Әдебиеттер:
1. Ауталипова Ұ.И., Қоңырбаева С.С. Дау-дамайлар психологиясы: оқу құралы, -Алматы: Нұрлы Әлем, 2006. - 208б.
2. Конфликтология. Под.ред. В.П.Ратникова. Москва 2005
3. Практикум по конфликтологии . С.М.Емельянов.Москва 2003
4. Конфликтология. Громова.О.Н. Конфликтология. М: ЭКСМО 2000
5. Елеусізова.С Қарым қатынас психологиясы Алматы 1995
6. Руденский Е.В. Социальная психология М 2000
7. Құдиярова А. Ортақтасу психологиясы Алматы Дарын 2002
8. Марков.Г.Н. Справочник по конфликтологии, общению и менеджменту. –СПб. 2000.
9. Популярная психология для родителей / Под ред. А.С.Спиваковской – Спб, СОЮЗ, 1997.
10. Хорни К. Конфликты материнства // Психология конфликта: Хрестоматия / Сост. и общ. ред. Н.В. Гришиной. – СПб.: Питер, 2001.
11. Бизақова Ф. Отбасылық дағдарыс психологиясы: оқу құралы.- Астана: Фолиант, 2010. - 232 бет.
12. Жунусова А.Р. Психотерапия технологиялары: оқу-әдістемелік құралы.– Павлодар:Кереку, 2010. – 136б.
13. Абрамова Г.С. Возрастная психология. -М.: Академический проект; Екатеринбург: Изд-во «Деловая книга», 2000.-240с
14. Шнейдер Л.Б.Психология семейных отношений. -Москва: Апрель-Пресс, 2000г.-200с.
15. Гришина Н.В. Психология конфликта.-СПБ.:Питер, 2001г.-205с.
Дәріс 3. Тақырыбы: Жаңа уақыттағы әлеуметтік конфликтілерді зерттеу және ХІХ- ХХ ғасырдағы әлеуметтік ғылымдар шеңберіндегі конфликтология ғылымының дамуы.
Жоспары:
1.ХІХ - ХХ ғасырдағы әлеуметтік ғылымдар шеңберіндегі конфликтология ғылымының дамуы.
2.Жаңа уақыттағы әлеуметтік конфликтілерді зерттеу
Жеке адам оның мұқтаждықтары туралы теориялар өте ерте кезде грецияда пайда болған. Ең әдепті кезде пайда болып жайылған теорияның бірі – материалистік теория. Мұны жақтаушылар греция философтары Аристарх, Эпикур бұл теория бойынша адамның әрекеттеріқылықтары оның жағымды сезімдерге ұмтылып, оларды қайтарып тастаумен байланысты. Олардың айтуы бойынша адам өзінің тұрмысына, тіршілігіне әрқашанда сезімді тудырып, сол сезімдер үшін әрекет ету соған ұмтылу жөнінде жағымсыз сезімдерді жоюға талпынады.
Бұл теорияны жақтаушылар ХІХ ғасырдағы француз материалист–ағартушылары болып табылады. Олар жағымсыз сезімге қарсы шығып, дүниенің ең қызығы ешбір алаңсыз өмір сүріп, дүниенің бар қызығушылығын көріп қалу, сол себептен адамдар өздерінің тұрмысына жағымды сезімдерге көбірек ұмтылып оларды қайтарып тастау керек дейді.
Адамның эмоционалдық жағдайын бағалай отырып, біз оның нақты көңіл – күйіне сәйкес қарым – қатынасты дамытып, тереңдете түсуге мүмкіндік аламыз және өзіміздің, оның және төңірегіндегілердің мүдделеріне орай ол адамға тиімді психологиялық ықпал етудің жролдарын іздестіріп, пайдаланамыз. Егер біз қатысқан адамдарымыздың әртүрлі тұрмыстық жағдайлардағы әрекет – қылығын күні бұрын болжастыра алсақ, оның мінез – қылығын қажетті бағытта басқаруға және онымен ұнамды аралық қатынастар алып баруға қосымша мүмкіндіктерге ие боламыз.
Бөгде адамның тұлғалық дәрежесі жөнінде біз оның дене құрылымы, психологиялық және қылық - әрекеттік белгілері бойынша топшылаймыз. Бұл белгілер адамның сырт көрінісінен, киімінен, әрекет – қылығынан, сөзінен, бет - әлпеті мен ым – ишарасынан байқалады. Адамның сырт көрінісі мен психологиялық бейнесі арасында тікелей де толық байланыс болмағанымен, бұлардың екеуі қандай да өзара ықпалды қатынаста. Әрқандай адам жөніндегі біздің бірінші пайымдауымыз осы сырт келбет пен сөз, қылық көрінісінен туындайды. Ғылым ежелден – ақ адам мінезі мен дене құрылысының өзара байланысты екенін дәлелдеген (Э. Кречмер, У. Шелдон, т.б.) .
Дене құрылымы ерекше бітіске ие болған адамдар, мінезі жағынан да өзара ұқсамас. Осы тұрғыдан барша адамдар үш типке жатады: астеник, пикник, атлетик. Пикник типтес адамдар - көңілді, үйіршең, әңгімешіл, әрқандай қиыншылыққа жасымайды; астеник адамдар -
көбіне тұйық, оңашаланғанды ұнатады, ұдайы ойға шомып жүреді, ал атлетиктер – ұстамсыз, дүлей келеді.
Адамның ішкі жан дүниесі оның сөзі мен тілінен айқын көрінеді. Қандай сөздер мен тіркестерді қолдануына қарап, сөз ырғағы мен әуенін талдай отырып, сөйлеу процесіндегі тыныстары мен жеделдігіне орай жеке адамның ерекшеліктерін байқаймыз. Адамның сөйлеу мәнерінің біразы тума беріледі де, көбі оқу – тәрбие барысында пайда болады.
Кейбір қатынастарға байланысты адамдардың психологиялық бейнесі тұрақты келеді де, көбіне ауыспалы болады.
Адамның сырт көрінісіне орай оның образы біршама өзгеріссіз сақталады. Осыдан біз адамды көпшілік ішінде ажырата білеміз. Және бір тұрақты сақталатын қасиеттер – адам мінезі, қылық - әрекеті мен әдеттері. Осылар бойынша санамызда жасалған образдар арқылы біз көп заманнан ажырасқан адамымызды танимыз.
Кейде кездейсоқ ұшырасқан адамымыз көптеген таныс сияқты болып көрінеді. Ал тілдесе келе, оның әрекет – қылығына мән бере, тіпті басқа біреу екеніне көз жеткіземіз.
Кейде керісінше, алғашқыда танымасақ та, адамның мінез бітістерінен, әрекет қылығынан бұрыннан бізге таныс белгілерді байқап, жақындасуға тырысамыз. Осыдан біздің санамызда бекіген адам бейнесінде үлкен рөл ойнайтын мінез бітістері, екінші орында – адамның сырт көріністері.
Уақыт ағымына берілмей, ұзақ мерзім сақталатын белгілер – адамның қажетсінулері, әрекет – қылық мотивтері мен қызығулары. Бұлар бойынша біз адамды тануымыз мүмкін, бірақ бұл үшін аталған белгілер сол адамның сырт көрінісі мен мінезінен біраз байқалуы тиіс.
Жоғарыда бөгде адамды тану, білу мүмкіндігін айтып өттік, ал енді адам өзін - өзі сарапқа сала ала ма, жоқ па деген сауалдарға жауап беруге тырысайық. Бұған қатысты оң да, теріс де жауап айту мүмкін емес. Себебі адам өзін - өзі танымаса, онда адамның қауым ортасындағы , әрекет қылықтары алдын – ала өзіндік болжастыруға келмей, тұрақсыз кейіпке енер еді. Сонымен бірге, мұндай адамның қатынас қылығы мен іс - әрекеттері ақыл оралымынан алшақ, төңірегіндегілердің ісімен сәйкестік таппайды. Егер адам өз әрекетін сырт көзбен бағалай алмаса, оның іс – қадамдары кейбір жағдайларда оғаш көрінеді. Егде адам балаша былдырласа немесе бала жасына келмей үлкеннің ұстамдығын танытса, төңірегіндегілер мұндайларды не жай күлкіге алады, не сайқы – мазаққа телиді.
Даралық – жеке адамның өзіне тән айрыкша бір сипаттамасы. Мұны әр адамның психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас ұтасуы деп түсінген топ. Даралық адамның басқалардан ажырататын өзіндік ерекше өзгешелігі. Әрбір адам айналадағы дүниені өзінше түйсініп, қабылдайды, оның есінің, ойының, зейлнінің өзіне ған тән ерекшеліктері бар, құштарлығы мен өзіндік қиясы, өз қызығуы мен ұнататыны; көңіл-күйінің ерекшеліктері, азды-копті эмоциялық тебіреністері, күшті не нашар дмыған ерік – жігері, түрлі мінез-бітістері болады. Адамның ішкі жан дүниесі, яғни қол жеткізісіз «мені» - ең тереңде жтатын барынша нәзік те қиын бағдарланатын өлшем. Жеке адамның ішкі жан дүниесі-сол адаммен бірге туып, дамып жетілетін, оның өзіне ғана тән нәрсе.
Әр адам күрделі ішкі жан дүниесі, даалың қасиеті тек қана оның басындағы қасиет емес, сондай-ақ өзін қоршаған адамдардың әрқайсысының басында бар екенін түсініп, қашанда есінде ұстағаны топ. Егер қасымдағы адам мененөзгеше болса, ол менен жаман адам деген қорытынды шықпайды. Ол жай басқа адам, сондықтанда өзіндін ерекшеліктерімен, жақсы, жаман жақтарымен қоса оны басқа адамды түсінуге тырысу қажет.
Адамды жеке даму деңгейінде сипаттаудың өзі де тілектері мен үмкіндіктерін, қылықтарын танып-білу деп түсінбеу қажет. Бұл айналадағы адамдарды, жақын туыстарының да тілектерін ақғару, олардың қызығулары мен мүдделерін, талғамдары мен көңіл-күйін, әдеттерін ескере білу деген сөз.
Адам бойындағы даралық қасиеттер оның өзгелерге қарым-қатынастарынан байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа туған нәресте де, ересек адам да, ақыл-есі ауысқан жынды да дара адам болып саналады. Осындай ерекшеліктерімен қатар қалапты дамыған, өмір тәжірибесі мен өзіндік қсиеті, әлеуметтік ортада өз орны бар адам жеке адам деп аталады. Жеке адамның азаматтың, кісілік, тұлғалық қасиеттері болады. Жеке адам Қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым-қатынас жасайды. Осындай іс-әректтеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттар сомдалады, қадір-қасиеттері қалыптасады.
Жеке адамның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс-әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адамның қимыл-әрекеті оның мінез-құлқынан, ниет тілегі мен бағыт-бағдарынан айқын байқалады. Ниет-тілектердің мәні адамның тіршілігінен, іс-әрекет түрлерінен, әлеуметтік ортада атқаратын қызметі мен ісінен айқын көрінеді. Сөйтіп, жеке адамнының жан сарайы, психикасының даралық ерекшеліктері сыртқа білініп тұрады.
Сыртқы нәрселер мен тіршілік ететік орта әлеуметтік жағдаймен ыңғайласып, адамға жапама түрде әсер етедіде оның психикасын дамытады. Адамның тіршілік ертасы үнемі өзгеріп те, өзгертіліп те отырады. Жеке адам бойындағы сапалық ерекшеліктері мен оның психологиялық дара өзгешелігін білдіретін қаиеттер – темпераменті мен мінезі, психикалық процестерді басынан кешіруі, сезім күйлері мен іс-қимылы және қабілеті бірдей адамдар жоқ. Даралық сапалар тарихи қалыптасып, жеке адамның кісілік қасиеттерін құрайды. Әрбір адамның мінез-құлық ерекшеліктері де әлеуметтік ортада дамып жетіледі. Сондық, біз жеке адамды қоғам мүшесі ретінде санап, оның әлеумет өміріне ықпал етіп отыратын белсенділік әрекетін де ескереміз. Мінез бітімі, темперамент ерекшеліктері, ақыл-ой сапасы, қызығуының басты бағыты әрбір дара адамның өзіндік психологиялық тұрақты бейнесін жасайды. Әр түрлі құбылмалы жағдайларда адамның бір қалыпты бейнесін осындай тұлғанық қасиеттері көрсетеді. Сондай-ақ, мұндай, тұрақты қасиеттер жеке адамның жан дүниесі құралымындағы даралық тұлғаны да бейнелейді. Адам бойындағы тұлғалық қасиеттер қоғамдық тәрбие нәтижесінде өзгеріп те, жақа сапаларға ие болып та отырады.
Жеке адамның тұлғалық сипаттарында ерекше байқалатын екі түрлі ерекшелік бар. Оның бірі-әрбір адамның құрылымы мен және басындағы даралық сипаттар. Бұл- адамдардың типтін мақсаттары мен байланысты теориялық мәселе. Екіншісі – сол типтерден туындайтын және жеке басқа бағынышты азаматтық ерекшелектер. Бұл мәселе осы заманғы психологияда айрыкша мақызды деп саналатын биологиялық және жеуметтік факторларға негіздене отырып қарастырылады. Биологиялық фактор-адамға тау берілетін табиғи анатомиялық және физиологиялық қасиеттер, ал жеуметтік фактор-адамның дамып жетілуіне тіршілік ортасының қоғамның, тәлім-тәрбие істерінің әсер. Осы екі фактор адамның психикалық дамуында бірінбірі толыктырып отырады.
Адамның өзідік психологиялық сипатын зерттеуде ерекше орын алатын іс-әрекет түрі-оның белсенділігі. Белсенділік іс-әрекетпен, оның бағдар-мақсатымен, өмір тіршілігімен тығыз байланысты. Іс-әрекеттің белсенді болуы жайында психологияда әр алуан көзқарастар, пікірлер бар. Сонық бірі – Австрия ғалымы З.Фрейдтің пікірі.Ол адамның белсенділігі инстинкті әрекеттеріне, соның ішінде жыныстық еліктеу мен өзін-өзі сақтау инстинктіне байланысты дейді. Адам мұндай инстинктерге шек қойып, оларды тежейді, өз бойындағы күш-қуатын сақтап, оны басқа мақсаттарға, мәдени қажеттіліктерін өтеуге жұсайды.
Сөйтіп, ол өзінің мінез-құлқын саналы түрде басқарады. Алайда, З.Фрейдпен оны жақтаушы зерттеушілер адамның белсенділгі сол жыныстық еліктеудің шеңберінен шыға алмайды деп «Эдип комплексі» дейтін мәселе көтеріп, ерте замандағы ірек жазушысы Софоклдың «Эдип патша» атты шығармасының саре уағыздайды.
Ғылыми зерттеулерінде кемшіліктер болғанымен де З.Фрейтің адам бойындағы белсенділік әрекеттің табиғи әрі биологиялық құбылыс екендігін желдеп беруінің өзі-үлкен жаңалық. Дегенмен, оның белсенділік әрекеттің қозғаушы күші жыныстық қатынастарға сәйкес дамуды дейтін пікірін көптеген шетелдік психологтар орынсыз деп салады. Атап айтатын болсақ, А.Кординер, В.Фрамм, К.Хорни Фрейд көзқарасының кемішілігін ашып көрсете алмаса да өздерінше «жақа фрейдизим» деген ағымды тудырды.
«Жаңа фрейдизим» ағымы адам тіршілік еткен ортасына тәуелді болып, сол ортаға бейімделгіні келеді деп санады. «Жаңа фрейдшілдердің» ойынша, тіршілік ортасша бейімделген адам әлеуметтен өзінің ғашығын іздейді, соған ұмытылады, билік үшін күресте беделге не болады, адамдар тобының ырқына көніл, мақсатына жетуге талпынады. К.Хорни адам қоғамнан ауляқ болып, ғашығымен мұндасып, оқаша сырласқыш келеді дейді. Сөйтіп «жаңа фрейдшілер» адамның белсендігін асыра дәріптеп, оған мистиқалық өң береді. Ал шын негізінде адамның беленділік іс-әрекеттері ғылыми-материалистік тұрғыдан қарастырылуы тиіс болатын. Белсендік әрекет адамның қажеттіліктерін қанагаттандырып, мұқтаждықтарын өтеу әрекетімен ұштады. Қажеттілік – адам белсенділігінің негізгі себебі және іс әрекетке істермелеуші күш. Қажеттілік қоғамдық тәлім-тәрбие ықпалымен қалыптасып, адамның материалдық, рухани, қоғамдық мұқтаждықтарын қанағаттандырады. Мұндай қанағаттандыру қоғамдық-даралық сиппатта болып, қажеттілік тектік белгісіне орай табиғи және рухани-мәдени, ал сол заттарды ұстап-тұтыну сипатына қарай материалдық және рухани қажеттіліктері болып бөлінеді. Материалдық-заттың қажеттіліктерге тамақ, кесім-кешен, тұрғын үй, тұрмыс заттары жатады. Рухани қажеттілік адамның басқа адамдармен әңгімелесіп, пікір алысу, білімін көтеріп, кітап, газет-журнал оқуы, өнер түрлерін үйренуі т.б. мұңтаждықтарын қанағаттандыру арқылы жүзеге асады. Қажеттіліктер тегімен адам санасылық тарихи дамыуна орай және оларды тұтыну объектісіне сәйкес түрлі болып бөлінеді.
Адамның көптеген психологиялық ерекшеліктері, оның өмір сүретін ортасына қоғамдық қатынастардың тікелей әсер етуінен қалыптасып отырады. Адамның айналасын қоршаған дүние үнемі өзгеріп отыратындықтан, осымен бірге оның түрлі ерекшеліктері де дамып, өзгеріп отырады. Мұндай қасиеттер адам өмірге келісімен пайда болмайды. Адам белгілі дәрежеде өсу, жетілу процесінде дамиды.
Жеке адам - әлеуметтік қатыныстармен саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы нақты қоғамның мүшесі. Өзін басқалардан ажырата білетін өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек адам. Адам қоғамнан тыс тәуелсіз өмір сүре алмайды. Өйткені оның тәні де, жаны да айналасындағылармен қарым – қатынас жасау үстінде тек әлеуметтік әсер жағдайында ғана адам кісілік мән – мағынасына ие болады. Адам санасының дамып, өсіп жетілуі оның ортасымен (отбасы, мекткп т.б.) тығыз байланысты. Әлеуметтік әсері тимейтін әлеуметтік құрықтан шығып кететін ешбір адам болмақ емес.
Достарыңызбен бөлісу: |