Дәріс тақырыбы: Психологиядағы тұлға мәселесі



бет3/3
Дата13.12.2022
өлшемі112,76 Kb.
#162565
1   2   3
Байланысты:
Жеке тұлға.№3

3. Тұлға құрылымы.
Кез-келген құбылыс сияқты жеке тұлғаның психикалық өмірі белгілі құрылымнан тұрады. Адамның дара психологиялық ерекшеліктеріне байланысты және жеке тұлғаның өзіне тән құрылымын белгілеуге болады.
Жеке тұлғаның құрылымының бірінші бөлігі оның бағыттлығын сипаттайды немесе адамның шындық дүниеге таңдамалы қатынасы. Бағыттылық әртүрлі қасиеттердің өзара байланысы қажеттіліктермен қызығулардың, идеялармен тәжірибелік ұстанымдардың жүйесін қамтиды.
Жеке тұлғаның психологиялық құрылымының екінші бөлігі жеке тұлғаның мүмкіншілігін айқындайды және белгілі бір іс-әрекетті қамтамасыз ету үшін қабілеттіліктерді қамтиды.
Жеке тұлғаның психологиялық құрылымының үшінші бөлігі мінез болып табылады немесе әлеуметтік ортадағы адамның мінез-құлық стилі. Мінез күрделі синтетикалық құрылым, адамның рухани өмірінде мазмұн мен түр бірлігінде аңғарылады. Мінез жеке тұлғаны тұтас көрсете алмағанмен, бірақ оның қасиеттерінің, бағыттылығы мен ерік-жігерінің, интелектуалдық және эмоциялық сапаларының, темпераментте байқалатын типологиялық ерекшеліктерінің күрделі жүйесін білдіреді. Жеке тұлғаның психологиялық құрылымының төртінші бөлігі басқару жүйесі болып табылады, көп жағдайда «Мен» деген ұғымды білдіреді. «Мен» - жеке тұлғаның өзіндік сапа құылымы, ол өзін - өзі реттеп отыруды іске асырады.

Іс-әрекетті күшейту немесе бәсеңдету, өзін-өзі бақылау және іс-әрекетпен қылықты басқару, іс-әрекетті жоспарлап отрыу, сонымен, өзін-өзі басқару жеке тұлғаның мақсатты ұйымдасқан өмірі мен қызметінде ерекше маңызы зор. Психикалық үрдістер жеке тұлғаның шындықпен байланысын қамтамасыз етеді. Олар арқылы жеке тұлғаның қасиеттері қалыптасады. Демек, жеке тұлғаның психикалық құрылымы өте күрделі, жан-жақты және сан-қырлы. Оның барлық компоненттері өзара байланысты және өзара тәуелді. Жеке тұлғанаң дамуымен оның құрылымы да өзгеріп отырады.
Сонымен, қатар әрбір жеке тұлғаның құрылымы салыстырмалы түрде тұрақты. Әрбір адам тұрақтылық пен өзгермеліктің бірлігі, тек қана сондай құрылым адамға өзімен-өзі болуға, икемділік көрсетуге, өмір салтын сол жағдайларына сай жүргізуге көмектеседі.
 

Бекіту сұрақтары:
1. «Жеке тұлға», «индивид», «даралық», анықтамасын айтыңыздар?
2.феномендер туралы түсінік дегеніміз?
3.Тұлғаның әлеуметтік және биологиялық ара-қатынасы деп нені айтамыз?
4.Тұлға құрылымын сипаттаңыз?
 
 
Дәріске қатысып тыңдағаныңыз үшін,
РАХМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет