Дәріс тақырыбы: Педагогика пәні мен міндеттері


Қазан төңкерісінен кейінгі кеңестік педагогика



бет9/10
Дата07.02.2022
өлшемі97,53 Kb.
#86365
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
1 лек, 1-2 практ сабак

2.Қазан төңкерісінен кейінгі кеңестік педагогика
Қазан төңкерісінен кейінгі кеңестік педагогика жаңа қоғамдағы адам тəрбиесі идеяларын өзіндік түсінім жолымен дамыта бастады. Жаңа педагогикаға байланысты шығармашылық ізденістер аймағында белсенділікпен қатысқан белгілі педагог ғалымдар: С.Т.Шацкий (1878-1934), П.П.Блонский (1884-1941), А.П. Пинкевич (1884-1939) болды. Социалистік дəуір педагогикасын танымал еткен Н.К.Крупская, А.С. Макаренко, В.А.Сухомлинский еңбектері. Надежда Константиновна Крупскаяның (1869-1939) теориялық ізденістері жаңа кеңес мектебін қалыптастыру, сыныптан тыс тəрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру, енді пайда бола бастаған пионер қозғалысы проблемаларының төңірегінде шоғырланды. Антон Семенович Макаренко (1888-1939) балалар ұжымына педагогикалық басшылық, еңбек тəрбиесі, саналы тəртіп қалыптастыру жəне балаларды отбасында тəрбиелеу əдістемелеріне байланысты идеяларды қорытындылап, оларды практикада іске асыру принциптерін ұсынды, əрі өзі оларды тəжірибе тексеруінен өткізді. Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970) өз зерттеулерін жастарды тəрбиелеудің моральдық проблемаларымен байланыстырды. Оның дидактикалық кеңестері мен нақты да дəл бақылаулары қазіргі педагогикалық ой дамуы жəне қоғамды қайта түзу дəуіріндегі мектеп тағдыры жөніндегі ұсыныстары өз маңызын əлі де сақтауда, сонымен бірге білім сапасын жаңаша түсінуде үлкен жəрдемін тигізіп отыр.
Халыққа білім беру аймағында өткен ғасырдың 40-60 жылдары белсенді еңбек еткен педагог-ғалымдардың бірі Михаил Алексеевич Данилов (1899-1973). Ол бастауыш мектеп тұжырымдамасын жасап шықты (“Бастауыш білім беру міндеттері мен ерекшеліктері”, 1943), (1947 жылы “Адамның ақыл-парасат жəне моральдық дамуында бастауыш мектептің рөлі”) кітабын жазып, мұғалімдерге арналған көптеген жетекші əдістемелік еңбектер жариялады. Олар осы күнге дейін мұғалім қауымының таптырмас құралдарына айналып отыр.
70-80 жылдары жалпыбілімдік мектеп проблемаларымен академик Л.В.Занковтың ғылыми лабораториясы белсенді айналысты. Бұл мекеменің зерттеулері нəтижесінде кіші, орта жастағы балаларды оқытудың жаңа, оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін арқау еткен оқу жүйесі пайда болды.
80-жылдардың ақырында бұрынғы Кеңес республикаларында мектепті жаңалау мен қайта құру қозғалысы өріс алды. Бұл қызметтестік педагогикасының туындауынан көрінді. Осы дəуірдегі жаңаланған педагогиканы дамытуға ат салысқан педагог ғалымдар мен бірегей шығармашыл мұғалімдер көптеп таныла бастады. Олардың арасында Ш.А.Амонашвили, Л.С.Соловейчик, В.Ф.Шаталов, Н.П.Гузик, Н.Н.Палтышев, В.А. Караковский жəне басқалар болды.
Бүкіл елге белгілі болған мəскеулік бастауыш мектеп мұғалімі С.Н.Лысынкова “Қалайша жеңіл оқуға болады?” атты кітабын жариялап, онда бастауыш мектеп оқушыларының оқу істерін схема, тірек карточкалар, таблицалар пайдалану арқылы басқару тəсілдерін көрсетіп берді. Сонымен бірге С.Н. Лысынкова “Ілгерілестірілген (опережающее) оқу” əдістемесін жасады.
Бүгінгі кезеңдегі педагогика өзінің диалектикалық, өзгермелі ғылым сипаттарына сай болуымен қарқынды дамуда. Кейінгі он жылдықтарда педагогиканың бірнеше салаларында келелі табыстарға қола жеткізілді, əсіресе мұндай жетістіктер мектептегі оқудың жаңа технологияларын жасауда көрініс берді.
Сапалы оқу бағдарламаларымен жабдықталған қазіргі заман компьютерлері оқу процесін басқаруда үлкен жəрдемін тигізуде. Соның нəтижесінде оқу барысында аз қуат пен уақыт жұмсап, жоғары нəтижелерге жету мүмкіндіктері пайда болды.
Тəрбиенің жетілген əдістемелерін жасау бағытында да пайдалы өзгерістер көптеп болуда. Ғылыми -өндірістік комплекстер, авторлық мектептер, эксперименталды оқу-тəрбие алаңдары - ұнамды өзгеріс-тер жолындағы елеулі көзге түскен педагогикалық жаңалықтар. Еліміздегі жаңа жəне жаңаланған мектеп оқуы мен тəрбиесі басты назарда тұлға дамуын көзге алып, гуманистік бағытта өрлеп, өрістеуде.
Сонымен, тəрбие тəжірибесі адамзат өркениетінің тереңдегі тарихи сатыларынан бастау алады. Тəрбие жөніндегі ғылым негіздері ежелгі, көне дəуір философиясының арнасында дамыған. Тəрбие, оқу, білім берудің тиімді теориялары мен əдістемелері пайда болғанша, педагогика дамудың ұзақ та қайшылықты жолын басып өтті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет