Дәріс тақырыбы және тезистер



бет3/16
Дата15.06.2023
өлшемі86,1 Kb.
#178818
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
5.Дәрістер

Дәріс бойынша ағымдық, аралық, қорытынды бақылауға арналған сұрақтар
1. М. әл-Хорезми арифметикалық трактатының маңызын ашып көрсетіңіз.
2. М. әл-Хорезми алгебралық трактатының маңызын ашып көрсетіңіз.
3. Ә. әл-Фарабидің кіші жастағы оқушыларға геометрияны оқыту жөніндегі ой-пікірлеріне сипаттама беріңіз.
4. Түркі тектес халықтардан шыққан ғалымдардың қайсысын «Екінші ұстаз» деп атайды? Неліктен ?
5. ІХ – ХV ғасырларда әдістемелік-математикалық ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан түркі тектес халықтардан шыққан ғалымдарды атап беріңіз.

2

№ 3
дәріс

№3 дәріс. XV – XVII ғғ. мұсылман елдеріндегі математиканы оқыту жөніндегі ой-пікір, тәжірибелер.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Ұлықбек мектебі және оның әдістемелік-математикалық қызметі
2. XV ғ.кейінгі кезеңдегі Орталық Азиядағы математикалық білім берудің жағдайы.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Әлемдік математика ғылымы мен әдістемелік-математикалық ой-пікірлер тарихында Ұлықбек және оның мектебінің зор маңызы болды. Ұлықбектің тұсында математика мен оны оқыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп,математика ғылымы жанданып,өркен жайды.
Ұлықбек Тарағай(1394-1449) - түріктердің тимуридтар державасының билеушісі, ғылым қамқоршысы,өз заманының атақты математигі мен астрономы.Самарқанд обсеваториясын,Самарқанд,Гиждуван,Бұхара медреселерін салдырған(1420-1428 ж.ж.).Оның билігі тұсында Самарқанд ортағасырлық математиканың әлемдік орталықтарының бірі болды,онда құрамында Ғиясиддин Жәмшид әл-Кәши,Қазы-заде Руми,Әли Құсшы сияқты атақты математиктер жұмыс істеген ғылыми мектеп қалыптасты. Ұлықбек еңбектерінде астрономиямен қатар математиканың да көптеген тараулары зерттеліп,ілгері дамытылды және астрономияның мұқтаждығын өтеу мақсатында аса кемелдендірілген тригонометриялық кестелер жасалды. Мұнда ол математикалық жаңа әдістер мен есептеулерді қолданды. Ұлықбек және оның мектебінің математиктері жуық есептеулер,есептеу техникасын жетілдіру жөнінен өз замандастарынан көп алда тұрды.
Жәмшид әл-Кәши (1380-1429)-аса ірі математик,Ұлықбек мектебінің өкілі,Самарқанд астрономиялық кестелерін құрастырушылардың бірі, ондық бөлшектерді алғаш енгізуші, санының 16 ондық таңбасына дейінгі мәнін дұрыс табушы, бұрыштың трисекциясы теңдеуін шешудің итерациялық әдісін ойлап табушы.Оның еңбектері арасында оның «Мифтах әл-Хисаб» деп аталатын трактатының алатын орны ерекше.Ол мұсылмандық мектептерге арналған оқулық сипатында жазылған және бірнеше ғасырлар бойы Орта Азия медреселерінде негізгі оқу құралының бірі ретінде пайдаланылған.
Қазы-заде Руми (1364-1437)-математик,Ұлықбек мектебінің өкілі, Самарқанд астрономиялық кестелерін құрастырушылардың бірі,Евклидтің «Негіздерінің» алғашқы жеті кітабын өңдеуші,«Арифметика туралы трактат»,«Синус туралы трактат»,«Синус-квадрант туралы трактат»,т.б. еңбектердің авторы.
Әли Құсшы (1403-1474)-Ұлықбектің шәкірті,математика мен астрономиядан көптеген трактаттар жазып, Ұлықбек математика мектебінің ісін жалғастырушы көптеген ғалымдарды дайындады. Ұлықбек мектебінің табыстары Әли-Құсшының арқасында Стамбул арқылы Еуропаға жетіп,бүкіл дүние жүзіне белгілі болды.
Мирам Челеби (? -1524)- математик және астроном. Ұлықбек өмірден өткеннен кейін Түркияға қоныс аударып,сонда Ұлықбек мектебінің дәстүрлерін әрі қарай жалғастырған.
Әл-Біржанди (?-1528)- көрнекті математик және астроном, Ұлықбек мектебінің ісін жалғастырушы.
Ғылым қамқоршысы атанған Ұлықбек және ол қалыптастырған мектеп мұсылман математикасының шыңы болды. Ұлықбектен кейінгі кезеңде қоғамның мәдени өмірінде мұсылман діні өкілдерінің дәл ғылымдардың дамуын қолдамайтын бөлігінің әсері күшті болғандықтан, Орта Азияда математикалық білім беру ісі әлсіреп, тоқырауға ұшырады. Алайда, математика тарихына арналған еңбектерде Ұлықбектен кейін ол мүлде өшіп қалды деген пікір орын алған. Біздіңше, бұл шындыққа жанаспайды. XV ғасырдан кейін де Орта Азия математиктері өздеріне дейінгі қалыптасқан мол математикалық мұраны игеруге атсалысты, халық арасында математикалық білімдерді кеңінен насихаттаумен бірге, өткен ғасырлардағы мұсылман математикасындағы қол жеткізілген табыстарды игеруге және олардағы шешілмеген кейбір мәселелерді шешуге талпыныс жасады. Бұл орайда, XV ғасырдан кейін математикадан мұсылмандық оқу орындарына арналған оқу құралдарын жазу бағытында айтарлықтай жұмыстар атқарған мынадай ғалымдардың есімдерін атап айту керек: әл-’Амили, Қасым Исфахани, ад-дин-Кухистани, аш-Ширази, Мәлік Мұхаммед Исфахани, ас-Самарқанди, ас-Сағ’иди, Сәки Балхи, Мұхаммед ’али Біржанди, т.б. Олардың әлі де болса, толығымен зерттелмеген еңбектерінде негізінен алғанда, арифметика мен алгебраға, есептеу тәсілдерін жетілдіруге, геометрияға және математикалық білімдерді таза тәжірибелік мәселелерді шешуде, әсіресе, мұсылмандық құқық бойынша мұра бөлісушілік істерінде кеңінен қолдануға көңіл бөлінді. Сонымен қатар оларда математикалық білім беру ісінің жаңа сапаға көшуіне әсер еткен кейбір тың идеялардың да ұсынылғандығын атап айту керек. XV ғасырдан кейін Ұлықбек мектебінің табыстары мен бай дәстүрлері Ұлықбектің Әли Құсшы, Мейрам Шалаби сияқты дарынды шәкірттері арқылы Түркияда (әл-Құсайыни, әл-Қажы Атмаджа, әл-Конауи, әс-Сәліми, әл-Боснауи, ад-дин Истамбули, Макракчи Насух, т.б.), сондай-ақ Әмір Темірдің Бабыр бастаған ұрпақтары арқылы Үндістанда (әл-Ансари, ас-Самарқанди, әл-Исфахани, Лахури, әл-’алави, т.б.) кеңінен қанат жайды.
Қорыта айтқанда, мұсылман әлеміндегі математикалық білім беру ісінің XV ғасырдан кейінгі кезеңдегі де деңгейі Еуропаның Ресей сияқты елдеріндегіден әлдеқайда жоғары болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет