Жоғары мектеп педагогикасының пәні – жоғары оқу орнындағы
педагогикалық жүйе мен педагогикалық іс-әрекет.Жоғары білімді дамытудың
негізгі бағыты қазіргі заман талаптарына сай, ғылыми зерттеу жұмыстардың
нақты өмір барысында экономикалық бәсекелестік жағдайында ене алатын,
ақпараттық және жаңа технологиялармен жетілген болуын қамтамасыз ету.
Жоғары мектеп педагогикасының пәні: Студенттерді оқыту мен
тәрбиелеу үдерісі; Болашақ мамандарды даярлау заңдылықтары; Жоғары оқу
орнындағы оқу-тәрбиелеу үдерісінің заңдылықтары, жоғары білім алудағы
арнайы проблемалар; Оқу-тәрбиелеу үдерісін тиімді ұйымдастыра білуге
қажет ЖОО-ның педагогикалық үдерісі мен оның заңдылықтары; Жоғарғы
мектептегі кері байланыс.