Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы


Жоғары мектептегі практикалық сабақтар



бет58/67
Дата04.05.2023
өлшемі184,5 Kb.
#176015
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   67
Байланысты:
Ä?ð³ñ òà?ûðûïòàðûíû? òåçèñòåð³. Ä?ð³ñ òà?ûðûáû ¹1. ?Ð æî?àðû á³ë

3. Жоғары мектептегі практикалық сабақтар.
Жоғары мектептегі практикалық сабақтардың мәні студенттерге пәнді тереңдете игерту. Практикалық сабақ барысында студенттерде игерілген теориялық білімдерді практикалық міндеттерді шешуге пайдалану іскерліктері қалыптасады. Практикалық сабақтың мақсаты лекцияда игерілген білімдерді тереңдету, кәсіби іс-әрекетке қажетті іскерліктер қалыптастыру.
Семинар – жоғары мектептегі практикалық сабақтардың негізгі түрлерінің бірі. Семинар сабақтарында келесі педагогикалық міндеттер шешіледі: - шығармашылық кәсіби ойлауды дамыту;
- танымдық мотивацияны дамыту;
- оқу жағдайларында білімдердерді кәсіби міндеттерді шешуге қолдану. Сонымен қатар семинар сабағында білімді бекіту, бақылау міндеттері де шешледі. Семинар түрлері: просеминар, семинардың өзі және арнайы семинар. Семинарда студенттердің іс-әрекеттерін ұйымдастыру түрлері. Лабораториялық сабақтар студенттердің теориялық білімдері мен практикалық іскерліктері және дағдыларын оқу-зерттеушілік сипаттағы бір процесте біріктіреді. Лабораториялық жұмыстардың оқу мамандықтарына байланысты ерекшеліктері бар.
Семинар сапасын бағалау критериилері: мақсаттылығы, жоспарлау, семинарды ұйымдастыру, семинарды өткізу стилі, “Оқытушы - студент” қарым қатынасы, топты басқару, оқытушы ескертулері.
Семинар сабағы құрылымының үлгісі
I. Мотивация (немесе қызығушылықты ояту) кезеңі
Сабақ басында оқытушы студенттерге талқыланатын проблеманы (проблемаларды) ұсынып, сол мәселе бойынша білімдерін, пікірлері мен көзқарастарын анықтау мақсатында оларға келесі тәртіппен төмендегідей тапсырмаларды орындауды ұсынады:
- Жеке жұмыс. Әр студент «Мен осы тақырып бойынша не білемін? Бұл мәселе бойынша ойларым мен ұстанымдарым қандай? » деген сынды сұрақтар төңірегінде беpiлген уақыт ішінде (1-3 минут) жекелей ойланып, өз идеяларын қағазға түсіреді.
-Топтық жұмыс. Шағын топ ішінде студенттер жазғандарымен бөлісіп, талқылау ұйымдастырады, өз ойларын толықтырады, оларға өзгерту енгізеді. Топтық талқылау нәтижесінде студенттер бәріне де ортақ жалпылама бір шешімге тоқталуы керек. Бұл жұмысқа уақыт көбірек беріледі (шамамен 5-7 минуттай).
- Жариялау, Кезекпен әрбір топтан бір студент (шешен, спикер) топ тұжырымдарын ауызша жария қылады.
- Қорытындылау. Оқытушы немесе оқытушының сұрауы бойынша бір студент талқыланатын проблема бойынша бүкіл аудитория келтірген негізгі деректер мен проблемалардың қысқаша тізімін тақтаға (плакатқа) жазады.
- Негізгі проблеманы айқындау. Тақтаға жазылған тізім ішінен студенттер оқытушының ұйымдастыруымен ең өзекті проблеманы таңдайды (проблемалардың бірнешеу болуы да мүмкін; мұндай жағдайда әр топ сабақтың келесі кезеңінде жеке проблеманы қарастыру ісімен шұғылданады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет