Эдвайзерлердің
басты
мақсаты
жастардың
тұлғалық
дамуының
үйлесімділігін қалыптастыру, студенттерді азаматтық белсенділікке тәрбиелеу,
білім алушылардың мамандықтың жұмыс оқу жоспары аясында білім алу
траекториясының таңдамалығы негізінде өзін-өзі қалыптастыру және өзін-өзі
көрсету қабілеттерін дамыту.
Эдвайзерлердің негізгі міндеті оқу тобында тәрбие жұмысын ұйымдастыру,
өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және студенттерді университеттің қоғамдық
және шығармашылық өміріне біртіндеп тарту; оқу траекториясын таңдауға
(жеке оқу жоспарын құрастыру) ықпал ету және білім алу кезеңі барысында
білім алу бағдарламаларын меңгерту болып табылады.
Эдвайзерлердің қызметі (қызметтік міндеттері)
1. Топ белсенділерін (активін) қалыптастыруға және студенттік топ пен топ
белсенділері арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастың орнауына; топтық
ұйымшылдыққа, ынтымақтастыққа; қоғамдық ұйымдар және факультет
әкімшілігі, топ арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуге ықпал етеді.
2. Топ белсенділерімен бірлесе отырып, студенттік топтың оқу жылындағы
мақсаттары мен міндеттерін анықтайды. Университеттің оқу-тәрбие
жұмысының жоспарына сәйкес тәрбие жұмысының үзіліссіздігін және
сабақтастығын, мақсатын сақтай отырып оқу жылының жоспарын
қалыптастырады.
3. Топ жұмысы жоспарының орындалуын қадағалайды, топ белсенділерінің
қызметін үйлестіреді және университет, факультет әкімшілігі және студенттік
топ арасында байланыс орнатушы негізгі тұлға болып табылады. Ол
студенттердің университет пен қоғам өміріне қатысуын жандандыру үшін
қоғамдық ұйымдармен ұдайы байланыста болады.
4.
Т
оп студенттеріне оқу-тәрбие үдерісіне қатысты ректордың, деканның
бұйрықтары мен өкімдері туралы ақпарат береді. Студенттерді ішкі тәртіп
ережелерімен,
университет
Жарғысымен
және
ұйымдастырушылық
құрылымдармен таныстырады. Университетте және факультетте өткізілетін
байқаулар, конференциялар, жарыстар, олимпиадалар туралы хабар береді.
Университеттегі және факультеттегі топтар мен студенттердің жұмысының
үздік тәжірибесін насихаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |