Өз кезегінде студент:
1.Оқиды – курстастарымен бірге немесе өздігінен мұғалімнің көмегімен оқу
тапсырмасын орындайды және берілген ақпараттарды меңгереді;
2.Өздігінен байқауға, салыстыруға, ойлауға, қорытындылауға талпынады;
3.Қосымша ақпарат көздерін, жаңа білімдерді іздестіруге ынтасын білдіреді
(анықтама, оқулық, интернет), өздігінен білімін жетілдіреді.
Үшінші категориясы – білім беру.
1.дамушы адамның және қоғамның құндылығы;
2.адамды тәрбиелеу және оқыту үдерісі;
3.оқыту мен тәрбие үдерісінің нәтижесі;
4.білім беру жүйесі (мемлекет, аймақ, қала, ауыл және т.б шеңберіндегі)
мағынасында түсініледі.
Қалыптастыру - баланың қоғамда өздігінен өмір сүруге қабілеттілігін, өзінің
тағдырына өзі үкім ете білуін және өз мінез-құлқын жөнге сала білуін, сондай-
ақ дүниенің өзімен қарым-қатынасын түсінуін меңгерту.
|