Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Тәрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі


Тәрбие жұмыстарын жоспарлау технологиясы және әдістемесі



бет7/30
Дата19.04.2023
өлшемі115,23 Kb.
#174923
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30
Байланысты:
Д ріс тезистері № апта Д ріс та ырыбы ж не тезистер Са ат к лемі (1)

Тәрбие жұмыстарын жоспарлау технологиясы және әдістемесі Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Тәрбие жұмыстарын жоспарлау – оқушылар тұлғасы мен балалар ұжымын дамытуды болжау үдерісі және сынып пен мектептегі тәрбие жұмыстарының стратегиясын анықтау.
2. Жоспарлауға қойылатын талаптар және жоспарлаудың түрлері.
3. Сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлаудың формалары, әдістері мен тәсілдері.
Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары – міндетті педагогикалық құжат. Жоспар оқушылар ұжымының қалыпты дамуына мақсатты және жүйелі түрде ықпал етеді, тәрбие міндеттерін дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. Тәрбие қиын да күрделі процесс. Жоспар болмаған жағдайда тәрбие процесінде көп қиындықтар туындайды.
Жоспар – тәрбие жұмысының айнасы. Ол сынып жетекшісі мен оқушылар ұжымының бірлесе атқаратын жұмысын айқындайды. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарындағы оның мақсат – міндеттері және мазмұнымен танысу барысында, белгілі бір сыныптағы оқушылардың тәрбиелік деңгейінің сапасын, адамгершілік қасиеттерін қызығушылығы мен жеке бастарының кемшілігін т.б. қасиеттерін байқауға болады. Ол үшін тәрбие жоспары объективтік тұрғыда сыныптағы оқушылардың нақтылы жағдайларын ескере отырып жасалуы тиіс. Сонда ғана мектеп оқушыларын тәрбиелеу қоғамның талабына сай нәтижелі жүргізіледі.
Жоспар – ұжымдық еңбектің жемісі. Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлау барысында, оған оқушыларды қатыстыруы міндетті.
Сынып жетекшісі мектептегі оқу тәрбие үрдісін жоспарлау барысында оқушылармен қарым қатынас орнатпаған жағдайда, тәрбие жоспарындағы атқарылатын шаралар оқушыларды қызықтырмауы мүмкін, нәтижесінде ынтымағы жарасқан, белсенді, жауапкершілігі мол оқушылар ұжымын құруға кері әсерін тигізеді. Мектеп жағдайында мұндай көрініс көптеп кездеседі. Тәрбие жоспары – сынып жетекшісінің шығармашылық лабораториясы. Олай дейтініміз, жоспар бір күннің немесе бір оқу жылының нәтижесі емес. Бала тәрбиесі қиын болса, оны қоғамның, жеке тұлғаның талабымен ұштастыра құру одан да қиындық туғызады. Мұндай жағдайда сынып жетекшісінен ерінбей, талмай ұзақ мерзімді зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.
Жоспар жарты жылға немесе тоқсанға арнап жасалады. Тәжірибелі сынып жетекшісі тоқсандық жоспардан, айлық және апталық жоспар құрып алады. Бұлай жұмыс жасау жоспардың икемділігі мен тиімділігін арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет