Байланысты: Д ріс тезистері № апта Д ріс та ырыбы ж не тезистер Са ат к лемі (1)
Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс – әрекетінің жүйесі Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Қазіргі заманғы мектептің тәрбие жұмысының жүйесі.
2. Тәрбие жұмысының мақсаты, міндеттері, атқаратын қызметтері.
3. Сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері мен іс – әрекеттерінің түрлері.
Мектептің тәрбие жүйесінің негізгі құрылымдық элементі – сынып. Тек осында ғана танымдық іс – әрекеттер ұйымдастырылады, оқушылар арасындағы әлеуметтік қарым – қатынас қалыптасады. Мектептің өзін – өзі басқару органдарындағы өкілдік қызметттер көп жағдайда сынып атынан жүзеге асырылады. Сыныпта оқушыларды әлеуметтік қорғау үшін қамқорлық жасалады, балалардың бос уақытын өткізу, ұжымда атқарылатын жұмыстарды ұйымдастыру проблемалары шешіледі. Бір – біріне үйлескен эмоционалдық атфосфера қалыптасады.
Оқушылардың сыныптағы іс – әрекеттерін ұйымдастырушы, оқушыларға тәрбиелік тұрғыда ықпал етуді үйлестіруші сынып жетекшісі болып табылады.
Сынып жетекшілері институты ертеректе оқу орындарының пайда болуымен қатар қалыптасты. Ресейде 1917 жылы педагогтар сынып жетекшісі деп аталды. Олардың құқығы мен міндеттері кез келген міндеттің іс – әрекетіндегі негізгі құжат болып табылатын оқу орындарының жарғысымен анықталады. Сынып жетекшісі, тәрбиешісі өзіне тапсырылған ұжымның өмірлік оқиғаларына терең араласуға, ондағы өзара қарым – қатынасты бақылау жасауға, балалардың арасындағы дұрыс қарым – қатынасты қалыптастыруға міндетті болды.
Сынып жетекшісі қызметі мектепте 1934 жылы енгізілген. Белгілі бір сыныптағы тәрбие жұмысы ерекше жауапкершілік жүктелетін мұғалім сынып жетекшісі болып тағайындалады. Сынып жетекшісінің міндеттемелері негізгі сабақ беру жұмыстарына қосымша ретінде қарастырылады. Сынып жетекшісінің қызметтік статусын көп жағдайда оның жұмысының міндеттері, мазмұны және формалары анықтайды. Сондықтан сынып тәрбиешісі әрбір оқушымен мақсатты бағытталған жұмыс жүргізу, балаларды дамытудың жеке бағдарламасын жеке жұмыстар жүргізу негізгі жұмыстарының бірі болып саналады.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты – мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымының қалыптасуының, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан – жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл – ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру.