Дәріс 1.
Тақырыбы: Конфликтология түсінігі. Психологиялық ғылымдар негізіндегі конфликтологияның даму мен қалыптасуы.
Жоспары:
1. Ежелгі дүние және орта ғасырдағы конфликт мәселелері жайлы
2.Жаңа уақыттағы әлеуметтік конфликтілерді зерттеу және ХІХ- ХХ ғасырдағы әлеуметтік ғылымдар шеңберіндегі конфликтология ғылымының даму.
3.Психологиялық ғылымдар негізіндегі конфликтологияның даму мен қалыптасуы.
4.Қақтығыс деген не?
Қай кезеңде болмасын адамдармен қарым – қатынас құрып, біріге жұмыс істеп, шешім қабылдау қарапайым іс - әрекет болып есептелінген жоқ. Себебі әр адамның көзқарасы, ойы, танымы, жеке басының ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан да олармен санасып, саналы, да сапалы шешім қабылдап «Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығару» яғни келісімге келу күрделі мәселелердің бірі.
Бұл ретте басқарушы адам іс-әрекет пен адамдар қарым – қатынасын жақсы жүзеге асыру үшін бір қатар талаптарды орындау қажет:
1.Басқару субъекті мен объектісі бір біріне сәйкес болуы қажет. Егерде олар жұмыс процесінде бірін - бірі түсінсе, өз мүмкіншіліктерін жүзеге асырып екіжақты қанағаттануға келеді. . Егер де басшы мен қарамағындағылар арасында психологиялық шиеленіс болса, онда олардың арасында конфликт туындайды да жұмыс нәтижесіне жаман әсер тигізеді.
2. Басқару субъектісі және объектісі дербесті болып келуі керек. Басқару субъектісі объектінің барлық қызығушылығын қамти алмайды. Яғни басқару объектісі адамдар болғандықтан, олардың ситуацияға деген өз көзқарастары, ойлары, ынталары болады, өз мүмкіндіктерін іс – тәжірибеде жүзеге асыруға тырысады. Мұндай мүмкіншілік болмаған жағдайда адамдар өз белсенділігін бұқтырады немесе өз пікіріне жетуге тырысады.
Адамдардың мүдделерімен санаспау болмаған жағдайда тұтас басқару проблемасын туындатады.
Тұлғааралық конфликтілер конструктивті және деструктивті болып бөлінеді. Конструктивті - қарым – қатынастың оптимизациясына бағытталған. Деструктивті – қарым – қатынасты бұзуға бағытталған.
Конфликтінің себеп – салдары әртүрлі. Олар өзара біріге қызмет жасайтын адамдар арасында, жеке бастың жағымсыз әсерінен, басқару стильдерінің қарамағындағылардың наразылығын тудырудан туындайды.
А.Я. Анцупов және А.И. Шипилов конфликт құрылысының екі негізгі компоненттерін бөлген: конфликтілік ситуациялар және конфликтілік қарым – қатынастар.
Конфликтілік ситуациялар өзіне мына ерекшеліктерді қосады: конфликтіге түсетін жақтарды, конфликт объектісі, әлеуметтік жағдаяттар, конфликтілік ситуациялардың ситуациясы.
Яғни, басқару адам әрекеті қайда болмасын қостап, қолтықтасып жүреді. Және адамның қандай да болмасын іс-әрекеті басқаруды талап етеді. Тек басқарудың арқасында іс -әрекет мүмкін болады.
Сөйтіп кез келген әрекет, соның ішінде басқару әрекеті де ұйымдастырушы мен басшылық жасаудың барлық функцияларын іске асыруда басшылыққа алатын бірқатар қағидаларды сақтауға негізделеді. Ол қағидалар мақсат қою және жоспарластыру, ұйымдастыру, бақылау және т.б. топтастырылады. Ал басқару қағидалары басқару заңдылығының бейнелену және нақты іске асуын танытады.
Кез – келген адамға конфликт маңызды ерекшелік болып көрінбесе, оның шешімін табуға тырысып бағады. Конфликтілік ситуациялардың шешімін табу, конфликтіге тікелей қатысты екі жақтың көмегімен іске асады.
Л.А. Петровскаяның нұсқауынша, шындықтағы ситуация емес, ал конфликтілік ситуацияның сипаттамалары екі жақтың конфликтідегі іс - әрекетін анықтайды. Сондықтан да конфликтінің құрылымдық құрамы конфликтілік ситуациялардың образы болып келеді.
Жеке адамның өз ішкі конфликтілік жағдайы, үлкен конфликт түрлеріне себепші болулары мүмкін. Өйткені әр адамда өзінше психологиялық қысым, эмоциялық – қанағаттанбаушылықтардың себебіне байланысты.
Бұндай уақытта адамға кез – келген болмашы жағдайлар, эмоциялық бұзылуға әкеп соғады. Сонымен қатар жұмысшы өз кәсібінде ешбір қызметтің өсуі болмаған жағдайда, жұмысымен қанағаттанбаған кезде болады.
Осындай ситуацияларды зерттеп, мән – мағынасына терең үңілу үшін әр адам өзінің жеке ісі мен тәртібіне саналы жауап қайтара алуы қажет.
Конфликтология соқтығысу деген мағынаны көрсетеді, яғни оны субъектіледің өзара байланыстары немесе оппоненттердің көзқарастарында, пікірлерінде, позицияларында, мүдделерінде және мақсаттарында келіспеушілік негізінде қарама-қайшылықтардың соқтығысуы деп түсіндіріледі. Қандай да болмасын дау дамай негізінде себепке байланысты екі жақтын позициясын немесе жағдайын шешетін құрал не мақсаттарындағы қарама-қайшылықтар болатын жағдай болады. сонымен, шиеленістік жағдай ол, қайшылықтар туғызатын субъектілер арасындағы объект деп те айтуға блады. Бірақ дау дамайдың дамуы үшін бір жақ екінші жақтың мүдделерін табанға басатын оқиға (инцидент) қажет. Конфликті дау дамай жағдайдан айыру үшін мына формуланы білген дұрыс:
Конфликт =мәселе+дау дамайлы жағдай+дауға қатысушылар+оқиға.
Оқиға дегеніміз дау дамай жағдайдың қатысушыларының әрекеті немесе әрекет жиынтығы.
Дау дамай жағдайға қатысушылар болып тікелей таласқа түсетін (топ, адам, ұжым, ұйым, мемлекет) субъктілер жатады.
Дау дамай жағдай дегеніміз ол екі немесе бірнеше қатысушылардың жасырын немесе айқын тайталас жағадайы, осы соқтығыстың қатысушыларының жеке басына маңызы зор, яғни әр біреуінің мәселені шешетіндей мақсаты, түрткісі, құралы немесе тісілдері болады.
Конфликт дегеніміз қарама-қайшылықтардың күрт асқыну процесі және оған қатысушылардың жеке бастарының мәселені шешудегі күресі.
Әртүрлі басқару мектептері, әсіресе адам қатынастары мектебінің өкілдері, қақтығыс – бұл іс-әрекетті тиімсіз ұйымдастыру және нашар басқарушылық деп есептеді. Біздің кезімізде теоретиктер мен практиктер кейбір қақтығыстар ең тиімді өзара қатынасы өте жақсы өндірістің өзінде тек қана мүмкін емес, қажет болып табылады. Бірақ тек қақтығысты басқара алу керек. Қақтығыстардың рөлі және оларды реттеу қазіргі қоғамда өте маңызды, сондықтан ХХ ғасырдың екінші жартысында білімнің арнайы саласы – қақтығыстану ғылымы пайда болды. Оның дамуына әлеуметтану, философия, саясаттану және психология ғылымдары үлкен үлес қосты.
Қақтығыс деген не?
Қақтығыстың әртүрлі анықтамалары бар, бірақ олардың барлығы қарама-қайшылықтың болуын көрсетеді, егер адамдар арасындағы өзара әрекетті сипаттаса, олар әртүрлі формада болуы мүмкін. Қақтығыстар жасырын немесе ашық болуы мүмкін және олардың негізінде келісушіліктің болмауы жатады. Сондықтан қақтығысты екі немесе одан да көп адамдар немесе топтар арасындағы келісушіліктің болмауы деп анықтаймыз.
Қақтығыс (лат. тілінен conflictus – соғылысу) – жекелеген индивидтерді, өзара тұлғалық немесе тұлға аралық, адамдар тобы арасындағы ұшқыр эмоционалды бастан кешулермен байланысты қарама қарсы бағытталған, бір-бірімен үйлеспейтін бағыттардың соғылысуы. Келісушіліктердің болмауы әртүрлі көзқарас, пікірлер, идеялар, қызығушылықтардың және т.б. болуымен байланысты.
Қақтығыстарды қандай да бір түрлерге бөлу шартты түрде, әртүрлі түрлері арасында нақты бір шекара болмайды. Практикада қақтығыстың келесі түрлері кездеседі: тұлғааралық ұжымдық вертикальді; топаралық ашық вертикальді және т.б.
Қарастырылған қақтығыстар әртүрлі позитивті де, негативті де функциялар атқарады. Қақтығыстардың негізгі функциялары кестеде ұсынылады.
Бірақ айтылғандай, үнемі айқын түрдегі соғылулар немесе қақтығыстар түрінде болмайды. Бұл адамдар арасындағы қойылған мақсатқа жетудегі өзара әрекеттің қалыптылығының бұзылған кезінде болады. Адамдар мұндай жағдайларда қарама-қайшылықтарды қандай да бір жолдармен меңгеріп, ашық қақтығыстық өзара әрекетке шығады. Қақтығыстық жағдай барысында, оған қатысушылар өздерінің әртүрлі пікірлерін білдіріп, шешім қабылдаудың түрлі альтернативаларын ұсынады. Қақтығыстың позитивті жағы да осы болып табылады. Бірақ қақтығыс үнемі оң сипатқа ие бола бермейді.
Егер қақтығыстар негізделген шешімдерді қабылдап, өзара қатынастың дамуына жағдай жасаса, онда оны функционалды (конструктивті) деп атайды. Тиімді өзара әрекетке және шешім қабылдауға кедергі келтіретін қақтығыстарды дисфункционалды (деструктивті) деп атайды. Қақтығысқа дұрыс талдау жасап, оның себептері мен салдарын түсіне алу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |