Оқыту әдістері дегеніміз – оқытудың мақсат- міндеттеріне сай оның
мазмұнын студенттерге меңгертуде оқытушы мен студенттердің қолданатын
амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады.
Ғылыми
педагогикалық
әдебиеттерде
топтастырудың
(классификациялаудың) жиырмадан астам түрі бар.
1. Оқушылардың таным белсенділігіне қарай (М.Н.Скаткин, И.Я.Ларнер): - түсіндірмелі хабарлау әдісі;
- репродуктивтік әдіс;
- проблемалық баяндау әдісі;
- эвристикалық(шығармашылық) әдіс.
2. Оқытудың мақсаттары мен құралдарына қарай (М.А.Данилов, Б.П.Есипов, Т.А.Ильина): - жаңа білім беру әдісі;
- біліктер мен дағдыларды қалыптастыру әдісі;
- техникалық құралдармен жұмыс істеу әдісі;
- өзіндік жұмыс істеу әдісі;
- білімді тексеру әдісі;
- праблемалық, программаланған оқыту әдісі.