ЕҰУ-да еуропалық жоғары оқу орындарымен тығыз ынтымақтасу
«Эрасмус Мундус» және «Темпус» сияқты Еуропалық Одақтың білім беру
бағдарламалары шеңберінде жүзеге асады. Бүгінгі таңда Л.Н. Гумилев
атындағы ЕҰУ отандық ЖОО арасында «Темпус» бағдарламасына қатысу
көрсеткіші жөнінен алдыңғы орынды иеленеді.
ТЕМПУС – Еуропа Одағының (ЕО) Шығыс Еуропа, Орта Азия, Батыс
Балкан және Жерорта теңізі аймағындағы серіктес-елдерде жоғары білім беруді
жетілдіру үрдістерін, көбінесе жоғары білім беру орындары арасындағы
ынтымақтастық жобаларын іске асыру арқылы қолдауға бағытталған
бағдарламаларының бірі.
2012 жылдың желтоқсанында Еуропалық комиссия тарапынан Орталық
Азия аймақтарына арналған ТЕМПУС IV жобасын қаржыландыруға байқау
жарияланған болатын. Күрделі байқау жобасы нәтижесінде Л.Н. Гумилев
атындағы ЕҰУ Еуропалық комиссия тарапынан қаржыландыруға іріктелінді.
Жобаның жалпы бюджеті 1 300 000 еуроны құрайды, жобаның бас
үйлестірушісі Барселонаның Автономды Университеті (Испания) болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: