Квалиметриялық модельдің негізгі бөліктері
бет 4/11 Дата 15.03.2020 өлшемі 157,18 Kb. #60224
Байланысты:
3.2.1 дәріс Квалиметриялы қ модельдің негізгі бөліктері.
Жалпы алғанда квалиметриялық модельдің құрылымдық бөліктері төмендегідей.
қасиеттердің көпсатылы сызбасы (ағашы);
салмақтылық коэффициенттері;
абсолюттік және қатыстық көрсеткіштері;
бағаланатын нысанның интегралды көрсеткіштерін есептеп шығару тәсілдері.
Квалиметриялық модель стандартты алгоритм бойынша құрылады , ол мына кезеңдерден тұрады:
қасиеттердің иерархиялық құрылымдық сызбасын (ағашын) жасау;
барлық деңгейлердегі қасиеттердің салмақ коэфициенттерін және салмақ коэфициенттерін есептеу айырмашылықтарының шамаларын есептеу ;
қасиеттердің шектік және қатыстық көрсеткіштерінің мәнін анықтау ;
шектік көрсеткіштерді өлшемдердің бірыңғай салыстырмалы масштабына келтіру;
модельді ықшамдау және жұмыс тиімділігі – коэффициентінің интегралды көрсеткішін есептеп шығару.
Қасиеттердің иерархиялық құрылымдық сызбасын (ағашын) жасауға толығырақ тоқталайық. Оны дұрыс құрудың өзі бағалаудың нақты нәтижелерін алудың маңызды шарты болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: