1917-1940 жылдар аралығындағы Кеңестік педагогиканың қалыптасуы мен дамуы. Кеңестік педагогиканың негізін қалаған халық ағарту ісінің көрнекті
қайраткерлері – Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, М.Н.Покровский және
басқалары болды. Кеңес педагогикасында алғашқы жылдары тәрбиенің жалпы
мақсаты тұжырымдалды. Тәрбиенің мәнін жаңаша тұжырымдау «Бірыңғай
еңбек мектебінің негізгі қағидалары» атты декларацияда анық та айқын көрініс
тапты. Декларация революцияға дейінгі мектептерге тән тәрбиенің
милитаристік және ұлтшылдық бағыттарын қатты сынға алды. Кеңестік
педагогика өнерлі баланың танымдық қабілеттіліктерін дамытудың, рухани
бейнесін қалыптастырудың, жоғары идеал мен дүниеге эстетикалық
қатынастардың ең күшті құралы ретінде жоғары бағалады.
Кеңес педагогикасын дамытуда Павел Петрович Блонский ерекше орын
алды. Ол «Педагогика» (1922) және «Педагогика негіздері» (1925) оқулықтарын
жазды. Осы жылдары А.П.Пинкевичтің «Педагогика» оқулығы жарық көрді.
Бұл еңбектің авторлары ескі педагогикалық мұраны қайта қарауға және тәрбие
мен білім беру мәселелерін жаңаша шешуге талпынды. Кеңестік дидактиканың
негіздерін қалауда Н.К.Крупскаяның еңбегі ерекше болды. Ол тек қана
педагогиканың бұл саласының жалпы мәселелерін қарастырып қана қойған
жоқ, сонымен қатар жеке әдістеме мәселелерін, әрбір оқу пәнінің білімдік және
тәрбиелік мәнін қарастырды.
- 20-жылдары өзінің жан-жақты педагогикалық және ғылыми қызметімен
белгілі болған кеңес педагогикасының көрнекті өкілі Станислав Теофилович Шацкий. Шацкий еңбек тәрбиесіне, оқытуды еңбекпен, қоғамдық пайдалы
еңбекпен ұштастыруға ерекше мән берді. 1932 жылы техникумдар үшін
«Педагогика»
оқулығы
(редакциясын
басқарған