Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы


-1960  жылдардағы  Қазақстандағы  білім  беру



Pdf көрінісі
бет57/181
Дата17.05.2020
өлшемі1,5 Mb.
#69256
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   181
Байланысты:
downloadPdfUmkd

 
1940-1960  жылдардағы  Қазақстандағы  білім  беру.
 
1941  жылы  фашистік 
Германия  Кеңестер  Одағына  соғыс  ашты.  1940-1942  оқу  жылдары  қазақша 
орталау  мектептердің  жанынан  250  интернат  ашылды.  Онда  29  мыңға  жуық 
бала тәрбиеленді. Олардың арасында сол кезде қиян-кескі соғыс жүріп жатқан 
еліміздің  батыс  аудандарынан  көшірілгендер  де  аз  емес  еді.  1943  жылдан 
бастап  өндіріске  араласқан  жастар  үшін  жұмысшы  жастардың  жетіжылдық 
және  орта  мектептері  ашылды.  Соғыс  кезіндегі  жағдайдың  өзінде  де  оқуды 
қоғамдық  еңбекпен  байланыстыру  ісіне  ерекше  назар  аударыла  бастады.  8-10 
сыныптарға міндетті түрде тракторды, автомашинаны үйрену жүктелді. Ал 4-7 
сыныптарға  ауыл  шаруашылығының  қарапайым  негіздерін  және  қарапайым 
ауыл  шаруашылығы  мәшинелерін  үйрену  енгізілді.  Соғыс  уақытында  барлық 
мектептер  өз  жұмыстарын  әскери  кезеңге  сәйкес  қайта  құрды.  Көптеген 
мұғалімдер  мен  жоғары  сынып  оқушылары  майданға  аттанды.  Халықтың 
өмірінде  жас  ұрпақты  оқытуға  және  тәрбиелеуге  байланысты  әртүрлі 
қиындықтар пайда болды, мұғалімдер жетіспеді. 
1942-1944  жылдар  республика  мектептері  үшін  жетіжылдық  жалпыға  бірдей 
міндетті  білім  беру  заңын  жүзеге  асыру  туралы  балалар  мен  жасөспірімдерге 
қалаларда, жұмысшы поселкелерінде және жергілікті жерлерде білім беруде аса 
ауыр  кезең  болды.  Осындай  жағдайда  маусым  айында  КСР  Одағы  Халық 
комиссарлар  кеңесі  «1943-1944  оқу  жылында  облыстық,  өлкелік  қалаларда, 
одақты  және  автономиялық  республикалардың  орталықтарында  және  ірі 
өндірісті  қалалардағы  орта  және  орталау  мектептерде  ұлдар  мен  қыздарды 
бөлек  оқыту  туралы»  қаулы  қабылдады.  Бөлек  оқыту  соғыс  уақытындағы 
жағдайда  тәжірибедегі  іс-әрекетке  сай  оқушыларды  арнайы  дайындау 
мақсатымен ұлдар мен қыздардың денесінің даму ерекшелігін ескеруге қатысты 
болды.  Соғыс  кезеңінің  қиындығына  қарамастан  Қазақстан  үкіметі  халыққа 
білім  беру  мен  өскелең  ұрпақты  тәрбиелеуге  тұрақты  назар  аударып  отырды. 
Үкімет  1942  жылы  30  шілдеде  өкім  шығарып,  онда  мектеп  жасындағы 
балалардың  бәрін  мектепке  тарту  және  мектеп  ғимараттарын  дұрыс 
пайдалануға  қатысты  шаралар  көрсетілді.  1943  жылғы  8  қыркүйектегі  КСРО 
ХКК-нің  қаулысымен  1944-1945  оқу  жылынан  7  жастан  бастап  балаларды 
бастауыш,  орталау,  орта  мектептерде  міндетті  түрде  оқыту  енгізілді.  «Жеті 
жастағы  балаларды  мектепке  қабылдау  туралы»  үкіметтің  шешімі  үлкен 
мемлекеттік және халықаралық маңызы бар акт болды. 1944 жылы «8 жас пен 
15 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді есепке алуды ұйымдастыру және 
жалпыға бірдей міндетті білім беру жөніндегі заңның орындалуын бақылаудың 
тәртібі  туралы»  міндетті  нұсқау  жарық  көрді.  Жаңа  нұсқауға  сәйкес,  әрбір 
бастауыш,  орталау  және  орта  мектеп  мектеп  жасындағы  балалардың  сауатын 
ашуды    қамту  бойынша    өзінің  учаскесі  болуы  тиіс.  Оның  орындалуын 
жергілікті  кеңестердің  атқару  комитеттері  бақылауға  алды.  Соғыс  жағдайы 
мектеп,  орта  және  жоғарғы  оқу  орындарының  жұмысында  үлкен  қиындықтар 


 
 
туғызды. Оқу орындары  ғимаратының  бір бөлігі  госпитальдарға берілді. 1940-
41  оқу  жылында  тарих,  жағрафия,  әдебиет,  дарвинизм  негіздері,  химия 
бойынша  мектеп  оқулықтары  дайындалып,  практика  жүзінде  тексерілді. 
Россияда  тұрақты  деңгейде  шыққан  оқулықтар  КСРО  халықтарының  ұлт 
тілдеріне  аударылды.  1941  жылы  оқушылардың  дене  тәрбиесін  жақсартуға 
ерекше  көңіл  бөлінді.  Мектептен  тыс  мекемелер  –  жас  техниктер  станциясы, 
пионерлер  үйі,  туристік  балалар  станциялары  үлкен  жұмыстар  жүргізді. 
Көркемөнер үйірмелері кең қанат жайды, әртүрлі драмалық үйірмелер, балалар 
студиясының  хоры  пайда  бола  бастады.  Осы  жылдарғы  ең  маңызды 
мәселелердің  бірі  мұғалімдерді  дайындау  және  олардың  мамандығын  арттыру 
мәселесі  болды.  Мұғалімдер  сырттай  білім  алу  жүйесіне  кеңінен  тартылды. 
Республиканың барлық облыстарында кәсіби дайындығын жетілдіру бойынша 
мұғалімдермен  әдістемелік жұмысты ұйымдастыру  мәселесі  үлкен маңызға ие 
болды. Халыққа білім беру органдары мәжілістер, конференциялар, мұғалімдер 
дайындайтын  және  қайта  дайындайтын  қысқа  курстар  жүргізу  бойынша 
белсенді жұмыс атқарды. Соғыстың қиын жылдары жоғарғы оқу орындарының 
саны қысқарып және соған сәйкес онда оқитын студенттердің саны да азайды. 
Елімізде  жоғарғы  оқу  орындарының  жүйесі  қысқарғанына  қарамастан  кейбір 
республикаларда  жаңа  жоғарғы  оқу  орындары  ұйымдастырылды.  Қазақстанда 
төрт  жоғарғы  оқу  орны  пайда  болды:  1943  жылы  Шымкентте  –  құрылыс 
материалдары  технологиялық  институты,  1944  жылы  –  Құрманғазы  атындағы 
Қазақ  Мемлекеттік  консерваториясы,  Қазақ  Мемлекеттік  дене  тәрбиесі 
институты,  республиканың  ауыл,  село  аудандарындағы  мектептер  үшін  қазақ 
қыздары  арасынан  педагог  кадрлар  дайындауға  арналған  Мемлекеттік  Қыздар 
педагогтік  институты  ашылды.  Республиканың  жоғары  оқу  орындарында  оқу 
және  ғылыми  жұмыс  сапасын  көтеруге  және  оның  нығаюына  Қазақстанға 
орталықтан  көшірілген  жоғарғы  оқу  орындарының  профессор-оқытушылар 
ұжымы  жоғары  деңгейде  ықпал  етті.  Қазақстанның  әртүрлі  қалаларына  8 
мыңнан  аса  студенті,  545  оқытушысы,  оның  ішінде  98  ғылым  докторы, 
профессоры,  210  ғылым  кандидаты,  доценті  бар  22  институт  көшірілді. 
Республика  астанасында  12  жоғары  оқу  орны  –  москвадан,  ленинградтан, 
киевтен,  воронежден  және  т.б.  орналасты.  Осы  жоғарғы  оқу  орындары 
қазақстандық  ғалымдарға,  сондай-ақ  жоғарғы  оқу  орындарына,  олардың  оқу-
өндірістік  үрдісіне,  ғылыми-зерттеу  және  саяси  тәрбиелік  жұмысына  жоғары 
деңгейде  көмек  көрсетті.  1945-1946  оқу  жылында  Қазақ  КСР-інде  24  жоғарғы 
оқу  орны  болып,  онда 15  мыңнан  астам  студент  оқыды. 1947  жылдың  аяғына 
қарай  елімізде  жоғары  оқу  орындарының  саны  соғысқа  дейінгі  кезеңге  жетті. 
1947-1950  жылдары  Қазақстанда  жаңадан  6  институт  ашылды.  1956  жылдары 
халыққа  білім  беру  саласында  үлкен  өзгерістер  болды.  Жалпыға  бірдей  7 
жылдық  оқу  орнына  8  жылдық  жалпыға  бірдей  міндетті  білім  беру  енгізілді. 
Жан-жақты  дамыған  және  сауатты  адамдарды  дайындауды  жоғары  деңгейде 
шешетін  жаңа  үлгідегі  мектеп-интернаттарды  ұйымдастыруға  кірісу  мақсатты 
мәселе деп танылды. Қазақстанда мектеп-интернаттарды құруға халыққа білім 


 
 
беру  органдары  1956  жылдың  наурызында  кірісті.  Шамамен  1700  адамға 
арналған  сегіз  жылдық  мектеп-интернаттарАқмола  облысының  Сандықтау 
ауданында,  Қарағанды  облысының  Қарағанды,  Долын  аудандарында, 
Талдықорғанның  Панфилов,  сондай-ақ  Ақтөбе,  Гурьев,  Семей,  Шымкент 
облыстарында  ашылды.  Олардың  барлығы  да  жұмыс  істеп  тұрған  мектептер 
базасында    ұйымдастырылды.  1956-1960  жылдары  оқушылар  арасында  оқу-
тәрбие  жұмысы  оның  шығармашылық  бастамада  жан-жақты  өркендетуіне 
бағытталды.  Мектептерде  тәрбие  жұмысының  бағдарламасын  жасау  бірнеше 
жылдар  бойы  жүргізілді.  1958  жылы  КСРО  Жоғарғы  Кеңесі  «Мектептің 
өмірмен  байланысын  нығайту  және  КСРО-дағы  халыққа  білім  беру  жүйесін 
одан әрі қарай өркендету туралы» заңды қабылдады. Ол заң еліміздегі жалпыға 
бірдей міндетті 8 жылдық білімді бекітті. 1950-1960 жылдары мектепке дейінгі 
балалар  мекемелерінің  саны  күрт  өсті.  Балалар  бақшасы  ұжымшарларда, 
кеңшарларда  құрылды.  Бұл  кезеңде  мектепке  дейінгі  мекемелердің 
материалдық  базасы  әлдеқайда  нығайды,  тәрбие  жұмысында  жақсы  жағынан 
өзгерістер  болды,  мектепке  дейінгі  балалар  мекемелері  қызметкерлерінің  
білімділігін    арттыру  бойынша  шаралар  қабылданды.  60-ыншы  жылдарғы 
мектепке  дейінгі  мекемелердің  негізгі  түрі  «Бала  бақша»  болды.  Онда  бала-
бақша  мен  мектепке  дейінгі  жас  аралығындағы  тәрбие  үрдісінің  бірлігін 
қамтамасыз ету міндеті қойылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет