Дәріс Тақырыбы: Кіріспе. Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша кәсіби дайындыққа қойылатын талаптар. Ақпараттық жүйелер теориясының негізгі ұғымдары. Кіріспе


Дәріс 15. Тақырыбы: Ақпараттық жүйелердің архитектурасы және оның эволюциясы. Дербес компьютерлердің стандартты интерфейстері



бет57/59
Дата27.04.2022
өлшемі135,13 Kb.
#141059
түріБағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Байланысты:
6. Краткое содержание лекций

Дәріс 15. Тақырыбы: Ақпараттық жүйелердің архитектурасы және оның эволюциясы. Дербес компьютерлердің стандартты интерфейстері.
Компьютерлік желі (ағылш. сomputer network) — барлық құрылғылардың бір-бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтін алғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы. Компьютерлік желі – бір бірімен мәлімет аламаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары кӛмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат ӛңдеудің тармақталған жүйесі. Жалпы айтқанда желі деп дербес компьютерлердің және де принтер, модем және есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді. Желілер шағын немесе үлкен, кабельдер арқылы тұрақты жалғанған, немесе телефон желілері мен сымсыз арналар арқылы уақытша жалғанған болуы мүмкін. Ең үлкен желі – Интернет, ол бүкіләлемдік желілер тобы болып табылады. Желі құрамына кіретін компьютерлер мынадай жұмыс атқарады: желімен қатынас құруды ұйымдастыру; олардың арасында мәлімет алмасуды басқару; желі тұтынкшыларына есептеу құрылғыларын пайдалануға беріп,оларға әртүрлі қызмет көрсету.
Компьютерлік желілердің негізінде құрастырылған ақпараттық жүйелер:
– мәліметтерді сақтау;
– мәліметтерді ӛңдеу;
– мәліметтерге қолданушылардың рұқсатын ұйымдастыру. Компьютерлік желілерінің сапасының негізгі көрсеткіштері:
– орындалатын функциялардың толықтығы. Желі барлық қарастырылған функцияларды және барлық ресурстарға рұқсат етуін, және түйіндердің бірлескен жұмыстарында, және барлық протоколдардың және жұмыс стандарттарының орындалуын қамтамасыз етуі керек;
– өнімділік – уақыт бірлігін орындайтын, желі қолданушылар сұранысының орта саны;
– қажетті орындау мүмкіншілігі – уақыт бірлігінде желі арқылы жіберілетін мәліметтер (немесе оның буыны – сегмент) санымен анықталады;
– желі сенімділігі – жиірек орта уақытпен бас тартуға атқарылған жұмыс көлемімен сипатталады;
– нәтижелік ақпараттың сенімділігі;
– қауіпсіздік – желінің қабілеттілігі рұқсат етілмеген ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету;
– желінің айқындығы – қолданушыға желінің ішкі архитектурасын ерекшелігінің елеусіздігін білдіреді;
– желінің әмбебаптылығы – түрлі техникалық құрылғылардың желіге қосылу және түрлі өндірушілерден программалық бағдарлама мүмкіндігі.
Желілердің архитектурасы
Желілердің архитектурасы желідегі негізгі элементтерді анықтайды, оның ортақ логикалық ұйымын, техникамен, программамен қамтамасыз етуін сипаттайды, кодтау әдістерін суреттейді. Сонымен қатар архитектура жұмыс жасау принципін және қолданушының интерфейсін анықтайды.
Архитектураның үш түрі:
 терминал – негізгі компьютер архитектурасы;
 клиент – сервер архитектурасы;
 бір рангті архитектура.
Терминал – негізгі компьютер архитектурасы.
Терминал – негізгі компьютер архитектурасы (terminal – host computer architecture) – бұл мәліметтердің барлық өңделуі бір немесе топталған негізгі компьютерлерде жүзеге асырылатын ақпараттық желі концепциясы.
Қаралып жатқан архитектура жабдықтаудың екі түрін ұсынады:
 желіні басқаруды, мәліметтерді сақтауды және өңдеуді қамтамасыз ететін – негізгі компьютер.
 Терминал, негізгі компьютерден команданы жіберуде сеанстарды ұйымдастыруға және есептерді орындауға, есептерді орындау үшін мәліметтерді енгізуге және нәтижені алу үшін аралған.
Негізгі компьютерлермен желіленген архитектураға классикалық мысал - жүйелі желілік архитектура (System Network Architecture – SNA).
Бір рангті архитектура
Бір рангті архитектура (peer-to-peer architecture) – бұл барлық оның ресурстары жүйелерге бөліп жайғасқан ақпараттық желілердің концепциясы. Бұл архитектура оның барлық жүйелері тең құқылығымен сипатталады.
Бір рангті желілерге кез-келген жұмыс станция бір уақытта файлдық сервердің және жұмыс станцияның функциясын орындайтын кішігірім желілер жатады. Бір ренгті ЛЕЖ-де дисктік кеңістік және файлдар кез-келген компьютерде ортақ болуы мүмкін. Ресурс ортақ болу үшін, оны бір рангті желілік операциялық жүйелердің қашықтағы рұқсат қызметін қолданып, ортақ қолдануға беру керек. Мәліметтерді қорғау қалай орнатылуына байланысты, басқа қолданушылар, файлдар құрылғаннан бастап, лезде қолданыла алады. Бір рангті ЛЕЖ тек кішігірім жұмыс топтары үшін жеткілікті жақсы.
Бір рагті ЛЕЖ орнатуға ең жеңіл және арзан желінің түрі болып табылады. Олар компьютерді желілік карта мен жілілік сақтаушыдан басқа, тек Windows 95 немесе Windows for Workgroups операциялық жүйеде болғанын қалайды. Компьютерлерді жалғағанда, қолданушылар ресурстарды және ақпаратты бірге қолдануды ұсына алады.
Бір рангті желінің келесідей артықшылықтары бар:
 олар орнатуда және өңдеуде женіл;
 бөлек ДК-лар белгіленген желіден тәуелді емес;
 қолданушылар өз ресурстарын бақылай алады;
 құны аз және жеңіл қанау(эксплуатация);
 минимум жабдықтау және программалық қамтамасыз ету;
 администратордың қажеттілігі жоқ;
 желінің оннан аспайтын сандық қолданушыларға жақсы келеді.
Бір рангті архитектураның проблемасы компьютерлер желіден сөндірілетін жағдай болып табылады. Бұл жағдайда желіден олар ұсынған сервистің түрлері жоғалады. Желілік қауіпсіздікті бір уақытта тек бір ресурсқа қолдануға болады, және қолданушы қанша желілік ресурс болса, сонша парольді есінде сақтау керек. Бөлек ресурсқа қол жеткізгенде компьютер өнімділігінің құлауы сезінеді. Бір рангті желінің маң маңызды жетіспеушілігі орталықтанған администраторлаудың болмауы.
Бір рангті архитектураны қолдану «терминал – негізгі копьютер» архитектурасын немесе «клиент - сервер» архитектурасын сол желіде қолдануды шығармайды.
Клиент – сервер архитектурасы
Клиент – сервер архитектурасы (client-server architecture) — бұл ақпараттық желінің концепциясы, онда оның ресурстарының негізгі бөлімі өз клиенттерін қамтамасыз ететін серверлерде ойы жинақталған (1.5 сурет). Қарастылып отырған архитектура екі түрлі компоненттерді анықтайды: серверлер және клиенттер.
Сервер — бұл басқа желілік объекттерге олардың сұранысы бойынша сервисті ұсынатын объект. Сервис — бұл клиенттер қызмет көрсету процессі.
Сервер клиенттердің тапасырмасы бойынша жұмыс істейді және олардың тапсырмаларының орындалуын басқарады. Әрбір тапсырма орындалғаннан кейін ,сервер бұл тапсырманы жіберген клиентке алған шешімдерін жібереді.
Клиент — сервер архитектурасында серверлік функция қолданбалы программалар комплексімен сипатталады, және олар әртүрлі қолданбалы процесстермен орындалады.
Анықталған операцияның көмегімен сервистік функцияны шақыратын процесс клиент деп аталады. Ол программа немесе қолданушы болып табылады. 1.6 суретте клиент — сервер архитектура сервестерінің тізімі көрсетілген.
Клиенттер — бұл сервестің ресурстарын қолданатын және қолданушыға ыңғайлы интерфейстерді ұсынатын жұмыстық станциялар. Қолданушының интерфейсі деп жүйенің немесе желінің қолданушымен өзара әрекеттесетін процедуралар.
Клиент бастаушы болып табылады және электрондық поштаны немесе басқа серверлердің сервисін қолданады. Бұл процессте клиент қамтамасыз етудің түрін сұрайды, сеансты орнатады, оған керекті шешімдерді алады және жұмыстың аяқталуы туралы хабарлайды.
Графикалық және графикалы емес пайдаланушылық интерфейстердің ерекшеліктері.
Программалық құрылғылар индустриясында қолданылатынпайдаланушылық интерфейстердің бірқатарклассификациясы бар.
Қазіргі уақытта қолданылатын жалпы классификацияны қарастырайық . Жалпы жағдайда пайдаланушылық интерфейстерді екі үлкен топқа бөлуге болады:
- WIMP-интерфейсі, оның компоненттер: window-терезе, icon-пиктограмма, menu-меню, pointer-көрсеткіш болып табылады.
- SILK-интерфейсі, speech-сөз, icon-пиктограмма, language-тіл, knowledge-білім.
Қазіргі уақытта WIMP-интерфейс тобы кеңінен таралған. Арнайы облыстарда қолданылатын SILK-интерфейстер тобы сирек қолданылады.Төменде программалық өнімдерді жобалаушыларда кеңінен таралған WIMP-интерфейс туралы толығырақ қарастырамыз.
Қазіргі кезде қолданылатын пайдаланушылық интерфейстердің классификациясын қарастырайық, олар төрт топқа бөлінеді: :
- графикалық пайдаланушы интерфейсі (Graphical User Interfase - GUI);
- пайдаланушы Web-интерфейсі (WEB-User Interfase WUI);
- қалта құрылғыларын пайдаланушы интерфейсі (Hand-User Interfase-HUI);
- графикалық емес командалық жолдың пайдаланушы интерфейсі (Command Line Interfase CLI).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет