Жоғары мектеп педагогикасының міндеттері:
- жоғары оқу орындарына дейінгі мекемелерге кәсіби бағдар беру, орта
педагогикалық білім, жоғары педагогикалық білім, ЖОО- дан кейінгі білімді
дамыту секілді үздіксіз педагогикалық білім тұжырымдамасының негізін жасау;
- әp типтегі оқу орындарында мұғалімдерді кәсіби даярлау мәселелерін
зерттеу арқылы оның теориясы мен әдістемесін жасау,
Студент жастарды танып-білу, болашақ мұғалім тұлғасын тәрбиелеу
үрдісінің маңызы мен заңдылықтарын зерттеп, сол негізде әдістемелік
ұсыныстар беру;
- оқу үрдісінің мазмұны, заңдылықтарын, олардың түрлерін, жаңа
технологияларды танып- білу негізінде әдістемелік ұсыныстар беру;
- XXІ ғасыр мұғалімінің моделін жасап ғылыми теориялық негіздеу;
- студенттің өзін басқаруын дамыту мен болашақ мұғалімдерді кәсіби
даярлау мен тәрбиелеуге қоғамдық ұйымдардың ықпалын зерттеу, танып
білу;
- жоғары оқу орындарының профессорлық- ұстаздық құрамының іс-
әрекетін зерттеп авторлық әдістер мен технологияларын талдап нәтижелерін
жоғары мектеп ұстаздарына қойылатын талаптарды жасауда пайдалану;
- жоғары оқу орындарының оқу тәрбие үрдісін басқару мәселелерін
танып- білу, басқару кұрылымының тиімді формалары, әдістерін анықтау
Достарыңызбен бөлісу: |