Түзілген темірдің гипохлориді электролит-пептизатор болып табылады. Әрі қарай адсорбциялық пептизация жағдайындағыдай үрдістер жүріп, мицелла түзіледі:
{[mFe(OH)3] · nFeO+ · (n-x)Cl-}x- ·xCl-
Тұнбаны ерітіндімен шаю.
Бұл әдіс егер бір реагентті артық мөлшерде алу барысында ғана тұнба түзілсе пайдаланылады.
Диффуздық қабаттың иондары адсорбциялық қабатқа өтіп, нәтижесінде коллоидты бөлшектердің зарядтары нолге теңесіп, бөлшектердің агрегациялану жүреді:
{[mFe(OH)3] · nFe3+ ·3nCl-}0
Тұнбаны мицелланың ерітіндісімен шайғанда келесі түр түзіледі:
{[mFe(OH)3] · nFeO3+ · 3(n-x)Cl-}3x+ ·3xCl-
Коллоидты ерітіндіні алудың конденсациялық әдісі
Конденсация
Гомогенді – жүйедегі концентрация және тығыздықтың флуктуациясы барысында өздігінен туындаған өсінділердегі жаңа фазаның пайда болуы
Гетерогенді – бұрын пайда болған беткі қабаттағы (ыдыс қабырғалары, қоспа бөлшектері) жаңа фазаның пайда болуы