Диалектикалық материализм - ұғымдардың обьективтік мазмұны
болатындығын анықтап, обьективті шындықты көрсетеді. Біз айналамыздағы
обьективтік орта туралы білімдеріміздің үнемі мазмұны жағынан толығып,
тереңдеп отыратынын, ондағы күрделі байланыстардың айқындала түсетіні
байқалады. Сондықтан категория (ұғым) - ғылымның тілі, сол арқылы
айналадағы шындықты толық немесе терең түсінуге болады. Әр ғылым өзіне
тән категорияларды қолданады. Жеке ұғымдар, яғни категориялар негізгі
ұғымдар төңірегінде шоғырланады.
Достарыңызбен бөлісу: |