Дәріс тақырыбы: Педагогика пәні мен міндеттері



бет5/10
Дата07.02.2022
өлшемі97,53 Kb.
#86365
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
1 лек, 1-2 практ сабак

Таным теориясы. Оқудың теориялық-әдіснамалық негізі – материалистік таным теориясы (гносеология). Таным – бұл қоршаған болмыстың, оның элементтерінің белсенді ақыл-ойжәне көңіл-күй іс-әрекеттері мен олардың нәтижесі, яғни білім; жалпыланған теория, заңдар мен ғылыми ұғымдардың санада бейнеленуі. Тікелей байқау процесінде, яғни түйсік, қабылдау, шынайы болмысты белсенді зерттеу арқасында қандай да құбылыс не заттар жөнінде түсініктер пайда болады. Осы түсініктер негізінде қорытындылар жасалады. Таным теориясы оқу танымына тікелей қатысты. Білім игеру әрқашан таныммен байланысты келеді. Оқудың міндеті – табиғат, қоғам және адамның психикалық процестерінің даму заңдылықтарын оқушы санасына өткізу. Таным мен оқу арасында жалпы ортақтастық көп. Оқушы қоршаған дүниені тану арқылы дамиды, кемелденеді. Оқу жұмысын таным істерінің өзінше бір формасы ретінде қарастыруға болады.


Тапсырма «Педагогика ғылым ба, әлде өнер ме?» деген тақырыпты талдаудан бастасақ. Бұл бірінші тақырып болғандықтан педагогиканы оқыту жүйесінде үлкен мәнге ие, өйткені бірінші сабақта студенттердің мұғалімдік мамандыққа, педагогикаға, білім алушылармен жұмыс істеуге қызығушылықтарын оятуға себеп болатын кәсіптік-педагогикалық бағыттың негіздері қалыптасады. Сонымен қоса бірінші тақырып ғылыми педагогикалық білімдер жүйесін қалыптастыратын іргетас ретінде негізін қалаушы болады десек артық айтпаймыз.
Мақсаты: педагогикалық ғылымдар туралы білімдер жүйесін қалыптастыру, педагогиканы ғылым және өнер ретінде меңгеруге студенттердің қызығушылықтарын арттыру.
Осы тақырып аясында педагогика ғылым және өнер ретінде екі аспектіде қаралады. Бұл амал студенттерге ғылым мен өнердің өзара байланыстылығын байқауға мүмкіндік береді, материалды «құрғақ» беруден сақтап, пәнді шығармашылық тұрғыдан игеруге септігін тигізеді. Тақырыпты қарастырудың келесідей нұсқалары бар:
1) педагогика – ғылым: оның нысаны, пәні, қызметі, категориялық аппараты, құрылымы, басқа ғылымдармен байланысы;
2) педагогика – өнер: өткен дәуірлер педагогтарының ретроспективасы, педагогикалық шеберлік педагогикалық өнердің негізі ретінде, педагогикалық қарым-қатынас – педагогикалық өнерді жүзеге асыру шарты.
Аталған тақырыпты меңгеру барысында кіріспе-дәріс, визуалдау-дәрісі және т.б. дәріс типтерін қолдануға болады.
Семинар сабағы сұрақ-жауап, семинар-пікірталас, тақырыптық семинар түрінде ұйымдастырылады.
Тақырып бойынша СӨЖ орындау қарастырылған. «Кітаптан түскен бетбелгі...» жеке тапсырмасы ретінде П.Ф. Каптеревтің «Педагогика – ғылым немесе өнер», К.Д. Ушинскийдің «Адам тәрбие нысаны ретінде» кітаптарын оқып, сол бойынша студенттік топтарда конференцияға қатысу мақсатында беруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет