Бұл төменгі қорытындыны шығаруға мүмкіндік береді. Бағалау көрсеткіштерінің жүйесін (қасиеттер ағашы) жасауға кіріскенде біз алдымен оның бірден-бір дұрыс екендігін негізге алмауымыз керек, керісінше жұмыстың бұл түрін толық сипаттайтын жағдайлардың жалпы санынан аз жұмыс тиімділігін бағалау, жеткілікті және толық жағдайлардың түпкілікті санын енгізу қажет.
Яғни, жұмыс тиімділігінің интегралды бағалауына жиынтық себептері барысында айырмашылықтар енгізіледі. Алайда квалиметрия тұрғысынан алғанда есептеулерде айырмашылық үнемі кездесуі мүмкін, себебі бағалау кезінде белгілі бір нысан қасиетінің үздіксіз әр алуандығын ескеру мүмкін емес.
Сондықтан жұмыс тиімділігінің неғұрлым маңызды жағдайларын таңдау кезінде бір-біріне қарама-қайшы екі үрдісті есепке алу қажет:
Баяндалғандардың негізінде жұмыстың тиімділігін бағалауда квалиметриялық амал қолайлы екеніне көз жеткізуге болады.
Сонымен қатар, зерттеу барысында анықталған заңдылықтар болашақта білім беру ұйымдары құрылымдарының тиімділігін бағалайтын жаңа амалдардың пайда болуы мүмкін екенін болжайды.
Рейтинг – басқару қызметі сапасының интегралды көрсеткіші. Әдістемеге сәйкес, қасиеттер ағашы құрылады, яғни күрделі сапалар қарапайым сапаларға бөлінеді (сурет 1).
Рейтинг 4 блогқа негізделеді, олар еңбек нәтижелілігіне әсер етеді, яғни жалпы мәліметтер, жеке тұлғалық мәліметтер, интегралданған мәліметтер, кәсібилік.
Өз кезегінде жалпы мәліметтерді 4 жеке қарапайым қасиеттерге бөлуге болады, олар жас ерекшелігі, жұмыс тәжірибесі, білім және ой-өріс деңгейі.
Достарыңызбен бөлісу: |