Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы



Pdf көрінісі
бет32/181
Дата17.05.2020
өлшемі1,5 Mb.
#69256
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   181
Байланысты:
downloadPdfUmkd

Мектепке дейінгі педагогика – мектеп жасына дейінгі балалар тұлғасының 
даму,  қалыптасу  заңдылықтары  туралы  ғылым.  Қазіргі  уақытта  мектепке 
дейінгі білім беру дидактикасының салалары, мектеп жасына дейінгі балаларды 
тәрбиелеудің  теориясы  мен  әдістемесі,  баланың  мектеп  алдындағы  дамуының 
халықаралық  стандарттары,  мектепке  дейінгі  тәрбиемен  айналыса-тын 
мамандарды кәсіптік даярлаудың теориясы мен практикасы бар.  
Жоғары  мектеп  педагогикасы  педагогика  ғылымдары  жүйесінде  ерекше 
орын алады. Оның дамуы бірнеше себептерге байланысты. Олардың арасында – 
ғылыми  әлеуметтің  себеп  болуы.  Болашақ  мамандарды  ғылым  докторлары, 
профессорлар, 
академиктер, 
ғылыми 
теорияның 
авторлары, 
тұжырымдамаларды  жазып  даярлаушылар,  өздерінің  арнаулы  салаларында 
инновациялық  технологияларды  жасаушылар  сияқты  жоғары  біліктілердің 
өкілдері оқытады. Бірақ олардың көпшілігі жоғары білімнің жаңа дидактикалық 
жазылымдарын  құрастыруға,  студенттерді  оқытудың  әдістемелерін  жасауға 
қатысады.  Бұл  инновациялық  жазылымдар  студенттердің  қатысуымен 
ұйымдастырылады.  Көптеген  дидактикалық  жазылымдар  жоғары  оқу 
орындарында  мектеп  пен  оқу  орындарының  мұқтажын  ескере  отырып 
жасалынады.  Нәтижесінде  университеттік,  институттық  танымдық  еңбектің 
әдістемесі  мектептегі  оқу  үрдісіне  көшіріліп,  оны  жаңартудың  құралы  болып 
табылады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет