.Мәселен,алғашқы мектептер арифметиканың бастапқы жеңіл-желпі ережелерін үйретумен ғана тынатын болса,1850 жылы Орынбор шекара комиссиясы жанынан ашылған мектепте оқытылған «Арифметика және шот қағып есептеу тәсілдері» пәні бойынша игерілетін математикалық білім мазмұны біршама күрделірек болды.Қазақ даласындағы осындай мектептердің алғашқысы 1864 жылдың 8-қаңтарында Торғай бекінісінде ашылды.Мектептегі арифметика пәні бойынша білім мазмұны «1 000 000-ға дейінгі есептеулер» көлемінде қарастырылып, мектеп бітірушілерден арифметиканың төрт амалы көлемінде емтихан алынды
Орыс-қазақ мектептері желісінің кеңейе түсуі қазақ халқының орыс және ол арқылы батыс мәдениетіне араласуын тездетті және өзімен бірге қазақ даласына орыстың алдыңғы қатарлы әдістемелік идеяларын ала келді (Алтынсарин, Букин, Граменицкий, Бобровников,Ронгинский,Чичерина,Балғымбаев).Бұл мектептерде көрнекті орыс әдіскерлерінің(Евтушевский,Шохор-Троцкий,Вишневский,т.б.)оқулықтары пайдаланылға-нын және олар арқылы батыс Еуропа педагогтарының(Грубе,Жан Массе,Лай,Юнг,Симон, т.б.) ой-пікірлері де тарала бастағанын айта кеткен жөн.Қорыта айтқанда,XX ғасырдың басында Ресей мен батыс Еуропада қалыптасқан алдыңғы қатарлы озық әдістемелік-математикалық ой-пікірлер мектептерде математиканы оқыту ісін дұрыс жолға қоюмен бірге Қазақстанда әдістемелік-математикалық ғылымның тамыр тарта бастауына күшті ықпал етті.
Қазақстанда математикалық сауаттылықтың өркендеп,әдістемелік- математикалық ғылымның тамыр тарта бастауына орыстың алдыңғы қатарлы педагогикасы және математиканы оқыту әдістемесімен бірге татар ағартушылығының да елеулі ықпалы болды. Осы кезеңде Ресейге қараған түрік тілдес халықтар арасында кең таралған мұсылмандық оқу жүйесінің заман талаптарын қанағаттандыра алмайтындығы белгілі бола бастады. Сөйтіп мұсылмандық оқу жүйесін жетілдіріп,оны қайта құрудың жолдары іздестіріле бастады.Бұл қозғалыс әсіресе Қырым және Еділ бойы татарлары арасында қатты белең алды (Ш.әл-Маржани,М.Файзханов, И.Гаспринский). Татар ағартушылары діни оқуды жаратылыстану пәндерін оқытумен ұштастыра жүргізуді ұсынып,ғылыми әдебиетте «жадидизм» деп аталып кеткен ағартушылық ағымның негізін салды.Бұл кезеңде мұсылмандық оқу жүйесінің жалпы құрылысына өзгерістер енгізіліп,оның төмендегідей төрт басқыштан тұратын құрылымы анықталды: 1)Ибтидаи-алғашқы басқыш (4 жыл); 2)Рушдия-орта басқыш(3 жыл); 3)Игдадия-үлкен басқыш(4 жыл); 4)Ғалия-жоғары басқыш(2-3 жыл).
XX ғасырдың басында жәдидтік-ағартушылық қозғалыстың әсерімен татар тілінде «Мектеп», «Мұғалім» және т.б. педагогикалық бағыттағы газет-журналдар шыға бастады.Оларда тәрбие мен оқытудың жалпы мәселелерімен бірге жаңа әдісті мектептерде математиканы оқытудың өзекті мәселелеріне байланысты материалдар да жарияланып тұрды.Қорыта айтқанда, XX ғасырдың басында татар халқында мектеп пен ағарту ісі Ресейді мекендейтін басқа түрік тілдес халықтардан көп озық тұрды.Татарлар арасынан ірі педагог-ағартушылар шығып,олар басқалар оқып-үйренерлік,тәлім аларлық педагогикалық және әдістемелік еңбектер жазды(Қ.Насыри, Ғ.Шунаси, М.Құрбанғали,т.б.).
Осы кезеңде жарық көрген математика оқулықтарының бірі-«Қауани-әл-хисаб» деп аталатын оқулық.Қазақшалағанда,ол «Арифметика ережелері» деген мағынаны береді.XX ғасырдың басында Қазақстандағы усул-жадид мектептерінде математиканы оқытуда татар тіліндегі мынадай оқу құралдары пайдаланылған:«Хисаб мас'алалари»(1909),«Хисаб меджму'еси»,«Хисаб муалими»(1908 ж),«Асбаб хисаб»(1897 ж.),«Кичик хисаб» (1902), «Аалим хисаб» (1903),«Мұхтасар Һәндәсә»(1907),«Хисаб масалалари Һәм ғдди мишаллар»(1911),«Хисаблық»(1873,1899) және т.б. Қорыта айтқанда, Қазақстандағы әдістемелік-математикалық ғылымның қалыптасуы мен дамуына жәдидтік-ағартушылық қозғалыс та елеулі әсерін тигізді.Осының нәтижесінде Қазақстандағы математикалық білім беру мен қазақ тіліндегі математика оқулықтарын дайындау ісінде татар ағартушылығына ұқсас сипаттар пайда болды.
Жәдидтік-ағартушылық қозғалыс Ресейді мекендейтін түрік тілдес халықтарда оқытуды өз ана тілінде ұйымдастыру туралы ой-пікірлердің пайда болуына игілікті ықпал жасады.Қазақ арасында «усул жадид» әдісімен жаңаша оқуды алғашқы таратушылар татар молдалары мен татар медреселерінде оқып жүрген қазақ жастары болды.Олар жаз мезгілінде ел ішіне шығып,усул-жадид жолымен оқытып,елді жаңа мектеппен таныс қыла бастады.Жаңа әдіспен оқыған қазақ балалары үш-төрт айдың ішінде жазу үйреніп, есептің төрт амалын игеруге қол жеткізетін еді.Қазақтың жаңадан қалыптаса бастаған көзі ашық,ұлтжанды интеллигенциясы мұсылмандық оқу жүйесіне реформа жасау мәселесін қолдап,қазақ арасында жаңа әдіспен оқытуды кеңінен насихаттады.XX ғасыр басында қазақ балаларына арналған оқулықтар дайындау мәселесі қолға алынып,алдыңғы кезекке қойылды,төлтума әліппе, хрестоматия құралдарын жазуға үлкен мән берілді. Қазақ тілінде мынадай бірнеше әліппе, хрестоматия құралдары жарық көрді (М.Нұрбаев, З.Ерғалиұлы, М.Дибердиев, И.Арабаев, Х.Сәрсекеев, А.Байтұрсынов, К.Сырғалин, т.б.).Бұл кітаптарда қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына үлкен мән берілумен бірге төрт амал көлеміндегі бастауыш арифметикалық білім беру мақсаты да көзделді. Алғашқы қазақ әліппелеріне жасалған талдаулар оларда қазақ балаларына ауызша және жазбаша нумерация,төрт арифметикалық амал туралы қарапайым түсінік беру мақсаты көзделгенін байқатады.Сонымен қатар оларда балалардың логикалық ойлау қабілеттері мен практикалық дағдыларын дамыту мәселелеріне де айтарлықтай көңіл бөлінген.Мұның өзі математикадан әлі де болса қазақ тілінде оқулық дайындала қоймаған сол кезең үшін әжептәуір алға басқандық еді.
Сонымен,қорыта айтқанда,қазақ тіліндегі математика оқулықтарын дайындау ісінің қолға алынуына алғашқы қазақ әліппелерінің басылып шығуы үлкен әсерін тигізді.Дәлірек айтқанда,алғашқы қазақ әліппелерін ана тіліндегі математика оқулықтарын дайындаудың алғашқы баспалдағы болды деп бағалауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет