3. Оқыту процесінің заңдылықтары мен принциптері.
Оқыту заңдылықтарында оқыту процесінде объективті, мәнді, қажетті,
қайталанатын байланыстар бейнеленеді. Құбылыстар мен процестер
арасындағы объектілі, маңызды, қажетті, жалпы, берік белгілі жағдайда
қайталанатын өзара байланыс заңдылық деп аталады. Өзара байланысы бар
объектілер байланыстың түрі, сипаты, қызмет аясы анықталған кезде
заңдылықты заң деп түсінеміз.
Оқытудың жалпы заңдылықтары:
- оқыту мақсаты,
- оқыту мазмұны,
- оқыту сапасы;
- оқыту әдістері;
- оқытуды басқару;
- оқытуды белсендендіру.
Оқытудың жеке заңдылықтары:
- жеке дидактикалық (оқыту нәтижелері қолданылатын әдістер,
құралдар мен оқытушының кәсіби біліктілігіне және т.б. байланысты);
- гносеологиялық
(оқыту
нәтижесі
студенттің
танымдық
белсенділігіне байланысты);
- психологиялық (оқыту нәтижесі әр студенттің қабылдау меңгеру
деңгейіне байланысты);
- әлеуметтік (индивидтің дамуы, оның басқа да индивидтердің
қарым-қатынасына байланысты);
- ұйымдастырушылық (оқыту нәтижесі, оны ұйымдастырушының
студенттерді қызықтыра алуына, белсендендіруіне байланысты);
Оқыту принциптері дегеніміз – оқыту процесін ұымдастыруға қойылатын
талаптар, мұғалім өз іс-әрекетінде басшылықа алатын негізігі ережелер.
Достарыңызбен бөлісу: |