Дәріс тақырыбы: Психологиядағы тұлға мәселесі


Тұлғаның әлеуметтік және биологиялық ара-қатынасы



бет2/3
Дата13.12.2022
өлшемі112,76 Kb.
#162565
1   2   3
Байланысты:
Жеке тұлға.№3
ses delo v hirurg i reanim kz, cedrik
2.Тұлғаның әлеуметтік және биологиялық ара-қатынасы.
Жеке тұлғаның негізгі сипаты оның бағыттылығы болып табылады. Бағыттылық - адам алдына қойған мақсатты анықтайды, сол мақсатты орындауға ұмтылысы тән, түрткілер арқылы адам іс-әрекеттер жасайды, қызығуларды адам іс-әрекетте басшылыққа алады.
Белсенділік - жеке тұлғаның басты жалпы қасиеті, ол іс-әрекетте, қоршаған ортамен қарым-қатынас үрдісінде байқалады. Адамды белгілі бір жағдайда әрекет етуге, алдына мақсат қоюға және оны орындауға итермелейтін не? Осындай итермелейтін себепке қажеттілік жатады.
Қажеттілік адам тарапынан белгілі бір затқа нәрсеге қанағаттанбау тұрғысында іске асады, ал жеке тұлғаның белсенділігі қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталады. Адам қажеттілігі табиғи, рухани, әлеуметтік қажеттіліктер болады.
Түрткілер - қажеттіліктің нақты көрінуі. Түрткілер (мотивтер) - бұл қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты іс-әрекетке итермелеу.
Психологияда мотив түсiнiгiне келесiдей анықтама берiледi: мотив - бұл адам санасында қаланып, оны белгiлi бiр қажеттiлiктi қанатағаттандыру үшiн əрекетке итермелеушi себеп күш. Ал кең мəнiнде мотив - шындыққа сай заңдылық ретiнде ықпал жасап, объектив қажеттiлiк түрiнде көрiнетiн болмыс. Ал мотивтiк əрекет қылық пен iс-əрекеттi психикалық реттеудiң ерекше түрi (Р. Г. Агеева).
Қорыта айтқанда, адамның əрқандай қылық - əрекетi оның мотивтiк себеп күштерiне байланысты. Сонымен, адамның қалаған iс-əрекетiнiң негiзiнде оны осы iс-əрекетке ынталандырушы мотив жатыр.
Мотив дамуы мен басталған iс-əрекет арасында қайшылық та туындайды. Кейде мотив iс-əрекет жобасынан бұрын қалыптасады, ал кейде кешеуiлдейдi, осыған байланысты əрекет нəтижесi де əртүрлi болады. Жоғарыда аталғандардың қорытындысы: мотив құрамы iс-əрекеттiң бiр бөлiгi емес, жеке адамның мотивтiк-қажетсiну аймағы деп аталатын күрделi жүйенiң ажыратылмас бiрлiгi. Мотивтiк-қажетсiну аймағы жеке адамның өмiр бойы қалыптасып, дамып барша түрткiлерiнiң жиынтығын аңдатады. Тұтастай бұл аймақ қозғалмалы, өмiрлiк жағдайларға байланысты түрленiп, дамуда болады. Солай да болса, кей мотивтер бiршама тұрақты, басымдау келiп, адам өмiрiнiң бағыт-бағдар өзегiне айналады.

Мотивтердiң қайдан жəне қалай пайда болатыны жөнiндегi мəселе психологиядағы басты проблемалар. Мысалы, А.Маслоу мотивтердiң негiзiн бiрiнен бiрi деңгейi бойынша жоғарылай түскен қажетсiнулер тобы деп бiледi, олар биологиялық қажетсiну, қорғаныс қажетсiнуi, сыйластық, абырой қажеттiгi мен ең жоғары қажетсiнулер: өз мүмкiндiктерiн ашып, оларды жүзеге асыру. Адамның iс-əрекетiн бағыттаушы əрi оны нақты жағдайларға икемдестiрушi тəуелсiз тұрақты мотивтер жиынтығы жеке адамның бағыт-бағдары деп аталады. Бағыт-бағдар əрдайым əлеуметтiк негiзге ие болып, ол тəрбие нəтижесiнде қалыптасады. Бағыт-бағдар - адамның қасиеттерiне айналған көрсетпе-талаптар. Бағыт-бағдар құрамына өзара байланысты, деңгейi жағынан бiрiнен бiрi жоғары бiрнеше формалар кiредi: қызығу, мұрат, көзқарас, сенім, ұмтылу.

Аталған формалардың қысқаша мəнi:
Қызығу - бағыт-бағдардың қандай да затқа ауысуындағы танымдық форма; Қызығулар өзінің мазмұны, ауқымы, тереңдігі, тұрақтылығы, және тиімділігі бойынша сипатталады.
Көзқарас - қоршаған дүние болмысын философиялық, эстетикалық, этикалық, жаратылыстану жəне басқа ғылымдар жүйесiнде тану;
Сенім - адамды өз танымы, принципi, көзқарастарына орай əрекетке ықпалдаушы мотивтер жүйесi, бағыт-бағдардың ең жоғарғы формасы.
Ұмтылу - мінез-құлық түрткілері, онда қажеттілік түрінде аңғарылады, бірақ жеке тұлғаның арнайы ұйымдасқан іс-әрекетінің нәтижесі түрінде жасалуы мүмкін.
Ұстаным мәселесі, ұстаным теориясының негізін грузин психологі Д.Н.Узнадзе салған болатын. Ұстаным- бұл белгілі бір іс-әрекетке жеке тұлғаның саналы талпыну дайындығы, оның көмегімен белгілі бір қажеттілікті қанағаттадыруы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет