Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы


Практикалық сабақта компьютерді қолдану



бет60/67
Дата04.05.2023
өлшемі184,5 Kb.
#176015
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   67
Байланысты:
Ä?ð³ñ òà?ûðûïòàðûíû? òåçèñòåð³. Ä?ð³ñ òà?ûðûáû ¹1. ?Ð æî?àðû á³ë

3.1 Практикалық сабақта компьютерді қолдану
Практикалық сабақта компьютерлік техниканы қолданғанда оның тиімділігі күрт өсетіндігі мәлім. Компьютер студентке ақпаратты игеру тұрғысында өз басының жеке біліктері мен дағдыларын дамыту мүмкіншілігін береді.
Компьютерді практикалық сабақта қолданғанда студенттергс келесі тапсырмалар берген орынды:
I. Қарастырылатын мәселе бойынша Интернеттен қосымша материалдар іздеу және оларды таңдап, бір жүйеге келтіру (клас-сификациялау): ол үшін студент ақпаратты бөлімдер немесе тақырыптар бойынша жіктеуі керек.
Бұл тапсырманы ұсынғанда оқытушы студентке сайттардың адрестерін немесе тізімін алдын-ала бергені дұрыс. Студент тапсырманы орындау барысында EXCEL бағдарламасын қолдана отырып, берілген ақпараттың базасын дайындап, оларды белгілі бір жүйе бойынша бөледі.
2. Компьютерлік оқу бағдарламалары немесе оқулықтарды қолдана отырып, берілген проблема бойынша қандай да бір тапсырма орындау. Мәселен, студент 1С-Бухгалтерия бағдарламасын қолдана отырып, шағын кәсіпорын қызметкерлерінің айлық жалақысын есептеп шығады, немесе «Ағылшын тілін оқыту әдістемесі» электрондық оқулығынан алынған кейбір әдістемелік идеяларды қазақ тіліне оқыту мәселелеріне орай қолданады. 3. Интернеттен алынған қосымша материалдарды лекцияның теориялық тұжырымдарымен салыстырады, оларға баға береді.
Мысалы, ақпараттың екі көзі(лекция және Интернет) берген статистикалық мәліметтерді салыстырып, олардың әлеуметтік дамудағы
(саясатта, экономикада, демографияда, мәдениетте, қоғамдық пікірде, т.б.) қандай тенденцияларды меңзейтіндігі жайлы талдау жұмысын орындайды. 3.2 Практикалық сабақ құрылымының үлгісі
I. Мотивация (немесе Қызығушылықты ояту) кезеңі
Сабақ басында оқытушы студенттерге теориялық тұжырымды (идея, проблема, ереже, анықтама, рет пен тәртіп, схема, кесте, жоспар, параметрлер, ақпарат, статистикалық мәліметтер, көрсеткіштер, т.б.) еске түсіруді ұсынады, сол мәселе бойынша ӨЗ ойлары мен пікірлерін анықтау мақсатында оларға төмендегідей тапсырмаларды орындауды ұсынады:
- Жеке жұмыс. Әр студент «Мен осы мәселені қалайша түсінемін? Ол бойынша ұстанымдарым қандай?» дегсн сынды сұрақтар төңірегінде берілген уақыт ішінде (1-2 минут) жекелей ойланады.
- Топтық жұмыс. Шағын топ ішінде студенттер өз ойларымен бөліседі, оларды талқылайды, өз ойларын толықтырады (4-6 минут).
- Жариялау және қорытындылау. Әрбір топтан бір студент (шешен, спикер) топ тұжырымдарын ауызша жария қылады, Олардың жауаптары тақтаға(плакатқа) жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет