Тақырыбы: Жалпы миология
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
Миология ғылымы
Бұлшық еттің құрылысы
Бұлшық еттің маңызы
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Миология (myologia, грек, mys — ет, logos — ілім) — адам мен жануарлар бұлшықеттер жүйесі туралы ілім. Бұлшық еттер адам мен жануарлар организмдерінің кеңістіктегі орын ауыстыру немесе дене мүшелерінің салыстырмалы қимыл-қозғалыстарын іс жүзіне асырады. Бұлшықеттер: қаңқа бұлшықеттері, ішкі бұлшықеттер және жүрек бұлшықеттері болып бөлінеді. Ішкі бұлшықеттер (висцеральды бұлшықеттер) ішкі мүшелердің және қан, лимфа тамырлары қабырғаларындағы етті қабықтар мен қабаттарды түзеді. Бұлар мезенхимадан дамып жетіледі. Миоциттерден (ет жасушаларынан) тұрады және еріксіз жиырылады. Жүрек бүлшықеттері жүректің ортаңғы етті қабығы —миокардты құрайды. Миокард мезодермадан дамып жетіледі, кардиомиоциттерден тұрады, еріксіз жиырылады. Қаңқа бүлшықеттері қаңқа сүйектеріне бекіп, оларда орналасып, қаңқа сүйектерімен бірге тірек-қимыл аппаратын құрайды. Қаңқа бұлшықетері ерікті жиырылады, бұлшықет талшықтарынан (миосимпласттардан) тұрады, мезодерманың миотомынан дамып жетіледі. Қаңқа бұлшықеттері: біліктік және шеткі қаңқа бұлшықеттері болып екі топқа бөлінеді. Біліктік қаңқа бұлшықеттері өз кезегінде: бас, түлға, құйрық еттері болып үш топқа бөлінеді. Бас бұлшықеттерін: бет (ымдау) және шайнау бұлшықеттері құрайды. Тұлға бұлшықеттері:
1. Алдыңғы аяқты (адамда — қолды) тұлғаға бекітетін бұлшықеттер,
2. Көкірек керегесінің бұлшықеттері,
3. Құрсақ қабырғасының бұлшықеттері,
4. Омыртқа бағанының бұлшықеттері болып бөлінеді.
Шеткі қаңқа бүлшықеттерін: алдыңғы аяқ (адамда — қол) және артқы аяқ (адамда — аяқ) бұлшықеттері құрайды. Қол-аяқтар бұлшықеттері эсер ететін буындарға байланысты бөлінеді. Алдыңғы аяқ (қол) бұлшықеттері: иық, шынтық, тізе (адамда — білезік) және бақай (адамда — саусақ) буындарының бұлшықеттері болып бөлінеді. Артқы аяқ (адамда — аяқ) бұлшық еттері: жамбас-ортан жілік, тобық (адамда — тізе), тілерсек (толарсақ) және бақай (адамда — саусақ) буындарының бұлшықеттері топтарына ажырайды.
Достарыңызбен бөлісу: |