Жаңашыл-мұғалімдер
–
В.Ф.Шаталов,
Ш.А.Амонашвили,
С.Н.
Лысенкова, И.П.Иванов, Т.И.Гончарова, Г.И.Ильин және т.б.
2.Жоғары мектептің дамуы және қазақстандық ғалымдардың қосқан үлесі
Жоғары оқу орындары - экономиканың, ғылым мен мәдениеттің түрлі
салалары үшін жоғары білімді мамандар, ғылыми және педагог мамандар
даярлайтын, жоғары білімді мамандар даярлау ісін жетілдіруге бағытталған
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы,
мәдениет және басқа да салаларда еңбек ететін мамандардың біліктілігін
жетілдіретін оқу орындары. Жоғары оқу орындарына академиялар,
университеттер, институттар жатады. Сонымен қатар бұлардан тыс түрлі
әскери, діни жоғары оқу орындары бар. Олардың кейбіреулері жартылай
мемлекеттік, кейбіреулері толығымен мемлекеттік және жекеменшік түрінде
қызмет атқарады. Әлемдегі кез келген мемлекет секілді Қазақ мемлекетінің де
қалыптасу тарихын зерттеушілер оның мәдениеті мен біліміне қатысты әр
түрлі пікірлер айтуда. Алайда олардың барлығы бір нәрсеге келгенде ортақ
пікірде, олқазіргі Қазақстан мемлекеті орналасқан мекенде білім-ғылымның
ерте замандардан-ақ даму тапқандығы.
Ежелгі қазақ жерінде білім беру ісінің біршама сол заманға сай даму
тапқанын тасқа ойып жазылған «Йоллығтегін», «Орхон Енисей» және сол
тектес тас, қола, қыш және басқада бұйымдардағы жазулардан көруге
болады. Бір ғана Фараб деп аталатын елді мекеннен Әл-Фараби сынды он
бес ғалымның шыққаны да соны байқатады. Қожа Ахмет Йассауи, Махмұд
Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Өтейбойдақ Тілеуқабыл ұлы секілді басқа да
жазу ескерткіштер қалдырған ғұламалар да осының дәлелі. Қазақ жерінде
білім-ғылымның тарихын сақ дәуірімен байланыстыратын зерттеулер де бар.
Осылардың барлығы қазіргі қазақ жерінде өмір кешкен елдің жазуының
болғанына, демек оқытудың, қысқасы өркениеттің болғанына дәлел бола
алады. Тарихтан белгілі болғандай, қазақ халқының жері кең, үсті кұнарлы,
асты байлықка кенелуі себепті оған иелік етуді Шығыста, Қытай мен Моңғол,
батыста орыс армандады. Сол себепті ондағы халық ежелгі дәуірден бастап кең
байтақ өлкені сыртқы дұшпандардан қорғаумен, күреспен күн кешті, өмір
өткізді. Салдарынан ғылыми, оқу-мәдени орталықтарынан айырылып жалпы
көшпенділікпен өмір сүрді. Бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасып бір жағынан
қалмақтардан азат болса, екінші жағынан сол кездегі ең мықты заманауи қару -
жарақпен құралданған, ішкі-сыртқы саясаты мығым, ғылымға ертерек қол
жеткізген, және де озбыр саясатты басшылыққа алған ресей патша өкіметінің
қол астына кіруге мәжбүр болды.
Мәдениеті басқа, діні мен тілі бөлек халықты басқару үшін сол елден
шыққан бірақ өздеріне бағынышты білімді адамдар қажет болуы себепті
алдымен қазақ балаларын орыс қалаларына жіберіп оқытса, кейін келе
жергілікті орындарда оқыта бастады. Бұлай болуына бір жағынан сол кездегі
қазақ жерінен шыққан зиялы қауым да ықпал етті.
Қазақстандағы
қазан
төңкерісіне
дейінгі
Жоғары
оқу
орындары
ретінде Шымкент, Әулиеата, Түркістан, Акмешіт медреселерін атауға
болады. 1919-20 ж. Орынборда, Ордада, Семейде халық ағарту институттары
ашылды. Бұл институттар жоғары білімді мұғалімдер даярлауда зор рөл
атқарды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында жұмысшы және шаруа
жастарына жалпы орта білім беру және Жоғары оқу орындарына түсуге,
мүмкіндік туғызу мақсатында жұмысшы факультеттері (Рабфак) ашылды. 1921
ж. ашылған Орынбордағы жұмысшы факультетін С.Мұқанов, Ғ.М.Мүсірепов
тәрізді танымал жазушылар оқып тәмамдады. 1920 ж. қарашада Ташкентте
Түркістан мемлекеттік университеті (кейінгі Орта Азия университеті-САГУ)
құрылды. Сол кездегі Торғай жерінде, Орынборда т.б. қалаларда ашылған
алғашқы орыс қазақ мектептерін айтуға болады. XIX ғ. соңына таман барлық
мектеп медреселер жабылып қалды.
Ташкенттегі Орта Азия университеті Орта Азия мен Қазақстанға маман
кадрлар даярлаудың негізгі орталығы болды. Университет жанында қазақ
жастары үшін арнаулы даярлық бөлімі ашылды. Одан жүздеген қазақ
жастары білім алды. 1920 ж. Ордада Бөкей халық ағарту бөлімі, Бөкей ағарту
институтын құрды. Сондай-ақ осы жылдың күзінде Семейде халық ағарту
институты құрылса, 1921 ж. Орынборда Қазақ халық ағарту институты (кейін
Қызылордаға көшірілді) және Верныйда (Алматы) Қазақ ағарту институты
ашылды. 1926 ж. 2 шілдеде Ташкенттегі халық ағарту интституты Қазақ
педагогика институты болып қайта құрылды. Бұл институттың тұңғыш
директоры
Т.К.Жүргенов
болды.
Институттың
физика-математика,
жаратылыстану, әлеуметтік-экономика және лингвистика бөлімдері болды.
Төңкерістен кейін барлық қоғам мүшелері баладан бастап адамдарға дейін (8
жастан 50 жасқа дейінгі) оқуы тиіс болуы себепті мектептер ашылып, онда
сабақ беретін мұғалімдер даярлайтын курстар ұйымдастырылды. Сонымен
қазақ жеріндегі оқуордаларының даму кезеңдерін 1917- 1940, 1940-1960, 1961-
1970, 1970-1980, 1980-1990, 1990-2000, 2000-2010 жылдар деп кезеңдерге
шартты түрде бөлуге болады. Осы жылдар аралығында қазақ жерінде Абай
атындағы қазақ ұлттық педагогика университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты т.б.
жоғары оқу орындар пайда болды.
Тәуелсіз Қазақстандағы білім жүйесін қайта кұру және оның дамуы.
Қазақстан Республикасының «Конституциясы», «Білім туралы» Қазақстан
Республикасының Заңы (2010 ж)., Қазақстан Республикасында 2011-2020 жж
арналған білім беруді дамыту бағдарламасы-білім беру саласын реформалау
арқылы жаңа деңгейге көтеру көзделді. Бұлардың барлығы Мемлекетіміздің
2010 жылдан бастап Болон үрдістерінде қарастырылған реформаларды
қабылдауымен жүзеге асыруына байланысты болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |