Дәріс Тақырыбы: Кіріспе. Биостатистика негіздері Мақсаты


Тақырыбы: Статистикалық зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру. 2. Мақсаты



бет16/17
Дата05.09.2020
өлшемі224,42 Kb.
#77373
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
лекции

. Тақырыбы: Статистикалық зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру.

2. Мақсаты: Студенттерді медициналық-биологиялық тәжірибенің кезеңдерімен таныстыру, биостатистикада қолданылатын статистикалық пакеттерге шолу жасау.

 

Дәріс жоспары:

1. Медициналық-биологиялық тәжірибенің кезеңдері.

2. Мәліметтерді өңдеудің статистикалық әдісін таңдау.

3. Биостатикадағы заманауи есептеу техникасын қолдану.

4. Статистикалық пакеттердің жіктелуі және оларға қойылатын заманауи талаптар.

 

3. Дәріс тезистері:

Ғылыми медициналық-биологиялық зерттеулер жүргізу кезінде қандай міндеттер қойылғанына қарамастан, ол белгілі реттілікпен орындалуы тиіс.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері анықталады:

· Зерттеудің мақсаты медициналық ғылым мен денсаулық сақтаудағы тәжірибеде өзекті болуы тиіс. (зерттеулер неліктен жүргізіледі?).

· Зерттеудің міндеттері бұл айқындалған, кеңейтілген анықталған мақсаттың анықтамасы (мақсатқа қалай қол жеткізуге болады?).

Медициналық-биологиялық тәжірибенің негізгі кезеңдері:

1) жоспар және бағдарлама жасау;

2) статистикалық мағлұмат жинау (статистикалық бақылау);

3) жиналған мағлұматты өңдеу;

4) алынған мәліметерге талдау жасау.

 

I кезең. Жоспар және бағдарлама құру.

Зерттеу жоспары:

· Зерттеу нысанын анықтау – нысан туралы мәліметтер жиналатын статистикалық жиынтық.

· Зерттеу орнын анықтау - аймақ, мекеме.

· Зерттеу жүргізу уақытын (мерзімін) анықтау.

· Бақылаудың түрін (бір жолғы, ағымдық) және әдісін (тұтас, тұтас емес) анықтау.

· Зерттеуді орындаушылар және бастығы

· Зерттеудің техникалық құрал жабдықпен қамтамасыз етілуі

· Зерттеудің құнын бағлалау.



Зерттеудің бағдарламасы:

Статистикалық жиынтықты, жиынтық бірліктерін, зерттеу бірліктерін анықтау.

Зерттеу бағдарламасын анықтау, яғни тіркеуге тиісті белгілер тізімі бар алғашқы статистикалық құжатты анықтау.

• Мәліметті өңдеу бағдарламасын анықтау, яғни мәліметті топтауды таңдау және белгілердің түрлі топтамаларынан тұратын кестенің үлгісін құрастыру.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет