Сапаны бағалаудың қағидалары:
Квалиметриялық әдіс арқылы алынған нәтиженің шындыққа сәйкестігінің міндетті шарты – амалдар қатарын сақтау болып табылады.
Бірінші қағида – топтағы қасиеттер санының қажеттілігі мен жеткіліктілігіне негізделеді. Топқа кіретін әрбір қасиет ағашында бір саты төмен орналасқан күрделі қасиеттердің тобына қатысты сипаттамалар үшін маңызды болуы тиіс. Бір мезетте бұл қасиеттердің саны жоғарыдағы түсінікті қамтамасыз ету үшін жеткілікті болуы тиіс.
Екінші қағида – күрделі қасиеттердің қаситтер тобына бөлінуін, олардың жіктелуін жеке жағдайлары ретінде қарастырады. Сондықтан, топқа кіретін барлық қасиеттер үшін барлығы үшін бірыңғай жалпы жіктелу белгісі болуы тиіс.
Үшінші қағида – қасиеттер тобына кіретін әрбір қасиеттің осы топтағы кез-келген қасиетке қатысты тәуелсіз болуын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |