Дәріс Тақырыбы: Өлшеудің жалпы сұрақтары


Өлшеу құралдарының жіктелуі



бет4/5
Дата06.02.2022
өлшемі25,1 Kb.
#80011
1   2   3   4   5
Байланысты:
1-2 дәріс Датчиктер

1.1. Өлшеу құралдарының жіктелуі
Өлшеу құралдары (ӨҚ) – белгілі уақыт аралығында өлшемі тұрақты физикалық шама бірлігін беретін немесе сақтайтын, қалыптастырылған сипаттамасы бар өлшеулер жүргізуге арналған техникалық құрал. Бұл анықтамадан мынаны көруге болады: біріншіден, физикалық шама бірлігін сақтай алады; екіншіден, сақталған бірлік өлшемінің тұрақтылығы. Осы маңызды факторлар – өлшеудің орындалуын негіздейді, яғни техникалық құралды өлшеу құралына айналдырады. Өлшеу процесі кезінде бірлік өлшемі қалыптыдан өзгерсе, онда мұндай құралмен қажетті дəлдіктегі өлшеу нəтижесін алу мүмкін емес. Яғни, осы мақсатқа арналған техникалық құрал өлшемі, уақытқа байланысты өзгермейтін бірлікті сақтай алатын жағдайда ғана өлшей алады. Өлшеу құралдары – қолданылуына жəне метрологиялық қызметтеріне қарай жіктеледі. ӨҚ қолданылуы бойынша
өлшеуіштер, өлшеу түрлендіргіштері, өлшеу құралдары, өлшеу қондырғылары жəне өлшеу жүйелері болып жіктеледі.
Өлшеуіш – мəндері белгіленген бірлік пен қажетті дəлдікте өрнектелетін бір немесе бірнеше берілген өлшемдердің физикалық шамасын беретін не сақтайтын өлшеу құралы.
Өлшеуіш түрлері.
Өлшеу түрлендіргіштері – өлшенетін шаманы басқа шамаға немесе өңдеуге ыңғайлы өлшеу сигналына түрлендіретін, қалыптандырылған сипаттамасы бар техникалық құрал. Бұл түрлену – берілген дəлдікпен орындалып, түрлендіргіштің кіріс пен шығыс шамалары арасындағы қажетті функционалдық тəуелсіздікті қаматамасыз етуі қажет. Өлшеу түрлендіргіші қандайда бір өлшеу құралының құрамына кіруі немесе олармен бірге қолданылуы мүмкін. Өлшеу түрлендіргіштері əртүрлі белгілері бойынша жіктелуі мүмкін.
Мысалы, түрлену сипатына қарай:
– электрлік шаманы – электрлікке (кернеу бөлгіштер, өлшеу трансформаторлары, т.б.);
– магниттік шамаларды – электрлікке (өлшеу катушкалары, феррозондтар, Холл, Гаусс эффектілеріне негізделген түрлендіргіштер, асқын түрлендіргіштер, т.б);
– электрлік емес шамаларды электрлікке (термо жəне тензотүрлендіргіштер, реостаттық, индуктивтік, сыйымдылықтық, басқа да түрлендіргіштер);
– өлшеу тізбегіндегі орны мен қызметтері бойынша: біріншілік, аралық, масштабтық жəне беруші түрлендіргіштер.
Өлшеу құралы – белгіленген диапазонда өлшенетін физикалық шама мəнін алуға арналған құрылғы.
Өлшеу құралдары төмендегіше жіктеледі:
– өлшенетін шаманың тіркелу түріне қарай – аналогтық жəне сандық;
– қолданылуы бойынша – амперметр, вольтметр, жиілік өлшегіш, фазометр, осциллограф, т.б.;
– арналуына қарай – электрлік жəне электрлік емес (магниттік, жылулық, химиялық, т.б.) физикалық шамаларды өлшейтін;
– əрекеті бойынша – интегралдаушы, дифференциалдаушы;
– өлшенетін шама мəнін индикациялау тəсілі бойынша– көрсетуші, ескертуші жəне тіркеуші;
– өлшенетін шаманың түрлену тəсілі бойынша – тікелей бағалау жəне салыстыру үшін;
– құрастырмасы жəне қолданылуы бойынша – сызықтық, тасымалдаушы, тұрақты;
– сыртқы əсерлерден қорғалғандығына байланысты–қарапайым, ылғал, газ, шаңнан қорғалған, герметикалық, жарылысқа қауіпсіз, т.б.
Өлшеу қондырғылары (ӨҚ) – бір жерде орналасқан бір немесе бірнеше физикалық шамаларды өлшеуге арналған функционалды біріккен өлшеуіштердің, өлшеу құралдарының, өлшеу түрлендіргіштерінің жиынтығы. Тексеруге қолданылатын өлшеу қондырғысы – тексеруші қондырғы, ал эталон құрамына кіруші – эталондық қондырғы деп аталады. Кейбір үлкен өлшеу қондырғыларын – өлшеу машиналары деп атайды. Мысалы, олар электротехникалық материалдардың меншікті кедергісін өлшейтін, магниттік материалдарды сынақтан өткізетіндер.
Өлшеу жүйесі (ӨЖ) – бақыланатын объекттің бір немесе бірнеше физикалық шамаларын өлшеу мақсатында, объекттің əр нүктесінде орналасқан жəне түрлі мақсаттағы сигналдарды өңдейтін өлшеу құралдарының, ЭЕМ, т.б. техникалық құралдардың жиынтығы. Белгіленуі бойынша ӨЖ – ақпараттық, бақылаушы, басқарушы, т.б. болып бөлінеді. Мысалы, радионавигациялық жүйе – бір-бірінен қашық орналасқан кеңістікке келтірілген өлшеу-есептеуіш жиынтықтан тұратын түрлі объекттердің орналасқан жерін анықтау үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет