Жоспар:
Квалиметриялық модельді құрудың теориялық аспектілері.
Сапа және қасиеттердің иерархиялық құрылым сызбасы.
Педагогтердің кәсіби құзыреттілігінің квалиметриялық моделін құрудың ережелері.
Дәріс мазмұны:
Квалиметрия (лат.тілінен quails – сапасы жөнінен қандай және грекше метрео – өлшеу, өлшемдеу) – нысанның сапасын кешенді сандық бағалау әдістерін біріктіретін ғылыми пән. Квалиметрия сапа туралы ғылым квалитологияның құрылымдық бөлімі болып табылады. Квалиметрия нысаны сапаны бағалаудың амалдары мен әдістерін зерттеу болып табылатындықтан қандай да бір нысанды оның сапасы жағынан зерттеу әдістерін квалиметриялық әдістер деп атайды.
Бастапқыда квалиметриялық бағалау нысандары өнеркәсіп өнімдері (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) болып табылған. Қазіргі экономикалық жағдайларда квалиметрияны қолдану саласы едәуір кеңейген.
Сапаның сандық өлшемінің әдісі ретінде квалиметрия теориясының пайдалануының
алғышарты біздің пікірімізше, метрологиялық үдерістерге қатысушылар үшін бұл үдерістің барлық қатысушыларының талаптарын қанағаттандыру жағынан алғанда тиімді жұмыс қасиеттері жиынтығының сандық сапасы.