Тәрбие – жалпы тарихи категория ретінде оқыту мен білім беруді де қоса
қарастырады. Қазіргі заман ғылымында (тәрбиені) тарихи және мәдени
тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа берудегі қоғамдық құбылыс деп есептейміз
Өйткені тәрбиеші-оқытушы:
1.адамзатпен жинақталған тәжірибені береді;
2.мәдениет әлеміне ендіреді;
3.өзін-өзі тәрбиелеуге ынталандырады;
4.өмірдің қиын жағдайаттарында күрделі жағдайлардан шығудың жолдарын
табуға көмектеседі.
Өз кезегінде тәрбиеленуші студент:
1.Адамзаттық
қарым-қатынастардың және мәдениеттің негіздері мен
тәжірибесін меңгереді;
2.Өзіне-өзі қызмет етеді;
3.Мінез-құлық үлгілерін және қарым-қатынас тәсілдерін үйренеді.
Екінші категория оқыту – бұл оқушы мен оқытушының өзара
әрекеттестігі нәтижесінде оқушының дамуы қамтамасыз етілетін үдеріс
Осыған орай оқытушы:
1.Мақсатты бағдарланған білім береді, өмірлік тәжірибені, іс-әрекет тәсілдерін,
амалдарын, ғылыми білім және мәдениет негіздеріне оқытады;
2.Іскерліктерді және дағдыларды, білімдерді меңгеру үдерісіне жетекшілік
етеді;
3.Студент тұлғасын дамыту, есте сақтау, көңіл бөлу, ойлану, қортындылау үшін
жағдай жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |