Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы


Негізгі әдебиеттер: 4, 5, 6, 7, 18, 19, 22, 26, 36, 44, 57



бет62/67
Дата04.05.2023
өлшемі184,5 Kb.
#176015
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Байланысты:
Ä?ð³ñ òà?ûðûïòàðûíû? òåçèñòåð³. Ä?ð³ñ òà?ûðûáû ¹1. ?Ð æî?àðû á³ë

Негізгі әдебиеттер: 4, 5, 6, 7, 18, 19, 22, 26, 36, 44, 57.
Қосымша әдебиеттер: 3, 10, 22, 24.
Дәріс тақырыбы №10. Студенттердің өзіндік жұмыстары. 1. Студенттердің өзіндік жұмыстарының мәні, түрлері.
2. Студенттердің ғылыми –зерттеу жұмыстары туралы түсінік,формалары,бағыттары
3 СҒЗЖ кешенді жүйесі
Дәрістің мақсаты: жоғары мектептегі студенттердің ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері және оны ұйымдастырудың әдістері мен формалары туралы білімдер жүйесін қалыптастыру.
Негізгі ұғымдар: «ғылыми зерттеу», «зерттеушілік мәдениет», «зерттеудің әдіснамасы».
1. Студенттердің өзіндік жұмыстарының мәні.
Студенттердің өзіндік жұмыстары – оқытушының тапсырмасы және әдістемелік басшылығымен, бірақ оның тікелей қатысуынсыз орындалатын студенттердің жоспарланған жұмыстары. Студенттердің өзіндік жұмыстарының деңгейлері:
- репродуктивтік;
- реконструктивтік;
- шығармашылық, ізденімпаздық.
Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру үшін кафедрада өзіндік жұмыстар үшін тапсырмалар жүйесі, рефераттар, баяндамалар, курстық жұмыс тақырыптары, оларды орындаға арналған әдістемелік нұсқаулар, СӨЖ-ді тапсыру графиктері жасалынады.
Студенттердің өзіндік жұмыстарын жекелендіруде студенттердің интеллектуалдық қасиеттеріне байланысты әртүлі тапсырмалар жүйесін жасаудың маңызы зор. СӨЖ тапсырмаларын ұжымдық, жеке орындау.
2. Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстары туралы түсінік, формалары, бағыттары
Студенттердің ғылыми–зерттеу жұмыстары ЖОО-ның маман даярлаудың ажырамас бөлігі болып табылады және оқу, ғылыми үдерістер бірлігінде шешілетін университеттің негізгі мақсаттарының бірі саналады..
Ғылым мен техниканың қарқынды өсу деңгейінің әлемдік үдерістерге әсер ету, экономиканың ауқымдану шарттары Қазақстанда оның ғылыми әлеуетін күшейту жөнінде проблемалар туғызды. Қазіргі кезеңде мемлекеттің басты міндеттерінің бірі ғылымды қолдау және дамыту болып табылады.
1Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары теориялық және қолданбалы проблемаларды қалыптастыруға қызмет етеді. ЖОО-да оқу үдерісі оқу, тәрбие, өндірістік іс-тәжірибе және ғылыми-зерттеу жұмыстарының болып табылады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары ЖОО әлемдік стандарттар талаптарына жауап бере алатын, ғылым мен білімді интеграциялауда көп жылдық отандық және шетелдік тәжірибелерге арқа сүйетін жаңа шарттарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет